О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской и микрофинансовой деятельности Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілетін Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 1. Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының 2023 жылғы 30 желтоқсандағы № 101 Қаулыға қосымша Банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын, Кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге келiсiмiн ресімдеу қағидаларын, сондай-ақ Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15115 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілді: көрсетілген қаулымен Кредиттiк есептi берудiң қағидалары мен шарттарында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Заңның 24-бабында көрсетілген ақпарат қамтылған кредиттік есепті Заңның 29-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша кредиттік бюро оны алуға құқығы бар кредиттік есепті алушыға осы қаулымен бекітілген Кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес ресімделген кредиттік тарих субъектісінің кредиттік бюродан кредиттік есепті беруге келісімі болған жағдайда электрондық немесе қағаз тасымалдағышта береді. Күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімін өткізуге жол берілген кредит (банктік қарыз немесе микрокредит) бойынша кредиттік есепті берген кезде кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісі (жеке тұлға) кредитті өтегеннен кейін күнтізбелік 12 (он екі) ай өткен және көрсетілген кезең ішінде кредиттер бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам мерзімде мерзімін өткізуге жол бермеген күннен кейінгі күнгі жағдай бойынша кредиттік есепте кредиттің «оңалтылды» деген мәртебесін көрсетуді қамтамасыз етеді. Кредиттік есепте ол бойынша соңғы ақпарат Заңның 14-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімнен ерте алынған кредит бойынша ақпарат көрсетілмейді. Кредиттік есепте: 1) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, коллекторлық агенттіктің берешекті кешіруін; 2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаражатының есебінен берешектің өтелуін (ішінара өтелуін); 3) республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражатының есебінен берешектің өтелуін (ішінара өтелуін); 4) өзге де көздерді қоса алғанда, кредит бойынша қарыз алушы-жеке тұлғаның берешекті өтеу көздері туралы ақпарат көрсетіледі. Екінші деңгейдегі банктер кредиттік есепте қарыз алушы-жеке тұлғаның ойын бизнесін ұйымдастырушының пайдасына төлемдер жүргізу фактілері туралы ақпаратты аяқталған соңғы 6 (алты) айдағы төлемдердің сомасы мен жүргізу күнін көрсете отырып көрсетеді.».
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.04.2026 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.