Об утверждении Правил проведения квалификационных экзаменов в области здравоохранения Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіби медициналық, дәрігерлік немесе фармацевтикалық қызметке дайындығын айқындау мақсатында бұйырамын :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қаңтарда N 2120 тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2003 жылғы 25 қаңтардағы N 4 (109) жарияланған "Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 1071 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық шыққанға дейін берілген біліктілік санаттары берілгені туралы куәліктер маман сертификатына теңестірілген деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Айдархановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі
"Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және медициналық және фармацевтикалық білімді адамдарға санат беруге біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Біліктілік емтиханы жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Санат бермейтін алғашқы біліктілік емтиханы интернатурада, ординатурада, аспирантурада оқуын аяқтағаннан кейін, ал орта буын медицина және фармацевтика қызметкерлеріне колледжде оқуын бітіргеннен кейін өткізіледі.
Тармақ 4
4. Біліктілік емтихандары әр бес жыл сайын өткізіледі. денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша бейіндік мемлекеттік органның ұсынысы негізінде маманды жедел біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуге болады. Тиісті маман сертификаты болмаса, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі өткен болса жеке тұлғаның медициналық қызметпен айналысуына тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Кезекті біліктілік емтиханына медициналық немесе фармацевтикалық білім беру қызметіне лицензиясы бар медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда соңғы 5 жылда мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өткен адамдар жіберіледі. Бұл ретте өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру сағаттарының саны жалпы көлемнің кемінде 85% құрауы тиіс. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша маманданудан өту бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қызметкерлері үшін жалпы көлемнің 50% аспайтын сағат санымен саналуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Біліктілік емтиханы өткізілгеннен кейін меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін, емдік-диагностикалық, санитарлық-эпидемиологиялық және фармацевтикалық қызметпен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметінде, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін және медициналық және фармацевтикалық білімді адамдарға, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санатын бере отырып немесе біліктілік санатынсыз маман сертификаты беріледі.
Тармақ 7
7. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілік деңгейі үш біліктілік санаты бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) алынып тасталды ;
Тармақша 2
2) екінші санат;
Тармақша 3
3) бірінші санат;
Тармақша 4
4) жоғары санат.
Тармақ 8
8. <*>
Тармақ 9
9. Екінші біліктілік санаты мамандығы бойынша бес және одан да көп жұмыс өтілі бар жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
Тармақша 1
1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
Тармақша 2
2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 144 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
Тармақша 3
3) тестілеу нәтижесі 60% және одан көп дұрыс жауап;
Тармақша 4
4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.
Тармақ 10
10. Бірінші біліктілік санаты мамандығы бойынша бес жыл және одан көп жұмыс өтілі бар жоғары немесе орта буын медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
Тармақша 1
1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
Тармақша 2
2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 216 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
Тармақша 3
3) тестілеу нәтижесі 70% және одан көп дұрыс жауап;
Тармақша 4
4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.
Тармақ 11
11. Жоғары біліктілік санаты бірінші біліктілік санаты бар, мамандығы бойынша он жыл және одан көп жұмыс өтілі бар жоғары және орта буын медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
Тармақша 1
1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
Тармақша 2
2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 288 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
Тармақша 3
3) тестілеу нәтижесі 80% және одан көп дұрыс жауап;
Тармақша 4
4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарының жарияланымы болғанда беріледі.
