Положение об экстернате в высшей школе Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы жоғары мектебiндегi экстернат туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 13.08.2003 N 554 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары бiлiм алудағы мүмкiндiктерiн толық қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы "Жоғары бiлiм туралы" Заңына (II бап) сәйкес жоғары оқу орындарында оқыту формаларын кеңейту мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы жоғары мектебiндегi экстернат болсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы жоғары мектебiндегi экстернат Ережесi бекiтiлсiн (қоса берiледi).
Тармақ 3
3. Экстернат оқытудың ерекше формасы, оны жоғары оқу орнына ендiру және оған экстерiндердi қабылдау жеке түрде үлкен жауапкершiлiкпен қарастыру керектiгi басшылыққа алынсын.
Басқа 4. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына экстернат туралы ереже
Қазақстан Республикасы бiлiм
Министрлiгiнiң 14.06.1994 ж.
N 233 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына экстернат туралы ереже
Тармақ 1
1. Экстернат бекiтiлген сынақтар мен емтихандарды тапсырған, сабақтарға қатыспай өздiгiмен толық жоғары бiлiм курсын немесе оқу тәртiптерiн меңгерген Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары оқу орындарында өздiгiнен бiлiм алу түрi болады.
Тармақ 2
2. Бiлiм Министрлiгiнiң рұқсаты бойынша, атап айтқанда филологиялық, жалпы экономикалық және социалды-гуманитарлық мамандықтар бойынша, мемлекеттiк жоғары оқу орындарында ерекше жағдайларда экстернат құрылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Құрамын ректор бекiткен арнайы комиссия экстернатқа қабылдау жүргiзедi.
Экстернатқа қабылданады:
- орта бiлiмi бар, инвалидтiгiне байланысты жоғары бiлiм алуға өндiрiстен қол үзiп немесе қол үзбей оқуға мүмкiндiгi жоқ азаматтар;
- жоғары бiлiмi бар, сонымен бiрге екiншi жоғары бiлiмдi экстерлi түрде алғысы келетiн азаматтар.
Тармақ 4
4. Экстернатқа қабылданғандарға белгiленген үлгiде есеп кiтапшасы берiледi. Студенттер үшiн белгiленген жеңiлдiктер, экстерндерге таратылмайды.
Тармақ 5
5. Экстерндермен сабақта
р мен консультациялар жүргiзiлмейдi.
Декандардың бағыттамалармен емтихандар мен сынақтарды профессорлар немесе доценттер қабылдайды.
Тармақ 6
6. Бес жылдан көп емес уақытта оқу бағдарламасы бойынша барлық курстық емтихандар мен сынақтарды ойдағыдай тапсырған экстерiндер мемлекеттiк емтихандар мен дипломдық жұмыстарға рұқсат алады.
Жоғары бiлiм туралы диплом экстерндерге жалпы негiздер бойынша берiледi.
Қазақстан Республикасы
бiлiм Министрлiгiнiң
Жоғары бiлiм бас басқармасы