О мерах по снижению негативного воздействия физических факторов на здоровье населения Күшін жойған
Басқа 0
Тұрғындардың денсаулығына жеке факторлардың жағымсыз әсерін азайту жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы №361 «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 маусымдағы №878 «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның гигиенасы бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін тұрғындардың денсаулығын қорғау және еңбекке, тұрмыс пен оқуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері тұрғындарды зиянды жеке факторлардың әсерінен қорғау және жұмыс орындарын аттестациялау жөніндегі тиісті шараларды қарастыра отырып, барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволардың шаруашылық субъектілерінің халықтың денсаулығын қолайсыз жеке факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі мәселені әкімшілік мәжілісінде қарасын.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Комалдинов И.М.):
Тармақша 1
1) диагностикалық, физиотерапевттік және басқа процедуралар өту барысында емдеушілерге және осы құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін тұлғаларға жеке факторлардың (шу, діріл, электромагниттік және ультракүлгінді сәулелер, электромагниттік өріс) зиянды әсерінің алдын алу шаралары қабылдасын.
Тармақ 3
3. Облыстық білім басқармасы (Е.А.Дмитриенко):
Тармақша 1
1) оқушылардың мен оқытушылардың еңбек жағдайы және жұмыс орындарын аттестациялау қарастырсын;
Тармақша 2
2) компьютерлік кластар мен аудиторияларды бойы мен жас талаптарына сәйкес жиһазбен жабдықталсын;
Тармақша 3
3) техникалық жетістіктерді ескере отырып, осы заманның қорғану құралдарын пайдаланып, жеке компьютермен жұмыс істейтін оқушыларды қорғауды қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және білім басқармасының бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері:
Тармақша 1
1) 2005 жылға бюджетті жоспарлағанда жаңа компьютерлер, заман талабына сай құралдар мен зертханалық жабдықтар сатып алуға жоғарыда аталған талаптарға сәйкес қаражат ескерсін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Тәшметов Қ.Қ.), Ақмола облысы бойынша еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің департаменті (Рахимбергенов М.К., келісім бойынша):
Тармақша 1
1) рентгендік-диагностикалық аппаратураның радиациялық-гигиеналық жағдайына кешенді түрде баға берілсін;
Тармақша 2
2) оқушылар, студенттер және оқытушылардың денсаулығына жеке компьютерлердің әсерін зерттесін және пысықтап талдасын;
Тармақша 3
3) компьютерлік кластар мен аудиторияларда қауіпсіз жұмыс жағдай ұйымдастыруына, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердің сақталуына бақылауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) шу, діріл, электромагниттік және радиациялық сәулелер сияқты зиянды жеке факторларға тиімді зерттеу жүргізу үшін аймақтың зертханаларын осы заманның талаптарына сай жабдықтармен жабдықтандырсын;
Тармақша 5
5) Жеке факторлары бар жұмыс орындарын анықтай отырып, өнеркәсіп нысандарын паспорттандыру жұмысын жүргізсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының Ақмола
облысы бойынша еңбекпен қамту
және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігі Департаментінің
директоры М.Рахимбергенов