Тармақ 12
12. Біліктілік емтихандарын өткізу кезінде:
Тармақша 1
1) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылатын "денсаулық сақтауды ұйымдастырушы" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалардың жұмыс өтіліне қолда бар жұмыс өтілі, сонымен бірге мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі есептеледі. Медициналық қызметтің көрсету саласындағы бақылау мемлекеттік орган туралы ережеге сәйкес сарапшылық қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкерлер сарапшы медициналық қызмет бейіні бойынша біліктілік санатын алуға құқығы бар;
Тармақша 2
2) осы ережемен бекітілген, ережелерге сәйкес, медицина, фармацевтика, биология ғылымдарының кандидаттары мен докторларына біріншісіз жоғары біліктілік санатын беруге болады;
Тармақша 3
3) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында қызмет атқаратын "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалардың аталған ұйымдарда осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне қолда бар "дәрігер терапевт" немесе (және) "дәрігер педиатр" мамандықтары бойынша жұмыс өтілдері есептеледі;
Тармақша 4
4) клиникалық дәрігерлік мамандықтар бойынша біліктілік санатын беруге осы Ереженің 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалар, сондай-ақ өтініш берілген мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға үміткер бола алады;
Тармақша 5
5) "медбике" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер, медбике болып жұмыс істейтін адамдардың жұмыс өтіліне фельдшер мамандығы бойынша өтілі, сондай-ақ көрсетілген мамандық бойынша бұрын берілген санаты саналады.
Тармақ 13
13. Денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін медициналық білімді мамандар осы Ереженің талаптарына сәйкес біліктілік емтиханын тапсырады.
Тарау 2. 2. Мамандандырылған біліктілік комиссиялары
2. Мамандандырылған біліктілік комиссиялары
Тармақ 14
14. <*>
Тармақ 15
15. Мамандандырылған біліктілік комиссияларын (бұдан әрі - комиссиялар): біліктілік санатын алуға үміткер жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган; біліктілік санатын беруге үміткер санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган; біліктілік санатын беруге үміткер жоғары және орта фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін дәрілік заттармен айналысатын саласындағы мемлекеттік орган біліктілік емтихандарын өткізу үшін құрады. Бейіні бойынша тиісті мемлекеттік органдардың біліктілік емтихандарын өткізуін үйлестіру және бақылау кезінде біліктілік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мен өткізуге үкіметтік емес ұйымдар (бір бейіннің медицина қызметкерлерін біріктіретін кәсіптік қоғамдық ұйымдар (қауымдастықтар, одақтар) тартылуы мүмкін. Біліктілік емтихандары хатшылардың құжаттарды қабылдауы мен біліктілік емтиханының бірінші кезеңі (тестілеу) үміткердің тұрғылықты жерінде немесе жұмыс орнында жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Медицина және фармацевтика қызметкерлері үшін біліктілік емтихандарын өткізу жөніндегі комиссияның құрамына: бейіні бойынша мемлекеттік органдардың; денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымның, денсаулық сақтау ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 17
17. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмауы керек. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.
Тармақ 18
18. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің басым даусымен айқындалады. Дауыстар тең болғанда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тарау 3. 3. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар
3. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар
Тармақ 19
19. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін адамдар (мамандар), маман сертификаты мерзімінің аяқталуына 3 ай қалғанда, мамандандырылған комиссияға мынадай құжаттар ұсынады:
Тармақша 1
1) осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) ұйым басшысы бекіткен, маманның жұмысын сипаттайтын және азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесін көрсететін көрсеткіштер талдауымен соңғы үш жылдағы өндірістік жұмысы туралы есеп;
Тармақша 3
3) бір бейіндегі медициналық қызметкерлерді біріктіретін кәсіби қоғамдық ұйымдардың (ассоциациялар, одақтар) мамандарымен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандары жүргізген өндірістік жұмыстар туралы есепке рецензия;
Тармақша 4
4) маман меңгерген практикалық дағдылар көрсетілген, басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген жұмыс орнының мінездемесі;
Тармақша 5
5) жоғары және орта кәсіптік білімі туралы құжаттардың нотариуспен куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 6
6) мамандандыру, біліктілік арттырудан өткендігі туралы құжаттар, сондай-ақ ұйымның кадрлық жұмыс басшысымен расталған біліктілік санатын беру туралы бұдан алдыңғы берілген құжаттардың көшірмелері;
Тармақша 7
7) ұйымның кадр қызметінің басшысы растаған, мамандығы бойынша жұмыс стажын растайтын құжаттардың көшірмесі;
Тармақша 8
8) клиникалық ординатураны, аспирантураны, докторантураны бітіргені туралы, ғылыми дәрежесі, атағы туралы құжаттардың (болса) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 9
9) жарияланған мақалалар, сондай-ақ титульді қағаз, жарияланым орналастырылған баспасөз басылымы мазмұнының оттискілері;
Тармақша 10
10) Осы ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделген біліктілік қағазы (үміткер комиссия отырысына дейін біліктілік қағазымен танысып, қол қою керек).
