Об организации движения транспортных средств в период весеннего паводка на автодорогах местной сети Күшін жойған
Басқа 0
Жергіліктік автомобиль жолдарында көктемгі су тасқыны кезінде көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі №245 «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі №845 «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қаулысына сәйкес және жердің жібуі кезінде жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары мен жол қондырғыларының сақталуын қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы 2004 жылдың 27 наурызынан 15 мамырына дейін жергілікті маңызды, киыршық тас, қара және асфальт-бетон төселген жолдарда осіне түсетін салмағы 6 тоннадан асатын шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар және тіркемелі К-700, Т-150 тракторлар жалпы қолданыстағы жолдармен жүруін шектеу бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 2
2. Құрылыс, өнеркәсіп, көлік және басқа да мүдделі кәсіпорындарға, қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, көктемде жер жібігенге дейін қажетті жүктерін, әсіресе ауыр салмақты және ірі габариттілерін ертерек тасып алу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Көлік бақылау басқармасы, жол полициясы, Ақмола облыстық автомобиль жолдары басқармасы, «Қазақавтодор» Ақмола облыстық филиалы, «Көкшетау жолдары» Акционерлік қоғамы белгіленген шектеулердің сақталуы мен уақытша жол белгілері орнатылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінін орынбасары А.Сейітжановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. 2003 жылғы 12 сәуірде «Акмолинская правда» және 2003 жылғы 22 сәуірде «Арқа ажары» газеттерінде шыққан Ақмола облыс әкімдігінін 2003 жылғы 19 наурыздағы № а-3/97(1655) «Көктемгі су тасқыны кезінде көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын.