Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Каражал Күшін жойған
Басқа 0
Қаражал қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаражал қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қаражал қаласы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Қаражал қалалық мәслихатының
2027 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 102 шешіміне
қосымша
Қаражал қаласы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Теңге
(Қосылған құн салығымен)
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын,
айына
380,00
Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне), жылдық тариф
1 м3
2 425,55