Об утверждении Правил лицензирования, регулирования, прекращения деятельности ломбардов Күшін жойған
Басқа 0
Ломбардтардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы
_____________________________
Ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ломбардтардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күші жойылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1786 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 25 наурызда және 7 сәуірде жарияланған);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 277 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1964 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 26 тамызда және 8 қыркүйекте жарияланған).
Тармақ 3
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны ломбардтарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 6. Ломбардтардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төраға
_____________________
12.02.2004 ж.
_____________________
(қолы, күні, елтаңбалық мөрі)
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 16 ақпандағы
N 43 қаулысымен
бекітілген
Ломбардтардың қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі
Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Заң күші бар Жарлығына , "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы " (бұдан әрі - Банктер туралы Заң), " Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы ", "Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес әзірленді және ломбардтарды ашу, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ломбард - банк болып табылмайтын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы (бұдан әрі - лицензия) болған кезде айрықша қызмет түрі ұлттық валютада мынадай банктік және өзге операцияларды жүргізу болып табылатын заңды тұлға (коммерциялық ұйым):
Тармақша 1
1) ломбард операциялары: депозитке салынатын жеңіл өткізілетін бағалы қағаздарды және өзге жылжитын мүлікті кепілге салумен қысқа мерзімді кредиттер беру;
Тармақша 2
2) лизинг қызметін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепіл зат ретінде қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
Тармақша 4
4) сейф операциялары: сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету.
Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көзделген операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша береді.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті органның лицензиясы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша береді.
Сейф операцияларын жүргізуге лицензия беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Ломбардтар шаруашылық серіктестік нысанында құрылуы және қызметін жүзеге асыруы мүмкін.
Ломбардтың толық атауында "ломбард" деген сөз міндетті түрде болуы тиіс.
Тармақ 3
3. Ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместері - жеке және/немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Ломбардтардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес және ол тек ақшамен төленуі тиіс.
Тармақ 5
5. Ломбардтар филиалдарын немесе өкілдіктерін ашқан (жапқан) кезде әділет органдарында филиалды есепке алып тіркегеннен кейін он төрт күндік мерзімде ломбард уәкілетті органға әділет органдарының филиалды немесе өкілдікті есепке алып тіркеу (тіркеуді жою) туралы куәліктерін қоса бере отырып филиалды ашу (жабу) туралы хабарлайды.
Тармақ 5-1
5-1. Ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға мемлекеттік тіркелгеннен кейін он екі ай ішінде лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға хабарласады.
Тармақ 5-2
5-2. Құрылтай құжаттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда ломбард бұл жөнінде уәкілетті органды құрылтай құжаттарына өзгерістердің және/немесе толықтырулардың көшірмелерін олар тіркелген күннен бастап он төрт күн ішінде енгізілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды тіркеу туралы әділет органының белгісімен бірге хабардар етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Ломбардты ашу
2-тарау. Ломбардты ашу
Тарау 3. 3-тарау. Ломбардтарды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары
3-тарау. Ломбардтарды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары
Тармақ 15
15. Лицензияны алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген құжаттарды, сондай-ақ Банктер туралы Заңның 26-бабы 2-тармағы талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Бастапқы төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері), сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, жарғылық капитал мөлшері көзделетін құрылтай құжаттары жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар болып табылады.
Ломбардтың үй-жайы, оның филиалының немесе өкілдігінің үй-жайын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қорғалатын объектілердің техникалық нығайтылуына және сигнализациямен жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Ломбардтың басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органмен келісуге жатқызылады.
Тармақ 16
16. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті оны қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.
Талап етілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда уәкілетті орган қажетті құжаттарды талап етеді не барлық құжатты қарамастан ломбардқа қайтарады.
Тармақ 17
17. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Лицензия шектелмеген мерзімге беріледі және үшінші тұлғаларға берілмейді.
Тармақ 19
19. Лицензияны жоғалтып алған кезде оның дубликатын алу және қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Ломбардқа банк заңдарында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми басылымдарында жарияланады.
Тармақ 21
21. Лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі ломбард клиенттерінің шолуы үшін қолайлы орында орналастырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Ломбардтардың басшы қызметкерлерін келісу тәртібі мен шарттары
4-тарау. Ломбардтардың басшы қызметкерлерін келісу тәртібі мен шарттары
Тарау 5. 5-тарау. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және реттеу
5-тарау. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және реттеу
Тармақ 44
44. Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін және мынадай ақпаратты қамтитын Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже болғанда ғана жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) берілетін кредиттердің шекті сомасы және мерзімдері;
Тармақша 2
2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті мөлшері;
Тармақша 3
3) операциялар жүргізу ставкалары мен тарифтері;
Тармақша 4
4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершіліктері;
Тармақша 5
5) кепіл билеті жоғалған кезде кепіл берушіге дубликаттар берудің тәртібі;
Тармақша 6
6) өзге де талаптар.
Тармақ 45
45. Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже ломбард клиенттерінің шолуы үшін қолайлы орында орналастырылады.
Тармақ 46
46. Ломбард Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған кезде уәкілетті орган оған:
Тармақша 1
1) Банктер туралы заңның 46-бабына сәйкес әсер етудің шектелген шараларын қолдануы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негіздер бойынша айыппұлдар салуы және өндіруі;
Тармақша 3
3) Банктер туралы заңның 48-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияларды тоқтата тұруы не қайтарып алуы мүмкін.
Тармақ 47
47. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ломбардтардың қызметін инспекциялайды.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 48
48. Ломбардты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 49-50
49-50. <*>
Тармақ 51. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
51. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
Ломбардтардың қызметін
лицензиялау, реттеу, тоқтату
ережесіне 1-қосымша
және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 97 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Ломбардтың ұлттық валютамен Қазақстан Республикасының банктік заңдарында көзделген банк операцияларын және басқа да операцияларды жүргізуге ______________________________________________ (лицензиардың атауы) лицензиясы
нөмірі ____ __ жылғы " __" ____________
мемлекеттік тіркеу нөмірі
орналасқан жері __________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
(ломбардтың толық атауы)
Осы лицензия мынадай операцияларды жүргізуге құқық береді:
Тармақ 1
1._______________________________________
Тармақ 2
2._______________________________________
Тармақ 3. Ломбардты ашуға рұқсат
3._______________________________________
Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмейді.
Осы лицензия бір данада беріледі.
Төрағаның орынбасары
Ломбардтардың қызметін
лицензиялау, реттеу, тоқтату
ережесіне 2-қосымша
Ломбардты ашуға рұқсат
Ломбардтардың қызметін
лицензиялау, реттеу, тоқтату
ережесіне 3-қосымша