Об утверждении Правил определения и условия выделения субвенции из областного бюджета в бюджеты районов Акмолинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттен Ақмола облысының аудандық бюджеттеріне бөлінетін субвенцияларды анықтаудың Ережелері мен бөлудің шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 8 бабындағы 2-1 тармағына сәйкес облыс әкімінің 2003 жылғы 24 желтоқсандағы № 47 шешімі негізінде және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 2-18/242 ұсынысымен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық бюджеттен Ақмола облысының аудандық бюджеттеріне бөлінетін субвенцияларды анықтаудың Ережелері мен бөлудің шарттары бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Шешімнің жүзеге асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 4
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 23 ақпандағы № 3С-4-7 «Ақмола облысының облыстық бюджеттен аудандық бюджеттерге субвенцияларды анықтаудың Ережелері мен бөлудің шартын бекіту туралы» шешімімен БЕКІТІЛГЕН Ақмола облысының облыстық бюджеттен аудандық бюджеттерге субвенцияларды анықтаудың Ережелері мен бөлудің шарттары Осы Ережелер бюджеттік заңнамалар нормаларына сәйкес енгізілген өзгертулері және толықтыруларымен бірге Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 8 бабы 2-1 тармағының және 10 бабы 3 тармағының негізінде әзірленді.
Тарау 1. 1. Осы Ережелерде қолданылған ұғымдар
1. Осы Ережелерде қолданылған ұғымдар Бағдарлама әкімшісі - жергілікті бюджеттік бағдарламаның негіздемесіне және жүзеге асырылуына жауапты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган. Бюджеттік өтінім - бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органмен белгіленген ньгсандар мен құрам бойынша бюджетті әзірлеу кезінде оның негіздемесі мен қаржыландыру сомасын анықтау үшін бюджеттік әкімшілермен тапсырылатын құжаттардың жиынтығы. Субвенциялар - облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген соманың шегінде жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге берілетін ресми трансферттер. Төменгі бюджеттер (әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджеттері) - қалалардағы аудандарды есептемегендегі аудандардың бюджеттері.
Тарау 2. 2. Жалпы ережелер.
2. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Ақмола облыстық қаржы басқармасы субвенцияларды қаржыландыру бойынша бағдарлама әкімшісі болып табылады.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы субвенциялардың бөлінуіне бақылау жасайды.
Тарау 3. 3. Субвенцияларды бөлудің шарттары.
3. Субвенцияларды бөлудің шарттары.
Тармақ 3
3. Облыстық мәслихаттың шешімі бойынша аудандардың бюджеттерін баланстандыру мақсатында, кірістер мен шығыстардың арасындағы айырманы жабу үшін төменгі бюджеттерге тиісті қаржы жылында субвенция бөлінеді.
Тармақ 4
4. Төменгі бюджеттерге субвенциялар жыл басынан бастап кірістер бойынша жоспарлардың орындалуына қатысты бөлінеді.
Тарау 4. 4. Субвенцияларды анықтаудың тәртібі
4. Субвенцияларды анықтаудың тәртібі
Тармақ 5
5. Субвенциялардың көлемі аудандық бюджеттердің кірістері мен шығыстарының жылдық көлемдеріне қатысты, бюджеттік заңнамалармен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен алдағы қаржы жылына тапсырылған бюджеттік өтінімдердің негізінде анықталады және облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Облыстық бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспары бекітілген күнде субвенцияларды айларға бөлу облыстық қаржы басқармасымен атқарылады.
Тармақ 6
6. Облыстық бюджетке өзгертулер енгізілгенде субвенциялар көлемін облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес өсіруге немесе кемітуге болады.
Тармақ 7
7. Субвенциялар ай сайын, облыстық бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарында қамтылған соманың шегінде бөлінеді.