Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Өзге акт · № 2 · қабылданған 27.12.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-191833/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 ·27.12.2023
01.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Күшін жойған Өзге акт ·№ 2 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
27.12.2023
Көрсетілген редакция
01.04.2024 191833_694889.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NQ00002B
ЭКБ идентификаторы
191833
Редакция идентификаторы
191833_694889
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:11

0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) сәйкес ШЕШТІ:

1 1. Сарыкөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Жанат Қайратұлы Жиенбаев тағайындалсын.

3 3. Төтенше жағдайды жою басшысы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп заңнамада айқындалған тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілсін:

1

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

2 2) осы шешімді Сарыкөл ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастыруды.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Сарыкөл ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Т. Жүсіпов

Қолданыстағы