Об утверждении Положения о городской бюджетной комиссии Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық бюджеттік комиссия туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі туралы 1999 жылғы № 351-1 Заңының 6-4 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Берілген қалалық бюджеттік комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Е. Баяхметовке жүктелсін.
Басқа 3
Қала әкімдігінің "Қалалық Бюджеттік комиссия туралы Ережені бекіту туралы" 2004 ж. " 10" наурыз № 131 каулысымен бекітілді Қалалық Бюджеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 3
1 .Осы Ереже тұрақты негізде қызмет ететін қалалық Бюджеттік комиссияның (одан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазакстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның максаты
2. Комиссияның максаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржылық жылға қала бюджеті жобасының уақытылы және саталы әзірленуін қалалық бюджеттің өзін әзірлеуді және қалалық бюджетті нақтылау мен орындау жөніндегі ұсыныстарды жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері: орта мерзімді кезеңге қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары негізінде үш жылдық мерзімге қала бюджетінің негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарау және айқындау; тиісті қаржылық жылға арналған қала бюджеті жобасының көрсеткіштерін қарау және айқындау; алдағы үш жылдық кезеңге шығындар лимиттерін қоса, оның ішінде үстіміздегі жылы іске асырылған жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша қала бюджетін негізгі болжамдық көрсеткіштерін қарау және айқындау; үстіміздегі жылы жүзеге асыратын жобаларды ескеріп, алдағы үш жылдық кезеңге қалалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың көлемі мен тізбесін қарау және айқындау; үстіміздегі қаржылық жылдың басына қалыптасқан бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кредиторлық қарызын жоспарланып отырған қаржылық жылында өтеу көлемін айқындау; алдағы қаржылық жылға қалалық бюджеттің жобасын қалалық дамуының экономикалық - әлеуметтік бағдарламаларын, тиісті қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын қарау және айқындау; тиісті қаржылық жылға қалалық бюджетті нақтылаү жөнінде үсыныстар жасау; қалалық бюджеттік бағдарламаларды іске асырү барысында мониторингтер нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жүмыс органымен дайындалған материалдарды карайды және айқындайды: қала бюджетінің алдағы үш жылды кезеңге болжамдық көрсеткіштерін; қалалық бюджетке түсетін түсімдерді; қалалык бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тұрғысындағы қалалық бюджеттің шығыстар лимитін, оның ішінде ағымдағы жылы іске асырылатын жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша;
Тармақша 2
2) Қалалық бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері бойынша қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен Комиссияның жұмыс органдары арасындағы келіспеушіліктерді реттеу жөнінде шешім қарайды және шығарады;
Тармақша 3
3) Қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша Комиссияның жұмыс органының қортындысын қарайды және олар бойынша шешім шығарады;
Тармақша 4
4) алдағы қаржылық жылға арналған қалалық бюджет жобасын қарайды және айқындайды;
Тармақша 5
5) келесі ұсыныстарды қарау және жасау: тиісті қаржылық жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау бойынша; бюджеттік бағдарламалар паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қортындылары туралы қалалық қаржы басқармасының ақпараты негізінде бюджеттік бағдарламаларды одан әрі іске асыру бойынша;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқығы
4. Комиссияның құқығы
Тармақ 6
6. Комиссияның өз міндеттеріне сәйкес құқығы бар:
Тармақша 1
1)облыстық, қалалық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара әрекет жасау, сондай-ақ Комиссия міндеттерін іске асыру үшін жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тартуға;
Тармақша 2
2) оның құзырына жататын мәселелер бойынша шешім қабылдау және ұсыныстар енгізуге; ұ
Тармақша 3
3) заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мең басқа да ұйымдардан Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті материалдар сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссия міндеттерін іске асырға байланысты мәселелер бойынша бірінші басшыларды және мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшыларының міндетін атқарушы тұлғаларды Комиссия отырысына шақыруға, тыңдауға қүқылы.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметінің тәртібі
5. Комиссия қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссия органдары:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы;
Тармақша 2
2) Комиссияның төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары
Тармақша 4
4) Комиссияның хатшысы.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысының арасындағы кезеңде оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін Комиссиянынұ жұмыс органы шешеді.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы оның қыметін басқарады, Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын кызметке жауапкершілік атқарады. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функциясын комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
Тармақ 11
11. Жұмыстың жоспар-кестесін Комиссия белгілейді. Қала бюджетінің жобасын әзірлеу кезеңінде Комиссия жұмысының жоспар-кестесі Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен жергілікті бюджеттердің жобасын әзірлеу Ережелерімен айқындалған мерзімге сай, сондай-ақ облыстық бюджеттік комиссия жұмысының жоспар-кестесіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерінің отырыстарға қатысу бойынша өз өкілеттігін басқа тұлғаларға беруге құқы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінін сауалдама алу жолымен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, онда ол қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелері шешімдер қабылдауда тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Әр мәселе бойынша дауыс қортындысын көрсетіп, Комиссия отырысының күн тәртібі мәселелерін қарау нәтижелері тиісті хаттамаларға енгізіледі және төраға айқындаған жағдайда, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері бұрыштама соғады. Комиссия қабылдаған шешім төраға мен хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өзіннің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы, ол отырыс хаттамасына қосылып тіркеледі.
Тармақ 15
15. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған Комиссия шешімі барлық мемлекеттік органдармен міндетті түрде қарауға және көрсетілген мерзімде орындауға жатады.
Тармақ 16
16. Комиссия жұмыс органының функциялары қалалық қаржы басқармасына жүктеледі.
Тармақ 17
17. Жұмыс органының функциялары Комиссия айқындаған мерзімдер мен күн тәртіптеріне сәйкес отырысқа материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелеріне, жергілікті атқарушы органдар мен қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тарату, комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер мен осы Ережеден туындайтын өзге де функциялар болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
6. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 18
18. Комиссия қызметін тоқтату туралы қала әкімдігімен қаулы қабылдау Комиссия қызметінің тоқтатылуына негіз болып табылады.
Тармақ 19
19. Осы Ереженің 18 тармағында көрсетілген Комиссия қызметін тоқтатуға әкелетін жағдайлар туындаса, әкімге жасалған жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.