Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Аршалынском районе Қолданыста
Басқа 0
Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3- тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
«Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8272 болып тіркелген);
«Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/5 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-0-8510 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Аршалы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 10/3 шешіміне
қосымша
Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Аршалы ауданының аумағында тұрақты тұратын және тіркелген адамдарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Аршалы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек – Аршалы ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 6
6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 7
7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 8
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 9
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 10
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 11
11) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
Тармақша 2
2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
Тармақша 3
3) 9 мамыр – Жеңіс күні;
Тармақша 4
4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
Тармақша 5
5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
Тармақша 6
6) 1 қазан – Қарттар күні;
Тармақша 7
7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;
Тармақша 8
8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Тармақша 9
9) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 2
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 8
8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыстың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.
Тармақ 9
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тармақ 10
10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне:
басқа мемлекеттердің аумағында, атап айтқанда Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне:
Ауғанстаннан басқа, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға жылына 1 рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектегі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне:
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) 1 қазан – Қарттар күніне:
ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне:
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 9
9) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) кірістері есепке алынбай:
дүлей зілзала салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар адамдарға, жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына ай сайын 2,5 (екі бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақша 2
2) кірістерді ескере отырып бір рет:
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын адамдарға (отбасыларға) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бір тұрғын үйді газдандыруға жұмсалған шығындарды өтеу әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көп балалы отбасыларға жеке тұрғын үйлерде тұратын, оның меншік иелері немесе меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда және өтініш берген тоқсанның алдындағы ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы болған жағдайда көрсетіледі.
Әлеуметтік көмектің көлемі 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (фискалдық чектердің, түбіртектердің, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың көшірмелері) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Мынадай:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Аршалы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Тармақ 14
14. Мынадай:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;
Тармақша 3
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.