О порядке оказания материальной помощи ветеранам войны и труда Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету тәртібі туралы ________________________________________ " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI : <*>
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз етсін. <*>
Тармақ 4
4. алынып тасталды
Тармақ 5
5. Күші жойылды деп танылсын: Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 23 мамырдағы N 3-1-807қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" қаулысы (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 16 маусымда N 272 болып тіркелген; "Астана ақшамы" газетінде 2003 жылғы 24 маусымда N 81; "Вечерняя Астана" газетінде 2003 жылғы 24 маусымда N 69 жарияланған).
Тармақ 6. Соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету Қағидасы
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Т.М. Мұхамеджановқа жүктелсін. Астана қаласының әкімі Визалар: Астана қаласы Қаржы департаментінің бастығы Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-619қ қаулысына 1-қосымша Соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмек көрсету Қағидасы Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді. <*>
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Материалдық көмек соғыс және еңбек ардагерлеріне, оның ішінде мұқтаждарға және кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтындарға беріледі.
Тармақ 2
2. Материалдық көмек мына көлемде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) соғыс және еңбек ардагерлеріне, оның ішінде мұқтаждарға және кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтындарға - жылына 2000 (екі мың) теңгеден;
Тармақша 2
2) Астана қаласының құрылуына және дамуына белсенді қатысқан еңбегі сіңген соғыс және еңбек ардагерлеріне туғанына - 70-, 75-, 80-, 85-, 90-жылдық мерейтойларына - 1000 (бір мың) теңгеден;
Тармақша 3
3) соғыс және еңбек ардагерлеріне - соғыс және еңбек ардагерлерімен жұмыс бойынша үнемі жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын Астана қаласы қарт адамдары мен зейнеткерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерекелік күндерге - 1000 (бір мың) теңгеден;
Тармақша 4
4) алынып тасталды
Тармақша 5
5) қайтыс болған соғыс және еңбек ардагерлерін жерлеуді ұйымдастыруға - 1000 (бір мың) теңгеден.
Тармақ 3
3. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімгері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - Департамент) болып табылады. <*>
Тармақ 4
4. Соғыс және еңбек ардагерлеріне материалдық көмекті төлеу қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде көзделген қаражаттар шегінде жүргізіледі.
Тармақ 2. 2. Қаржыландыру көзі
2. Қаржыландыру көзі
Тармақ 5
5. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, оның ішінде мұқтаждарға және кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтындарға материалдық көмек көрсетуді қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
Тармақ 3. 3. Материалдық көмекті тағайындау және төлеу тәртібі
3. Материалдық көмекті тағайындау және төлеу тәртібі
Тармақ 6
6. Департамент Астана қаласындағы "Қазақстан Республикасы ардагерлерінің ұйымы" қалалық қоғамдық бірлестігі филиалының төрағаның, хатшының қолы қойылып және мөр басып ұсынған тізімдер мен арыздар негізінде материалдық көмек алушылар тізімдерін құрады.
Тармақ 7
7. Материалдық көмекті алуға үміткер адамдардың тізімдері "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы филиалының (бұдан әрі - Филиал) деректер қорымен салыстырылады.
Тармақ 8
8. Қайтыс болған ардагерлерді жерлеуді ұйымдастыруға материалдық көмек қайтыс болған адамның туысқандарының немесе жерлеуді ұйымдастырушы адамның Филиалмен куәландырылған және Департаментке төлеуге берілген өтініші негізінде беріледі.
Тармақ 9
9. Материалдық көмекті төлеу ақшалай қаражаттарды Астана қаласының банкілері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес немесе карталық шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 10. Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек көрсету Қағидасы
10. Департамент ай сайын, материалдық көмек алушылар тізімінің құрылуына қарай Астана қаласының Қаржы департаментіне ағымдағы қаржыландыруға өтінім береді. Астана қаласы Қаржы департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы филиалының директоры Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-619қ қаулысына 2-қосымша Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек көрсету Қағидасы Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді. <*>
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек азаматтардың мына санаттарына беріледі:
Тармақша 1
1) 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне - төрт және одан көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар (оның ішінде жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын балалары, - олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін - олардың оқу орнын бітірген уақытына дейін) көп балалы аналарға (анасының болмауы жағдайында - әкесіне, немесе оны алмастыратын адамға) - 1000 (бір мың) теңгеден;
Тармақша 2
2) Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне, неміс тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған әскери қызметшілердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне - 5000 (бес мың) теңгеден кем емес; Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет атқарған) және тылда ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының алқалары және ордендерімен марапатталмаған тұлғаларға, мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен белгіленген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соларға теңестірілген тылда ерен еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының алқалары және ордендерімен марапатталған адамдарға, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алушылар санынан - 3000 (үш мың) теңгеден кем емес;
Тармақша 3
3) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне - саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып саналатын санаттар бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды алушыларға - 1000 (бір мың) теңгеден;
Тармақша 4
4) Балаларды қорғау күніне - он сегіз жасқа толмаған мүгедек-балаларға - 2000 (екі мың) теңгеден;
Тармақша 5
5) Қарттар күніне - жастары бойынша 70-ке келген және одан асқан жастағы зейнеткерлерге - 1000 (бір мың) теңгеден;
Тармақша 6
6) Мүгедектер күніне - мүгедектерге - 1000 (бір мың) теңгеден.
Тармақ 2
2. Мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек төлеу қаржылық жылға сәйкес қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. "Жергілікті өкілдік органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімгері "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі" (бұдан әрі - Департамент) болып табылады. <*>
Тармақ 2. 2. Қаржыландыру көзі
2. Қаржыландыру көзі
Тармақ 4
4. Осы Қағиданың 1-тармағында көрсетілген азаматтар санаттарына мерекелік күндерге бір жолғы материалдық көмек көрсетуді қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.
Тармақ 3. 3. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі
3. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Департамент Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөнінде орталық" Астана қаласы филиалының ай сайын беретін деректер қоры негізінде Қағиданың 1-тармағында көрсетілген азаматтар тізімін құрайды.
Тармақ 6
6. Бір жолғы материалдық көмекті төлеу ақшалай қаражаттарды Астана қаласының банкілері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес және карталық шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады. Астана қаласы Қаржы департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы филиалының директоры Астана қаласы Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы