«Об общественно-экспертной комиссии по развитию малого предпринимательства при акимате Зерендинского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға байланысты қоғамдық-сараптау комиссиясы туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылдьщ 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 19 маусымдағы № 131-1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына, Ақмола облыстық әкімдігінің 2002 жылдың 08 сәуірдегі № а-4/44 «Ақмола облысы әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға байланысты қоғамдық-сараптау комиссиясы туралы» қаулысына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті дамытып, қолдау мақсатында аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанынан шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық-сараптау комиссия құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қоғамдық-сараптау комиссия ережесі (2-қосымша) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға байланысты қоғамдық-сараптау комиссиясының құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Нұғымановқа жүктелсін.
Басқа 6. Зеренді ауданы әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға байланысты қоғамдық-сараптау комиссиясының құрамы
Зеренді ауданы әкімдігінің
2004 жылдың «18» ақпан
№ 34 «Зеренді аудандық
әкімдігі жанындағы шағын
кәсіпкерлікті дамытуға
байланысты қоғамдық-сараптау
комиссиясы туралы
қаулысына 1-қосымша
Зеренді ауданы әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға байланысты қоғамдық-сараптау комиссиясының құрамы
Тармақ 1
1. Ермек Бекенұлы Нұғыманов - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Татьяна Александровна Коробченко - экономика және шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы, хатшы;
Тармақ 3
3. Райхан Қасымқызы Ғабдуллина - экономика бөлімінің шағын кәсіпкерлік бойынша бас маманы;
Тармақ 4
4. Кентай Қүшайырүлы Хасенов - аудандық мәслихаттың хатшысы, депутат (келісім бойынша);
Тармақ 5
5. Берікжан Нұртайұлы Әбутәліпов - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 6
6. Майдан Наскенұлы Әлібеков - ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы;
Тармақ 7
7. Орынбасар Сыздыққызы Омарова - «Микрокредит» МЕҰ бөлімшесінің директоры (келісім бойынша)
Тармақ 8
8. Елубай Темірғалиұлы Темірғалиев – «Қадір» ЖШС директоры (келісім бойынша)
Тармақ 9
9.
Елена Савельевна Вайцель - жеке кәсіпкер (келісім бойынша)
Басқа 16
2-қосымша Зеренді ауданы әкімдігінің
2004 жылдың «18» ақпан № 34
«Зеренді аудандық әкімдігі жанындағы
шағын кәсіпкерлікті дамытуға
байланысты қоғамдық-сараптау
комиссиясы туралы»
қаулысымен бекітілді
Зеренді аудандық әкімдігі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға байланысты қоғамдық-сараптау комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамытуға байланысты комиссия (әрі қарай - Комиссия) - Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік - кеңесу ұйымы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 7-1 бабында көрсетілген шаралардың орындалуына ықпал ету.
Тармақ 4
4. Меншіктер мен активтерді заңдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақ 5
5. ауылдағы шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақ 6
6. кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының сындарлы бастамаларын қолдау, әрбір кәсіпкердің экономикалық дамыған мемлекет құрудағы және республика азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсенді өміршең ұстанымын насихаттау;
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органдарының кәсіпкерлік қызмет жөніндегі қаулылары мен өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын бастамашылықпен даярлау және қоғамдық сараптау;
Тармақ 8
8. Шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу.
Тарау 3. 3. Комиссияны қалыптастырудың тәртібі
3. Комиссияны қалыптастырудың тәртібі
Тармақ 9
9. Комиссияны Зеренді ауданы әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 10
10. Зеренді ауданы әкімі аппараты жанындағы экономика және шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Комиссияның хатшысы болады.
Тармақ 11
11. Комиссияның арнайы құрамы Комиссия хатшысының ұсынысы бойынша Зеренді аудандық мәслихатының сессиясында бекітіледі.
Тармақ 12
12. Комиссияның жұмысшы органының міндеттері Зеренді ауданы әкімі аппараты жанындағы экономика және шағын кәсіпкерлікті дамыту бөліміне жүктеледі.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімі қаралайым көпшілік ашық дауыс беру арқылы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданады. Тең дауыс беру жағдайы бола қалғанда төраға дауыс беруен шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Комиссия шешіміне Комиссияның төрағасы және хатшысы қол қояды.
