О создании Совета по связям с религиозными объединениями при акимате Зерендинского района Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы «Діни бірлестіктермен байланыс Кеңесін құру туралы» № 683 қаулысына сәйкес, сонымен қатар Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 тамыздағы № а-8/212 қаулысын орындау үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан діни бірлестіктермен байланыс Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданы әкімшілігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс Кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс Кеңесі туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы орган болып аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі анықталсын.
Тармақ 5
5. Зеренді ауданы әкімінің 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 41 «Зеренді ауданы әкімінің жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облысының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары Е.Б.Нұғымановқа жүктелсін.
Басқа 8. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы, бірлестіктермен байланыс кеңесінің ҚҰРАМЫ
Ауданы әкімдігінің 2002 ж. «18» 02 № 33 қаулысына қосымша Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы, бірлестіктермен байланыс кеңесінің ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Нұғыманов Ермек Бекенұлы - аудан әкімінің-орынбасары, Кеңес төрағасы;
Тармақ 2
2. Күсесова Мария Асқарқызы - аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары;
Тармақ 3
3. Боқанова Эльмира Асқарқызы- аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлмінің жетекші маманы, Кеңес хатшысы; Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Мұхамбеталина Райхан Айдарбекқызы - білім бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы
Тармақ 5
5. Баймырзин Болат Рамазанұлы - ішкі істер бөлімінің бастығы;
Тармақ 6
6. Кушко Валентин Николаевич - аудандық газеттің редакторы;
Тармақ 7
7. Кенжебаев Сейілбек Әміржанұлы - Зеренді селолық округі әкімінің міндетін атқарушы;
Тармақ 8
8. Степченко Григорий Илларионович - Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы;
Тармақ 9
9. Тұяқбаев Бақтығали Әскербайұлы - Зеренді ауданы бойынша өкілетті имам (келісім бойынша);
Тармақ 10
10. Катин Вячеслав Юрьевич - Архистратиги Михайлдың орыс православие шіркеуінің иерейі.
Басқа 19
2 Қосымша БЕКІТІЛДІ Зеренді ауданы әкімдігінің 2002 ж. «18» 02 № 33 қаулысымен Зеренді ауданы әкімінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жасау кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс кеңесі (бұдан былай - Кеңес) аудан әкімдігінің жанындағы кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қызмет барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылық етеді.
Тармақ 3
3. Кеңес қызметін мемлекеттік органдармен, діни және басқа қоғамдық бірлестіктермен, сонымен қатар облыстық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңестің шешімі ұсыныс түрінде шығарылады.
Тарау 2. 2. Кеңестің міндеттері мен қызметтері
2. Кеңестің міндеттері мен қызметтері
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) аудандағы діни ахуалды және оның даму тенденциясын жан-жақты, дұрыс зерделеу, қорыту, талдау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына аудандағы діни ахуал туралы ақпарат беру және діни сенім бостандығы туралы заңдар жиынтығын сақтау;
Тармақша 3
3) діни бірлестіктер арасында өзара түсіністік пен шыдамдылықты нығайту және оларға Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес кеңестік көмек көрсету;
Тармақ 6
6. Жүктелген міндеттерге сәйкес Кеңес заңдар жиынтығымен белгіленген тәртіппен мынадай қызмет атқарады:
Тармақша 1
1) аудан аумағында құрылған діни бірлестіктердің және шетелдік миссионерлердің қызметін зерделейді;
Тармақша 2
2) ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету көлеміндегі мемлекеттік саясат мәселелері бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізді;
Тармақша 4
4) басқа аудандардың сәйкесінше органдарымен байланыста болады.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысының қызметін және тәртібін ұйымдастыру.
3. Кеңес жұмысының қызметін және тәртібін ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Кеңесті аудан әкімі орынбасарларының біреуі басқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес отырысы үш айда бір реттен жиі өткізілмейді. Кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының бастамасы бойынша немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.
Тармақ 9
9. Кеңес отырысы тек Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірі қатысқан жағдайда құқылы деп есептеледі. Кеңес шешімі отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының астам дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болса төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 10
10. Мәселелерді, отырыстарды дайындау үшін Кеңес мүшелерінің біреуінің басшылығымен іс-әрекет ететін жұмысшы топ құра алады.
Тармақ 11
11. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңдар жиынтығымен белгіленген тәртіппен мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) құжаттар әзірлеуге заңдар жиынтығымен белгіленген тәртіппен ғылыми ұйымдарды, тәуелсіз сарапшылар мен мамандарды қатыстыруға;
Тармақша 2
2) Кеңес құзырының мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) Кеңес құзырына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
Тармақша 4
4) заңдар жиынтығына сәйкес басқа өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 12
12. Кеңес құрамы аудан мәслихатымен бекітіледі.
Тармақ 13
13. Кеңес жұмысын оның төрағасы басқарады. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның қызмет аясы төрағаның орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 14
14. Кеңес жетекші конфессия лидерлерінен ғалым дін оқытушыларынан, мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерінен, қоғам қайраткерлерінен құралады. Кеңес мүшелері қоғамдық бастамалар негізінде жұмыс істейді.
Тармақ 15
15. Кеңес қызметін ұйымдастырып, талдауды Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңдар жиынтығымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Кеңес қызметін ұйымдастыру ақпараттық талдау, әдістемелік жағынан қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Кеңес қарауына Кеңес отырысында қабылданып, оның төрағасымен бекітілетін жұмыс жоспары бойынша ұсыныс енгізеді;
Тармақша 3
3) Кеңес отырыстарының күн тәртіптерін құрады;
Тармақша 4
4) Кеңес отырыстарының жұмыстарын әзірлейді, Кеңес мүшелерінің өзара іс-әрекетін ұйымдастырады іс жүргізеді;
Тармақша 5
5) басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңес қызметін тоқтату тәртібі.
5. Кеңес қызметін тоқтату тәртібі.
Тармақ 17
17. Кеңес өз қызметін аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.