Бір жолғы алым талонының төлем ақысын бекіту жөнінде Күшін жойған
Басқа 0
«Бір жолғы алым талонының төлем ақысын бекіту жөнінде»
12 маусым 2001 жылғы № 209-II «Салық және бюджетке төленетін, басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (салық кодексінін) 373 бабының 2-ші тармағына сәйкес Нұра аудандық Мәслихаты шешім етеді:
Тармақ 1
Салық комитеті жүргізген орташа күндік хронометраждық бақылаулар және зерттеулер негізінде эпизодиялық сипаттағы, сондай-ақ нарықта жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметінің 4 түрі бойынша бір жолғы алым талондарының төлем ақысы № 1 және № 2 қосымшалармен бірге бекітілсін.
Салық комитеті (Т.Ш.Күлмағамбетов) осы бекітілген бір жолғы алым талондарының төлем ақысын жеке кәсіпкерлерге жаппай түсіндіру жөнінде жұмыс жасасын.
Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика комитетінің төрайымы М. Мұхамеджановаға және аудандық Мәслихаттың экономикалық реформа жөніндегі тұрақты комиссиясына (Г. Прокоп) жүктелсін.
Бір жолғы алым талонының төлем ақысын бекіту жөніндегі Нұра аудандық Мәслихаты XXIV сессиясының 24.04.2003 ж шешімінің күші жойылсын.
Басқа 1
Аудандық Мәслихаттың
2004ж. қаңтардағы V сессиясының
«Бір жолғы алым талонының төлем
ақысын бекіту жөнінде» № 39 шешімі
бойынша №1 қосымшасы бекітілген.
№
Бір жолғы алым талоны негізіндегі кәсіпкерлік әрекеттің түрлері
Бір жолғы алым талонының құны, (АЕК-не % бойынша)
1
Өткізу (стационарлық орындарда өкізуден басқа):
1. Газеттер мен журналдарды
7
2. Тұқымдар және басқадай отырғызылатын дәнектерді (бұталар, көшеттер)
10
3. Бақша дақылдарын
13
4. Саяжай мен үй маңында өсірілген гүлдерді
10
5. Қосалқы шаруашылықта, бау-бақшада, саябақта өсірілген азық-түлікті өткізу
4
2
Автокөліктерді екінші жерге айдап-әкелу қызметі:
1. Таяу шетелдерден
129
2. Алыс шетелдерден
129
3
Жеке тракторлар иелерінің жер участкелерін жырту қызметтері:
24
4
Жеңіл және жүк автокөліктер иелерінің жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қызметтері (лицензиялық ласымалдан басқасы):
23
Басқа 2
Аудандық Мәслихаттың
2004ж. қаңтардағы V сессиясының
«Бір жолғы алым талонының төлем
ақысын бекіту жөнінде» № 39 шешімі
бойынша №2 қосымшасы бекітілген.
Базардың аты
Мамандандыру
Сауда орнының түрі
Сауда орнының көлемі
Жинақ мөлшері АЕК-наң % бойынша
Нұра ауданының
Азық-түлік
Сөре
3
2
Етке арнайы жабдықталған сөре
3
2
Сүт
2
2
Өндірістік
Сөре
2,8
2
Қолдан
1,5
2