Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Каргалинском районе Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 маусымдағы 2023 жылғы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 шешіміне 1 қосымша Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қарғалы ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі);
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 8
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 9
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 10
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 12
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
Тармақша 14
14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың 9 тармағының соңғы абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалар Қарғалы ауданында тұрақты тіркелген және тұратын тұлғаларға таралады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген әлеуметтік көмек шаралары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігін ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағидалармен белгіленді. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет тағайындалады.
Тармақ 7
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек көрсету, алушылар тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2. Әлеуметтік көмек көрсету, алушылар тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 8
8. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай бір рет көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне орай: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1272 (бір мың екі жүз жетпіс екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 90 (тоқсан) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде; Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацта көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, 39 (отыз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде; 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 90 (тоқсан) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - бұрынғы КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 39 (отыз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде; 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 39 (отыз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде; қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 39 (отыз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде; Ауғанстанда әскери қызметiн өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 39 (отыз тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) 25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне орай: осы тармақшаның соңғы абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектігі бар адамдарға 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай: Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен бекітілген тәртіпте ақталған тұлғаларға 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.
Тармақ 9
9. Табыстарын есепке алмағанда әлеуметтік көмек жылына бір рет мынадай негіздер бойынша көрсетіледі:
Тармақша 1
1) осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей жүгінген азаматқа (отбасыға), оларға не олардың мүлкіне дүлей апаттың салдарынан зиян келуіне байланысты 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей жүгінген азаматқа (отбасыға), өрт салдарынан оларға не олардың мүлкіне зиян келуіне байланысты 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі;
Тармақ 10
10. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 «Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген тізбесіне (бұдан әрі – Тізбесі) сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың бірінен зардап шегетін тұлғаларға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Тізбесі бойынша бір рет берілетін әлеуметтік көмек бір тұлғаға бір ауру бойынша көрсетіледі. Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының орташа табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) сәйкес есептеледі. Отбасының құрамы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу Қағидаларының 10-тармағына сәйкес белгіленеді. Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісін есептеу кезеңіндегі (өткен тоқсан) отбасының жиынтық кірісі көрсетілген кезеңдегі айлардың санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Осы Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды. Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады. Мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды. Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 12
12. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) Әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді. Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – АЖ) осы Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады. АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
Тармақша 3
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі: дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады. Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-на қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нан келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмекті көрсетудің тәртібі мен мерзімдері, бас тарту, тоқтату, қайтару және төлеу үшін негіздері Үлгілік қағидалардың 3-тарауына сәйкес айқындалады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Қарғалы ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тұрақты тұру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге кеткен;
Тармақша 3
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады. Осы тармақтың 3) тармақшасы осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды. Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация: біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын; ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-ы күніне әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатына сұраныс қалыптастырады.
Тармақ 18
18. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады. Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-сі күнінен кейін түскен өтінімдер бойынша мемлекеттік корпорацияға төлем жасалатын айдың 1-іне дейін әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын Әлеуметтік бағдарламалар бөліміне аударады.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 24
24. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Басқа 60
Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 123 шешіміне 2 қосымша Қарғалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 2 наурыздағы №404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4826 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 27 шілдедегі №51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5035 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 3
3. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы №404 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2018 жылғы 31 мамырдағы №245 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-166 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 4
4. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 24 шілдедегі №368 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6311 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 5
5. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәлихатының «Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 404 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 9 сәуірдегі №451 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7039 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 6
6. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының «Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы №404 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №533 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7904 болып тіркелген) шешімі;
Тармақ 7
7. Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының «Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы №404 «Қарғалы ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 25 мамырдағы №30 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8359 болып тіркелген) шешімі.