Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по городу Текели Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Текелі қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184104 болып тіркелген), Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ:
Тармақ 1
1. Текелі қаласы бойынша туристерді орналастыру орындарында болған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшермелері 0,2 (нөл бүтін оннан екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 3-13 «Текелі қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181246 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.