Тармақ 20
20. Біліктілік санаты берілмей, медициналық қызметпен айналысу құқығындағы маман сертификатын алуға үміткер, адамдар комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) маман меңгерген практикалық дағдылар көрсетілген жұмыс орнынан мінездеме (жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымында, интернатурада, ординатурада және аспирантурада оқуды, жұмыстан орнынан біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау орнынан аяқтаған адамдар үшін);
Тармақша 3
3) алынып тасталды ;
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 5
5) біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса) (жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымында, интернатурада, ординатурада және аспирантурада (бар болса) оқуды аяқтаған адамдардан басқа);
Тармақша 6
6) алынып тасталды ;
Тармақша 7
7) алынып тасталды ;
Тармақша 8
8) ординатураны, аспирантураны, докторантураны бітіргені туралы, ғылыми дәрежесі, атағы (болса) туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
Тармақ 21
21. Құжаттардың қажетті тізбесін толық бермеген жағдайда адам біліктілік емтиханына жіберілмейді. Маман сертификатын алуға үміткердің жалған мәліметтер мен ақпараттар ұсыну фактілері анықталған жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 4. 4. Біліктілік емтиханын өткізу
4. Біліктілік емтиханын өткізу
Тармақ 22
22. Біліктілік емтиханы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) тестілеу;
Тармақша 2
2) әңгімелесу.
Тармақ 23
23. Мамандық бойынша тест бағдарламасы 50 сұрақтан тұрады. Тестілеу уақыты - 60 минут. Тест нәтижелері бір жыл бойы жарамды. Біліктілік санатын алуға үміткер емес адамдар кейіннен медициналық қызметпен айналысу құқығындағы маман сертификатын ала отырып, тестілеу түрінде біліктілік емтихандарын тапсырады. Бастапқы деңгейден өту санатты бермей-ақ, сертификат алу құқығын береді. Бұл ретте тестілеуден өту үшін бастапқы деңгей 40% дұрыс жауап беру болып табылады.
Тармақ 24
24. Тест тапсырмаған адамдар әңгімелесуге жіберілмейді, біліктілік емтиханын тапсырмаған болып есептеледі.
Тармақ 25
25. Әңгімелесу процесінде маманның кәсіби деңгейі, оның кәсіби міндеттерді (диагностикалық, тактикалық, ұйымдастырушылық) шешудегі, қолда бар ақпаратты талдаудағы және ол жөнінде тиісті шешім қабылдаудағы іскерлігі бағаланады, сондай-ақ жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме беру негізінде маманның практикалық дағдысының деңгейі айқындалады.
Тармақ 26
26. Біліктілік емтиханының нәтижесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 27
27. Егер тұлғаға өтініш білдірілген біліктілік санаты берілмесе, онда оның келісімі болса комиссия тестілеу мен әңгімелесу нәтижелері бойынша біліктілік санатын бере отырып немесе біліктілік санатынсыз маман сертификатын беруге құқылы.
Тармақ 28
28. Біліктілік комиссиясы біліктілік емтихандарын өткізу мен ұйымдастыру кезінде сапалылықты, объективтілікті және пара алмаушылықты қамтамасыз етеді.
Тармақ 29
29. Комиссия хаттамасының негізінде мемлекеттік орган біліктілік санаты берілген немесе біліктілік санатынсыз сертификатты беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
Тармақ 30
30. Біліктілік санаты берілген немесе біліктілік санатынсыз маман сертификатын беру туралы тиісті мемлекеттік орган комиссия отырысы күнінен бір ай ішінде беру туралы шешім шығарғаннан кейін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес маман сертификаты беріледі.
