Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Жаксынском районе Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3- тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жақсы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне 1-қосымша Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жақсы ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрi - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Жақсы ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар Жақсы ауданының аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жақсы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек – Жақсы ауданының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 6
6) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 7
7) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 8
8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 9
9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 10
10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 11
11) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына бір рет, екі жылда бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
Тармақша 2
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
Тармақша 3
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
Тармақша 4
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
Тармақша 5
5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
Тармақша 6
6) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
Тармақша 7
7) 1 қазан - Қарттар күні;
Тармақша 8
8) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;
Тармақша 9
9) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Тарау 2. 2 -тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2 -тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 7
7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 2
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы. Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 8
8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыс жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.
Тармақ 9
9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тармақ 10
10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне: бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалар мен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшыларға мен қызметшiлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне: «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне: 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 9 мамыр - Жеңіс күніне: 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата - анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне: саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккендерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне: Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) 1 қазан - Қарттар күніне: ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне: мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 9
9) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күніне: «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет өтініш бойынша 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшеріне дейін, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 2
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет өтініш бойынша 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке шекті мөлшеріне дейін, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 4
4) амбулаториялық емдеудегі белсенді түрдегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 ай бойы өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 5
5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын өтініш бойынша 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 6
6) қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет өтініш бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 7
7) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарында көрсетілген адамдарға және «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет өтініш бойынша 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 8
8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет өтініш бойынша 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 9
9) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5, 6, 8- баптарында көрсетілген адамдарға өтініш бойынша коммуналдық қызметтер үшін шығыстарға ай сайын 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде, кірістерді есепке алмағанда;
Тармақша 10
Тармақша 11
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады. Мынадай:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Жақсы ауданының бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Тармақ 14
14. Мынадай:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс кеткен;
Тармақша 3
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады. Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды. Осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Басқа 1. Жақсы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы № 8С-17-5 шешіміне 2-қосымша Жақсы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6958 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 6ВС-39-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 6ВС-45-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7406 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. «Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 6С-55-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7855 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. «Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 7ВС-3-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8361 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. «Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 7С-29-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28310 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. «Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6В-34-4 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 7С-36-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29745 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. «Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6ВС-34-4 «Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жақсы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардығы № 7ВС-46-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-0-8513 болып тіркелген).