Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные социально-значимые перевозки пассажиров на территории города Қонаев Күшін жойған
Басқа 0
Қонаев қаласында және аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қонаев қаласының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтері келесі мөлшерде белгілесін:
Тармақша 1
1) жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
Тармақша 2
2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қонаев қалалық мәслихаты