Тармақ 31
31. Кемінде 144 сағаттың ішінде көрсетілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру немесе мамандандыру курстарын өткеннен және біліктілік комиссиясына құжаттарды қайта ұсынғаннан кейін адамдарға 6 айдан кешіктірмей бір рет біліктілік емтихандарын қайта тапсыра алады.
Тармақ 31-1
31-1. Біліктілік емтихандарын қайта тапсырмаған адамдардың медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді. Үміткер 288 сағаттың ішінде қайта даярлықтан өткеннен кейін, маман сертификатын алуға өтініш беруге құқығы бар.
Тарау 4. 4. Маман сертификаты
4. Маман сертификаты
Тармақ 32
32. Маман сертификаты - нақты мамандық бойынша кәсіптік практикалық медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға адамның дайындығын растайтын белгіленген үлгідегі құжат.
Тармақ 33
33. Медициналық және фармацевтикалық қызметті кәсіптік білімі туралы тиісті дипломы және сертификаты бар адамдар жүзеге асыра алады. Шетелде білім алған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Ереженің талаптарына сәйкес жалпы негізде біліктілік емтиханын тапсырады.
Тармақ 34
34. Өзінің мамандығы бойынша үш жылдан артық жұмыс жасамаған медицина және фармацевтика қызметкерлері біліктілігін тиісті арттырғаннан немесе (және) маманданғаннан және маман туралы сертификат алғаннан кейін кәсіби қызметін жүзеге асыра алады.
Тармақ 35
35. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасының тізбесіне сәйкес беріледі.
Тармақ 36
36. Адам (маман) негізгі және қоса атқаратын лауазымы ретінде маман туралы сертификат ала алады.
Тармақ 37
37. Біліктілік комиссиясының ұсынымы негізінде берілетін сертификат бес жылдың ішінде республика аумағында қолданылады, кәсіби қызметін одан әрі жүзеге асыру үшін маман қайтадан біліктілік емтиханын тапсырады.
Тармақ 38
38. Сертификаттың қолданылуы маманның клиникалық ординатурада, аспирантурада, докторантурада, біліктілік арттыруда және қайта даярлауда оқуы, жүктілігі және босануы, баласын күтуі, сырқаты бойынша демалыста болған кезінде ұзартылады.
Тармақ 39
39. Сертификаты жоғалған жағдайда тиісті мемлекеттік орган маманға телнұсқа береді.
Тармақ 40
40. Берілетін сертификаттарды тіркеу кезінде берілген сертификаттарды осы ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу кітабы жүргізіледі, оған бау өткізілуі, нөмірленуі тиіс.
Тармақ 41
41. <*>
Тармақ 42
42. Біліктілік емтиханын өткізу кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Басқа 96. N ______ХАТТАМАСЫ
Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне 1-қосымша ___________________________________ мамандығы бойынша біліктілік емтиханының 2003 жылғы "___" ___________ N ______ХАТТАМАСЫ
Тармақ 1
1. Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты ___________
Тармақ 2
2. Мамандығы ________________________________________
Тармақ 3
3. Біліктілік емтиханы __________________ (тапсырды, тапсырмады)
Тармақ 4
4. Тестілеу ___________________(тапсырды, тапсырмады)
Тармақ 5
5. Әңгімелесу ___________________(тапсырды, тапсырмады)
Тармақ 6
6. ___________________________________ мамандығы бойынша (номенклатура бойынша мамандығы) ____ санатын беру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. ___________________________________ мамандығы бойынша (номенклатура бойынша мамандығы) __________ (санатты)  беруден бас тартылсын
Тармақ 8
8. Шешім қабылдау бойынша мамандандырылған біліктілік комиссиясы мүшелерінің дауысқа салу нәтижесі: "Қолдаған"_______ адам, "қарсы"_________адам.
