Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера на территории Шетского района Күшін жойған
Басқа 0
Шет ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 50 бабына және 48 бабы 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылдық округі және Ақшатау кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Карсембаев Даурен Құралұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.