Тармақ 15
15. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлерін айтуға құқы бар, егер оны білдіре қалған жағдайда жазбаша түрде ұсынылып, Комиссия мәжілісінің хаттамасына қосылады.
Тармақ 16
16. Комиссия хатшысы:
комиссия мәжілісінің күн тәртібіне байланысты ұсыныстар дайындайды;
комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етіп бақылайды.
комиссия мүшелерінің жұмысын және оның жұмысына қатысты мамандардың жұмыстарын үлестіреді;
Тарау 4. 4. Комиссия жұмысының негізгі бағыттары
4. Комиссия жұмысының негізгі бағыттары
Тармақ 17
17. Комиссия өзінің алдына қойған мақсаттарына сәйкес:
Тармақша 1
1) салалық, кәсіби, аумақтық одақтармен, шағын бизнес бірлестіктері мен ассоциацияларымен, басқа да кәсіпкерлік жүйелерімен бірлесе жұмыстар атқарады;
Тармақша 2
2) өкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ шағын бизнес саласында мемлекеттік саясатты жетілдіріп, келісілген шешімдерді қабылдайтын шағын кәсіпкерлікті қолдайтын басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыстар атқарады;
Тармақша 3
3) Департаменттермен, комитеттермен, басқармалармен және басқа да атқарушы органдардың аймақтық органдарымен бірлесе жұмыстар атқарады, оларға осы мақсатта комиссияның бірлескен отырыстарын ұйымдастырып, қатысты органдар мен ұйымдардың тиісті өкілдерін қатыстырып отырады;
Тармақша 4
4) заңнамаларда белгіленген тәртіпте шағын кәсіпкерлік өкілдерін Зеренді ауданы әкімінің шешімдерінің жобаларын дайындауға және шағын кәсіпорындарға, одақтарға, бірлестіктерге, шағын бизнес саласындағы кәсіпкерлік ассоциацияларға ұйымдастыру, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсетуге байланысты шараларды дайындауға тартады;
Тармақша 5
5) заңнамаларда белгіленген тәртіпте шағын кәсіпкерлік мүдделеріне қатысты бастамашылық дайындықтар және нормативтік-құқыктық актілерінің жобаларына сараптамалар жүргізеді;
Тармақша 6
6) шағын кәсіпкерлікті дамытуға және колдауға байланысты республикалық, аумақтық және салалық бағдарламаларды дайындап, үйлестіріп таратуды қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 7
7) аймақтың актуальді әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаларды дайындауға, олардың таратылуына шағын кәсіпкерлік субьектілерін және олардың бірлестіктерін, одақтары мен ассоциацияларын қатыстырады.
Тармақша 8
8) шағын кәсіпкерлік саласындағы жобалар мен бағдарламаларға сараптаулар жүргізіп және оларды қаржыландыруға, таратуға ұсынады.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Комиссия өз қызметін жүргізу үшін:
- заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша комиссия өз жұмысы үшін сарапшыларды, кеңесшілерді, ғалымдар қатарынан, беделді өкілдерді, басқару органдарының өкілдерін және басқа да мамандарды қатыстырады;
- уақытша және үнемі жұмыс істейтін сараптау және жұмысшы тобын ұйымдастырады;
- заңнамаларда белгіленген тәртіпте атқарушы үкімет органдарынан қажетті ақпараттық, аналитикалық, анықтамалық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерді алады;
Тармақ 19
19. Өзінің жұмысын реттейтін ішкі құжаттарын комиссия өзі қабылдай алады;
Тармақ 20
20. Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмыс тобы Комиссия шешімін орындап, Комиссия төрағасының нұсқаулары мен өкімдерінің негізінде өздерінің іс-әрекеттерін жүргізеді.
Тармақ 21
21. Комиссия мәжілісі қажеттікке қарай, ең кем дегенде әр тоқсан сайын Комиссия төрағасының шақыртуымен шақырылады.