Об учреждении премии Акима области творческим работникам Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығармашы қызметкерлерге облыс Әкімінің сыйлығын тағайындау туралы Облыстың мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлеріне материалдық қолдау көрсету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әрқайсысының мөлшері 150,0 мың теңге болатын облыс Әкімінің шығармашы қызметкерлерге арналған жыл сайынғы 10 сыйлығы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) облыс Әкімінің шығармашы қызметкерлерге арналған сыйлығын тағайындау жөніндегі Ереже;
Тармақша 2
2) облыс Әкімінің сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссия құрамы бекітілсін. З. Облыстық қаржы басқармасы (Ж. Е. Аманбаев) облыстық бюджет қаржысының есебінен облыс Әкімінің 1500,0 мың теңге мөлшеріндегі сыйлығын төлеу үшін облыстық мәдениет басқармасына (Е. Ә. Қалиев) қаржы бөлсін және сондай-ақ жыл сайын облыстық бюджетте облыс Әкімінің сыйлығын төлеу жөнінде қаржы қарастырып отырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 1 наурыздағы қаулысымен бекітілген Облыс Әкімінің шығармашы қызметкерлерге арналған сыйлығын тағайындау жөніндегі ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Облыс Әкімінің сыйлығы 10 ізденушіге әрқайсысының мөлшері 150,0 мың теңгеден тағайындалады.
Тармақ 2
2. Композиторлар, вокалист-солистер, музыканттар, мәдениет және өнер қайраткерлері облыс Әкімінің сыйлығына ізденуші болуы мүмкін. З. Облыс Әкімінің сыйлығын тағайындау туралы ұсыныстар облыс Әкімінің шығармашы кызметкерлерге арналған сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияға облыстық, калалық, аудандық мекемелер, мәдениет және өнер кәсіпорындары арқылы 1 желтоқсанға дейін өткізіледі.
Тармақ 4
4. Облыс Әкімінің сыйлығына ұсынылған ізденуші құжаттарының тізбесі:
Тармақша 1
1) ұсыным-мінездеме;
Тармақша 2
2) ұсынып отырған ұйымның шешімі;
Тармақша 3
3) жеке парақ;
Тармақша 4
4) 4x6 2 фотосурет. Комиссия ізденушінің қызметін сипаттайтын қосымша материалдар сұратуға құқылы.
Тармақ 5
5. Лауазым иелерінің, еңбек ақы төленетін шығармашы және басқа да бірлестіктер, коммерциялық, сондай-ақ сайланбалы органдар басшыларының кандидатуралары қарауға қабылданбайды.
Тармақ 6
6. Комиссия облыс Әкімінің сыйлығын тағайындау туралы ұсыныстарды бір айлық мерзім ішінде (желтоқсан) қарайды. Облыс Әкімінің шығармашыл қызметкерлерге арналған сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның кандидатураларды бекіту туралы шешімі комиссия отырысында қабылданады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және облыс Әкіміне ұсынылады.
Тармақ 7
7. Облыс Әкімінің сыйлығын тағайындау өлшемі:
Тармақша 1
1) жас санаттарына қарамастан, облыстың мәдени және рухани әлеуетін дамытуға үлес қосқан мәдениет және онер қызметкерлеріне;
Тармақша 2
2) халық шығармашылығы мен кәсіби өнердің қалалық, облыстык, республикалық және халықаралық конкурстарында жоғары нәтижелерге жеткен қатысушылар;
Тармақша 3
3) облыстың әдебиетін дамытуға белгілі дәрежеде үлес қосқан жазушылар мен ақындар;
Тармақша 4
4) облыстың музей және кітапхана ісін дамытуға, тарихи-мәдени мұраларын, бейнелеу және сәндік қолданбалы өнерін құруға, сақтауға және қалпына келтіруге үлес қосқан мәдениет қайраткерлері сыйлыкты тағайындауға ізденуші бола алады.
Басқа 21
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 37 каулысымен бекітілген Облыс Әкімінің сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Есіркепов Амангелді Қабашұлы Облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Қалиев Еркеш Әдиетұлы «Облыстык мәдениет баскармасы» ММ бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Тағымов Марат Мырзағалиұлы «Ішкі саясат департаменті» ММ директоры Юсупова Рашида Әбілсағытқызы кала әкімінің орынбасары Құрманәлин Мұхтар ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі (келісім бойынша) Қожамбаев Қайырғали Үсенғалиұлы композитор, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Озёрная Полина Петровна балетмейстер, білім саласының үздігі, қалалық окушылар сарайының «Искорки» үлгілі ән-би ансамблінің коркемдік жетекшісі (келісім бойынша) Бриц Виктор Иванович Т. Ахтанова атындағы облыстық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Кенбай Жәдігер Қылышбайұлы мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретшілер одағы облыстық болімшесінің төрағасы