Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление физической культуры и спорта Атырауской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 115 «Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 159 қаулысына қосымша Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 тамыздағы № 159 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша дене шынықтыру, спорт және туризмсаласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті ҚазақстанРеспубликасыныңзаңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 «а».
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері: Атырау облысы аумағында дене шынықтыру, спортты және туризмді дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау; Әртүрлі спорт түрлерін дамыту; Атырау облысы аумағында дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету; азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; отандық және әлемдік спорт жетістіктеріне баулу; кәсіби біліктілікті қамтамасыз ету.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: Өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті құқықтық актілерді қабылдау; тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпаратты, құжаттарды сұрату және алу; қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функциясында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау; Басқармаға жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету; Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым құру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып облыстықспорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;
Тармақша 3
3) спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетулерін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 6
6) халыққа арналған спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 7
7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
Тармақша 8
8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
Тармақша 9
9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін бекітеді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға береді;
Тармақша 11
11) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
Тармақша 12
12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу жөнінде жұмыс жүргізеді;
Тармақша 13
13) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 14
14) олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
Тармақша 15
15) олимпиадалық резервтің облыстықмамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
Тармақша 16
16) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 17
17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 18
18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы ұсыныс енгізеді;
Тармақша 19
19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
Тармақша 20
20) спорт мектептеріне, спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
Тармақша 21
21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорт ғимараттарын жобалауға арналған техникалық ерекшелікті және техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
Тармақша 22
22) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретінспортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлерібойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрамакомандалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардыңжаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғыақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23
23) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыружәне спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді;
Тармақша 24
24) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналғанспорт секцияларын қаржыландыруға мемлекеттік спорттық тапсырысты әзірлейді;
Тармақша 25
25) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердіңменшік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлерінеқарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттікспорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 26
26) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік спорттықтапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуініңбарлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңының талаптарына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 28
28) гидті кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органмен келісім бойынша дайындап бекіту үшін облыстық әкімдікке ұсынады;
Тармақша 30
30) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
Тармақша 31
31) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 32
32) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;
Тармақша 33
33) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 34
34) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 35
35) туристік қызмет объектілерін салу, қайта құру кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 36
36) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту үшін облыстық әкімдікке ұсынады;
Тармақша 37
37) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 38
38) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
Тармақша 39
39) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
Тармақша 40
40) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасыныңзаңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзегеасырады.
Тарау 3. 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Басқарманың қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, соттарда және басқа да ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) өз орынбасарларының және Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 7
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қажетті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) заңнамаға сәйкес заңнамамен Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды, сондай-ақ босатады. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 18
18. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 19
19. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 20
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 21
21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1
1.«Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Атырау облысы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 3
3. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 4
4. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 5
5. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 6
6. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 7
7. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№6 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 8
8. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 9
9. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№2 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 10
10. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№3 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 11
11. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№4 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 12
12. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «№5 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 13
13. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 14
14. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 15
15. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Құрманғазы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 16
16. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 17
17. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 18
18. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қызылқоға аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 19
19. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Индер аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 20
20. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақжар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 21
21. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жем балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 22
22. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қосшағыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 23
23. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Дамба балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 24
24. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақжайық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 25
25. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 26
26. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Есбол балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 27
27. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Өрлік балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 28
28. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Сағыз балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 29
29. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақкөл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 30
30. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шортанбай балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 31
31. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 32
32. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервін дайындау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 33
33. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 34
34. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 1
1. «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
Тармақ 2
2. Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектердің спорттық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.