Тармақ 9
9. Мамандандырылған біліктілік комиссиясының ескертулері, ұсыныстары ________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қойылған қолдар: Комиссия төрағасы ____________________________ Комиссия хатшысы ____________________________ Комиссия мүшелері ___________________________
Басқа 106. Маман сертификаты
Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне 2-қосымша Маман сертификаты Осы сертификат___________________________________ (тегі, аты-жөні) ________________________біліктілік санаты беріле отырып: біліктілік санатынсыз берілді. (керегінің астын сызу керек) Маман сертификатын беру туралы шешім шығарған тиісті орган башысының 200__жылғы "__" N___бұйрығы Тіркеу N___ Берілген күні 20__жылғы "__"_______ Сертификат 20__ жылғы "__"_______дейін жарамды Маман сертификатын беру туралы шешім шығарған тиісті орган башысының қолы _____ М.О.
Басқа 107. Анықтама
Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне 3-қосымша Анықтама Азамат (ша)______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) _______________________________________________ мамандығы бойынша ________________________________________________________ жанында (ұйымның атауы) 200__ жылы "___" ______________ біліктілік емтиханын тапсырды. Біліктілік емтиханынан өтпеді. Біліктілік комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары _________________________________________________________________ М.О. Комиссия төрағасы ______________ (қолы) Комиссия хатшысы ______________ (қолы) 200___ жылғы "___" _________________ Тіркеу N ________
Басқа 108. Өтініш
Санаттар беруге денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне 4-қосымша Мамандандырылған біліктілік комиссиясының төрағасына __________________________ (мемлекеттік орган) __________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) __________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) __________________________ (мемлекеттік органның атауы) ______________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) Өтініш ______________ санатын алуға ________________мамандығы бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуіңізді сұраймын. Мамандығым_________________ Медициналық өтілі______________________ Берілген ұйымдағы__________________қызметінің жұмыс өтілі______________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ______________________ (толтырылған күні) ______________________ (үміткердің қолы) Санаттар беруге
Басқа 109. _____________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)
денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне 5-қосымша _____________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) _____________________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының атауы) БІЛІКТІЛІК ҚАҒАЗЫ _________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты, санаты көрсетілген қызметі) Туылған жылы_________________    Жынысы____________________________ Мамандығы___________________     Медициналық өтілі_________________ Берілген ұйымдағы__________________қызметінің жұмыс өтілі______________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Білімі туралы мағлұматтар (оқу орталығы, бітірген жылы, диплом нөмірі, берілген күні, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімі туралы мағлұмат) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Наградалары, құрметті атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қызметкер қай санатқа өтініш ұсынды ___________________________________________________________________ (жазбаша) Жарияланымдарының саны (болса) ___________________________________________________________________ Берілген есептер бойынша рецензенттің пікірі ___________________________________________________________________ Мамандырылған біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________ ___________________________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) Мамандырылған біліктілік комиссиясының хатшысы____________________ __________________________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) Есеп туралы пікірлер және қорытындылармен таныстым "___"»_________________________________________ (үміткер қолы) __________________________________________________________________ Мамандырылған біліктілік комиссиясының шешімі __________________________________________________________________ Мамандырылған біліктілік комиссиясының төрағасы __________________ __________________________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) __________________________________________________________________ Тең төраға __________________________________________________________________ Төраға орынбасары __________________________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) хатшы_____________________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) Комиссия мүшелері_________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) __________________________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты) __________________________________________________________________ (аты, тегі, әкесінің аты)
Басқа 110. Біліктілік санаттарын беру туралы берілген сертификаттардың есеп кітабы
Санаттар беруге денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесіне 6-қосымша Біліктілік санаттарын беру туралы берілген сертификаттардың есеп кітабы ________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының атауы) N Аты те­гі Әке­сі­нің аты Қыз­ме­ті­нің және бі­лік­ті­лік са­нат­тары­ның ата­уы Ма­ман­данды­ры­л­ған бі­лік­тілік ко­мис­сиясы ше­шімі­нің кү­ні Бі­лік­тілік са­на­тын бе­ру туралы бұйрықтың нө­мі­рі және кү­ні Сер­ти­фи-каттың бе­ріл­ген кү­ні Сер­ти­фикат алған­да­ғы ту­ра­лы қо­лы