Об областной комиссии по государственным символам при акиме области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия туралы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы Конституциялық заң күші бар № 2797 Жарлығына, "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы № 1131 қаулысына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 21)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихаттың бекітуіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 377 қаулысымен бекітілген Облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия (бұдан әрі Комиссия) мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24-қаңтардағы № 2797 Конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастыру және оларды қолдану іс-тәжірибесін қорыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консультациялық кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
3. Облыстың әкімі лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) халықтың арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына құрмет қатынастарын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік стильді қалыптастыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық белгілерді жасау және енгізу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 4. 3. Комиссияның өкілеттілігі
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 3. Комиссияның өкілеттілігі
Тармақ 5
5. Осы ережемен анықталған міндеттерді іске асыру үшін Комиссия:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік нышандары насихаттау және қолдану жөніндегі мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық белгілерді жасаудың және енгізудің әлемдік тәжірибесін зерделейді және Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) облыстың аумағында ресми іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік нышандардың қолданудың рәсімдік ережелерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нышандарды насихаттау және мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуге бастамашылық жасайды;
Тармақша 5
5) геральдикалық белгілер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтініштерін қарайды;
Тармақша 7
7) Комиссия өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 6
6. Комиссия:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шеңберінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажетті ақпаратты және өзге де материалдар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) өздерінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардың өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін орындау жөнінде жүргізетін жұмыстары туралы тыңдауға;
Тармақша 3
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін өкілетті мемлекеттік органдардың тексеру жүргізуіне бастамашылық жасауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегінде және сол қаражат есебінен мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану мәселелері жөнінде кең ауқымды акциялар, семинарлар, "дөңгелек үстелдер", мәжілістер өткізуге;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияға, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге Комиссия қызметінің нәтижесі болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
Тармақша 6. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6) Комиссия құзыретіне жататын сараптамалық талдау зерттеулерін жүргізу үшін сараптама кеңесін құруға құқылы. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 8
8. Комиссия жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия төрағасын Комиссияның қызметі туралы тұрақты түрде хабардар етеді және оған мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Комиссияның сараптама кеңесінің құрамын бекітеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелері арасында тапсырмаларды бөледі;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, өзінің атына келіп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
Тармақша 6
6) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
Тармақша 7
7) Комиссияның жұмысын жетілдіру және оның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын қарайды;
Тармақша 8
8) Комиссия отырыстарының күн тәртібін анықтайды.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасының орынбасары:
Тармақша 1
1) Төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Комиссияның ағымдағы және келешектегі жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекітуге енгізеді;
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарын дайындау үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасының келісімімен Комиссия хатшысына немесе мүшелеріне Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтініштерін қарауға жібереді;
Тармақша 5
5) осы ережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Тармақ 11
11. Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің директоры лауазымы бойынша Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асыратын Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссияның мүшелері:
Тармақша 1
1) халық арасында мемлекеттік нышандарға құрмет қатынастарын қалыптастыруға жәрдемдеседі, бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және қаражат есебінен насихаттауға қатысады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарына қатысады;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 4
4) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар, сараптама қорытындыларын дайындауға қатысады;
Тармақша 5
5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия отырыстарына қажетті материалдар алады;
Тармақша 6
6) Комиссияның ағымдағы және келешектегі жұмыстарын жоспарлауға қатысады;
Тармақша 7
7) жазбаша түрде баяндалатын және хаттамаға берілетін ерекше пікірге құқығы бар.
Тармақ 13
13. Комиссияның жұмыс органы Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті болып табылады: Жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерінен қалыптасатын сараптама кеңесінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау мәселелері қарауына жататын облыс әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларына әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өңдеуді, мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау іс-тәжірибесін талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсіндіреді және жолдайды;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік нышандарды насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметін жариялау жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз өкілеттіктері шегінде өтінім білдірушілерге олар енгізген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
Тармақша 7
7) Комиссия отырыстарына материалдарды, Комиссияның ағымдағы және келешектегі жұмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Комиссия мүшелерінің Комиссия жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қорытады;
Тармақша 9
9) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделі ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;
Тармақша 10
10) Іс жүргізуге жауап береді, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарын қажеттігіне қарай, жылына кемінде екі рет Төраға шақырады.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысы, егер оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса заңды деп саналады.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімдерді ұсынымдық сипатқа ие. Қажет болған жағдайда олар Комиссия Төрағасының облыс әкімінің өкімімен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Шешімдер оның отырысына қатысушылар санының кемінде үштен екісінің дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссия отырысына төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Аппарат басшысы