Об образовании Межведомственной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом при акимате Северо-Казахстанской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi жанындағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия құру туралы. Нашақорлықтың алдын алу және есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы әрекеттер жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметтерiн үйлестiру мақсаттарында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi жанынан (iлгерiде Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия құрылсын. Нұсқалған Комиссияның дербес құрамы бекiту үшiн облыстық мәслихатқа жiберiлсiн.
Тармақ 2
2. Комиссия туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Нұсқалған консультативтiк-кеңес органы өз қызметiн Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына, бекiтiлген Ережеге сәйкес жоспарлы негiзде жүргiзсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсiн.
Басқа 5
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 16 наурызда N 49 қаулысымен бекiтiлген "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия құру туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi жанындағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия құрамы Нұрақаев Ерiк Есiмұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, төрағасы Меньших Александр Валентинович - облыстың ІІБ бастығының бiрiншi орынбасары, төраға орынбасары Аяжанов Қырым Мұқажанұлы - облыс әкiмi аппараты әкiмi мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маманы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелерi Бикенов Рүстем Төлегенұлы - мәдениет басқармасының бастығы Балтабаева Ғалия Қазезтайқызы - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiнiң бастығы Воронцова Наталья Геннадьевна - денсаулық сақтау департаментiнiң бастығы Дайыров Амангелдi Алтайұлы - туризм және спорт басқармасының бастығы Дiнкенова Сайран Әбiлқайырқызы - бiлiм департаментiнiң бастығы Дермановский Анатолий Иванович - Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментi бастығының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша) Жұмабаева Мара Мәскенқызы - ақпарат басқармасы бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) Ыбыраев Сабыр Есмағұлұлы - Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң тәрбие жұмысы жөнiндегi проректоры (келiсiм бойынша) Иванов Денис Олегович - жастармен жұмыс жөнiндегi облыстық комитет бастығы Қасейiнов Қуандық Әскерұлы - iшкi саясат департаментiнiң бастығы Қасымов Сәрсенбай Орымбайұлы - Солтүстiк Қазақстан облысы әдiлет департаментi бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) Нұрғожин Ерғали Әлiбайұлы - Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментi бастығының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша) Шәйкенов Болатбек Есләмбекұлы - Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша кедендiк бақылау департаментi бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)
Басқа 6
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 16 наурызда N 49 қаулысымен бекiтiлген "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жанындағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия құру туралы" Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi жанындағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi жанындағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия консультативтiк-кеңес органы болып табылады. Өңiрде нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметтерiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiн Конституцияға , қолданыстағы заңнамаларға, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен бекiтiлген, 2001-2003 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрес стратегиясына және облыстық мәслихаттың 2000 жылғы 27 қазандағы облыстық мәслихаты ҮІІ сессиясының N 7/3 шешiмiмен бекiтiлген 2001-2005 жылдарға арналған Солтүстiк Қазақстан облысының нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күрестiң өңiрлiк бағдарламасы және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзыретiндегi мәселелер бойынша комиссия хаттамасымен ресiмделетiн, қаралатын мәселелердiң сипаты мен мазмұнына қарай ұсынымдарды пысықтайды, қорытындылар бередi.
Тармақ 4
4. Комиссия облыс әкiмiнiң орынбасары болып табылатын төрағадан, төраға орынбасарынан, босатылған хатшыдан облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнiң бас маманынан және комиссия мүшелерiнен тұрады.
Тармақ 5
5. Комиссия мүшесi лауазымы бойынша ҰҚК, қаржы полициясының, кедендiк бақылаудың, әдiлет департаменттерiнiң, ақпарат басқармасы (келiсiм бойынша), облыс ІІБ-ның заңсыз есірткі айналымымен күрес мәселесіне жетекшілік ететін бастық орынбасарлары, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, денсаулық сақтау, білім, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі саясат департаменттерінің, мәдениет, туризм және спорт басқармаларының бірінші басшылары болып табылады. Сондай-ақ Комиссия мүшесі басқа да лауазымдық тұлғалар, облыстық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестік өкілдері мен жекелеген азаматтар бола алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі міндеттері мыналарға жәрдемдесу болып табылады:
Тармақша 1
1) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі бірегей саясатқа негізделген өзара байланысты бара-бар шаралар кешенін жүзеге асыру кезінде жаңа тәсілдерді әзірлеу;
Тармақша 2
2) облыстағы нашақорлықпен және есірткі бизнесінің таралуына, нашақорлықтың және есірткі қылмысының алдын алу, есірткіге тәуелді тұлғаларды емдеу және сауықтырудың тиімді мемлекеттік және қоғамдық қарсы әрекеттер жүйесін құру және нығайту.
Тармақша 3
3) облыс халқында әлеуметтік нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.
Тармақ 7
7. Жүктелген міндеттеріне сәйкес мыналар бойынша ұсынымдар әзірлеу Комиссия функциясы болып табылады:
Тармақша 1
1) есірткілік құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды шектен асыра қолдануға қарсы әрекеттер саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің, есірткінің ашық және жасырын айналымына мемлекеттік бақылауды күшейтудің негізгі бағыттарын айқындау;
Тармақша 3
3) есірткінің заңсыз айналымына қарсы әрекеттер механизмін, есірткіні асыра қолданатын тұлғаларды дер уақытында анықтауды, оларды емдеу және әлеуметтік сауықтыруды одан әрі жетілдіру және жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) бұл істе мемлекеттік органдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, оқу орындарын, медициналық, мәдени спорттық мекемелерді, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктер мен халықты белсенді қатыстыру арқылы нашақорлықтың және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыспен күрес тиімділігін арттыру;
Тармақша 5
5) нашақорлық және есірткі бизнесінің алдын алу және күрес жөніндегі халықаралық және өңіраралық ынтымақтастық мәселелері;
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілеттігі
3. Комиссияның өкілеттігі
Тармақ 8
8. Комиссия өзінің негізгі міндеттерін жүзеге асыру және функцияларын жүзеге асыру барысында мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғаушы және басқа мемлекеттік органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан және қоғамдық бірлестіктерден өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Стратегияларын, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын, сондай-ақ нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі өз іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттар сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) нашақорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмысқа қатысатын мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және жұртшылықтың қызметтерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды тұлғаларының есептерін тыңдауға;
Тармақша 4
4) облыс әкімінің, облыстық мәслихат сессиясының жоғары тұрған мемлекеттік органдардың қарауына нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің айрықша өзекті мәселелерін қарауға және осы саладағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізуге.
Тармақ 9
9. Комиссия мыналарға міндетті:
Тармақша 1
1) олардың құзыретіне енетін олармен қолданыстағы заңнамаларға сәйкес функцияларды жүзеге асыру кезінде онымен қызметтерін үйлестіретін мемлекеттік органдардың дербестік сақтауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) облыс әкімінің және облыстық мәслихаттың алдында өзінің қызметтері, облыстағы нашақорлық жағдай және оны жақсарту жөніндегі шаралар туралы есеп беруге.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Комиссияның дербес құрамы облыс әкімінің ұсынымы бойынша облыстық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Комиссия өз құрамында кіші комиссия, кеңес, жұмыс топтарын құра алады.
Тармақ 12
12. Комиссияның жұмысы алқалық және жеке жоспар бойынша жариялылық негізде құрылады.
Тармақ 13
13. Комиссия өз жұмысын мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің осы ережемен нұсқалған міндеттер мен функциялардың мазмұны және нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес Стратегиясында Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалармен көзделген негізгі іс-шаралар негізінде үйлестіреді.
Тармақ 14
14. Комиссия өзінің кезекті отырысын кемінде тоқсанына бір рет өткізеді. Отырыс комиссия мүшелерінің жартысынан астамы болған жағдайда заңды деп саналады. Кезектен тыс отырыстар комиссия төрағасының - облыс әкімінің бастамашылығы бойынша немесе комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамының бастамашылдығымен шақырылады.
Тармақ 15
15. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссия қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оның жұмысына басшылық етеді;
Тармақша 2
2) комиссияның құзыретіне енетін мәселелер бойынша мемлекеттік, құқық қорғау және басқа органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен байланысты іс-қимыл жасайды.
Тармақша 3
3) комиссияның қызметі үшін облыс әкімі, сәйкес жоғары тұрған органдар алдында есеп береді.
Тармақша 4
4) осы Ережемен көзделген басқа да өкілеттіктерді іске асырады.
Тармақ 16
16. Комиссия мүшелері мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) аталмыш алқалық органның құзыретіне жататын мәселелерді комиссияда қарау кезінде кеңестік дауысқа;
Тармақша 2
2) комиссия қабылдаған шешіммен келіспеген жағдайда жазбаша түрде комиссия төрағасы назарына жеткізе отырып, өзінің ерекше пікірін білдіруге;
Тармақша 3
3) комиссия төрағасының рұқсатымен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктердің лауазымдық тұлғаларынан нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Президент және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды, өз іс-шараларын талап етуге;
Тармақша 4
4) комиссия төрағасының тапсырыстары бойынша басшылық құрамының, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер ұжымының мәжілістеріне, отырыстарына, жиналыстарына қатысуға;
Тармақша 5
5) комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті.