Об утверждении Инструкции по проведению оценки воздействия намечаемой хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду при разработке предплановой, предпроектной и проектной документации Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс әсер етудiң алдын алу мақсатында қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi заңнама талаптары негiзiнде жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау жүргiзу рәсiмiн орындауды ретке келтiру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Сараптау және лицензиялау департаментiнiң директоры И.Ж. Әлиев осы бұйрықты заңнамасымен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi Ж.Л.Бекжановқа жүктелсiн.
Басқа 5. Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау (ҚОӘБ) жүргізу бойынша нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 ж. 28 ақпандағы N 68-П Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау (ҚОӘБ) жүргізу бойынша нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Алдын ала жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау (ҚОӘБ) жүргізу бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының " Қоршаған ортаны қорғау туралы ", " Экологиялық сараптама туралы " заңдарына және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдеріне сәйкес жасалып отыр.
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау (бұдан әрі - ҚОӘБ) қабылданатын басқарушылық және шаруашылық шешімдер түрлерінің экологиялық және басқа да зардаптарын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи қорлардың жойылуын, азуын, сарқылуын болдырмау жөнінде нұсқауларды әзірлеу мақсатын ҚОӘБ-да жүргізіледі. ҚОӘБ көзделіп отырған нақты ауқымды және (немесе) экологиялық қауіпті объектілер мен құрылыстарын құруды (дамытуды, қайта құруды, консервациялауды, жоюды) реттейтін жобалық құжаттама үшін жасалып отыр және онымен бір топтамада келісу үшін мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылады.
Тармақ 3
3. Осы нұсқаулық жобалау алдындағы, жобалық құжаттамаға сәйкес көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметті ұйымдастырудың барлық сатыларында оны әзірлеу және жүргізу туралы шешімдерді қабылдау кезінде ҚОӘБ өткізудің жалпы тәртібін айқындайды. ҚОӘБ келесі жобалық құжаттамалар үшін жасалады:
Тармақша 1
1) Кешендер, құрылыс нысандары мен мекемелерді салудың, өлкені немесе өнеркәсіп салаларын өркендету бағдарламаларының мәндерін тұжырымдаудың алғашқы сатысында.
Тармақша 2
2) Халық орналасқан жерлерді, қалалар мен ауылдарды, облыс орталықтарын орналастыру жоспарларын дайындау кезінде.
Тармақша 3
3) Кешендер, құрылыс нысандары мен мекемелерді салудың қайта жабдықтау, кеңейту, жаңарту Техникалық негіздемелері мен есептерін даярлау кезінде.
Тармақша 4
4) Материалдарды, технологиялар мен техникаларды сертификаттау кезінде, және де кешендерді, құрылыс нысандарды, мекемелерді салуға арналған неше түрлі жобаларды жасау кезінде.
Тармақша 5
5) Өнім қалдықтарымен айналысқан кезде, табиғатты пайдалану мақсатында алатын рұқсатты негіздемелеу кезінде.
Тармақша 6
6) Халықты экологиялық жағынан қауіпсіздендіру және табиғатты қорғау үшін жасалатын әдістемелік құжаттарды даярлау кезінде. Қолданыстағы объектілерге арналған ҚОӘБ рәсімі экологиялық аудит саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттармен реттеледі.
Тарау 2. 2. Терминдер мен айқындамалар
2. Терминдер мен айқындамалар
Тармақ 4
4. Нұсқаулықта төмендегідей негізгі терминдер мен айқындамалар қолданылып отыр: қоршаған орта - атмосфералық ауаны, жердің озондық қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдік әлемін қоса алғанда, табиғи объектілердің жиынтығы, сонымен қатар олардың өзара әрекеттесуі нәтижесіндегі климат; әсер - адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, топырақты, жер қойнауын, ауаны, климатты, ландшафты, тарихи ескерткіштер мен басқа да материалдық объектілерді, осы факторлар арасындағы өзара байланысты қоса алғанда қоршаған орта үшін көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің кез келген зардабы; ол сондай-ақ мәдени мұра мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тигізілген зардаптарды да қамтиды, осы факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады; Тапсырыскер - қызметтің осы түріне қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша құжаттаманы дайындау үшін жауапты және көзделіп отырған қызмет бойынша құжаттаманы экологиялық сараптамаға ұсынатын заңды немесе жеке тұлға; өзгеру - қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріндегі және (немесе) олардың үйлесіміндегі қайтымды және (немесе) қайтымсыз өзгеріс; зардап - көзделіп отырған шаруашылық немесе өзге де қызметтің әсерінің нәтижесі және содан пайда болған, қоршаған табиғи және (немесе) әлеуметтік-экономикалық ортада көрініс тапқан өзгерістер; ҚОӘБ бойынша құжаттаманы әзірлеуші - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүзеге асыратын, аталған қызметті жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган берген тиісті лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға; қоғамдық талқылаулар - халықтың (жұртшылықтың) мүдделерін қозғайтын көзделіп отырған қызметті орындау жөніндегі шешімдерді қабылдауға оның қатысуына кепілдік беретін тура және кері ақпараттық байланысты қамтамасыз ететін, ҚОӘБ-тің міндетті құрамдас бөлігінің жалпылама атауы; экологиялық сараптама - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға ықтимал, жағымсыз әсері мен оларға байланысты зардаптарды болдырмау мақсатында оның қоршаған орта сапасының нормативтеріне және экологиялық талаптарына, сараптама объектісін іске асыруға жол берілуіне сәйкестігін анықтау; экологиялық тәуекел - табиғи объектілер мен факторлардың кез келген (қасақана немесе кездейсоқ, біртіндеген және апатты) антропогендік өзгерістерінің қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына (қолайсыз зардаптарының ықтималдығы; экологиялық сүйемелдеу - көзделіп отырған қызметті жүзеге асырудың барлық сатыларында оған экологиялық негіздеме беру бойынша ұйымдық-техникалық және қисынды түрдегі өзара байланысқан әрекеттердің жүйелілігін қамтамасыз ететін рәсім; экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде пайда болатын қатерлерден қорғалу ахуалы; экологиялық қауіп-қатер - қоршаған орта ахуалының антропогендік және табиғи, оның ішінде дүлей апаттарды қоса алғанда, нәубеттер мен апаттарға байланысты әсерлердің ықпалынан бүлінуімен, өзгеруімен немесе солай болу ықтималдығымен сипатталатын және де соған байланысты жеке адамның және қоғамның өмірлік маңызды мүдделеріне қатер төндіретін ахуал; экологиялық тұрғыдан қауіпті қызмет - басқарушылық және инвестициялық қызметті қоса алғанда, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тікелей немесе басқа нәрсе арқылы зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе тигізіп отырған қызмет; экологиялық жағынан қауіпті объект - іске асырылуы адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе тигізіп отырған сараптама объектісі.
Тарау 3. 3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қағидаты
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қағидаты
Тармақ 5
5. ҚОӘБ төмендегідей қағидаттардың негізінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) кіріктірілу (кешенділік) - көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға, жергілікті тұрғындарға, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке әсер ету мәселелерін қарастыру оларды технологиялық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, жоспарлаушылық және басқа да жобалық шешімдермен өзара байланыстыра отырып жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) баламалылық - зардаптарды бағалау көзделіп отырған қызметтен бас тарту нұсқасын ("нөлдік" нұсқаны) қоса алғанда жобалық шешімдердің баламалық нұсқаларын міндетті түрде қарастыруға негізделеді;
Тармақша 3
3) жеткіліктілік - ҚОӘБ өткізу кезінде нақтылау дәрежесі көзделіп отырған қызмет қоршаған ортаға, жергілікті тұрғындарға, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке әсерінің экологиялық маңыздылығымен айқындалатын дәрежеден төмен болмауы тиіс;
Тармақша 4
4) сақтау - көзделіп отырған қызмет аумақтар мен су айдындарының биологиялық сан алуандылығының азаюына, биологиялық өнімділігі мен массасының төмендеуіне, сонымен қатар көзделіп отырған қызмет ықпалының аймағындағы биосфераның табиғи құрамдас бөліктерінің өмірлік маңызды қасиеттерінің нашарлауына әкеп соқпауы тиіс;
Тармақша 5
5) сыйысымдылық - көзделіп отырған қызмет жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын нашарлатпауға және шаруашылық қызметтің басқа түрлеріне, ауыл шаруашылығына, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне орны толмас зиян келтірмеуге тиіс;
Тармақша 6
6) икемділік - ҚОӘБ барысы көзделіп отырған қызметтің нақты сипаты мен құжаттама түріне байланысты, талдаудың ауқымы, тереңдігі мен түріне орай өзгереді;
Тармақша 7
7) жұртшылықтың міндетті түрде қатысуы - ҚОӘБ өткізілуі барысында жұртшылықтың ҚОӘБ туралы ақпаратқа қол жеткізе алуы қамтамасыз етіледі және қоғамдық тыңдаулар (ҚОӘБ материалдарының қоғамдық талқылаулары) өткізіледі.
Тарау 4. 4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімі
4. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімі
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттамасының барысында ҚОӘБ рәсімі әрқайсысы мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысымен аяқталатын жүйелі іс-қимылдар реті бойынша өткізіледі.
Тармақ 7
7. ҚОӘБ әзірлеудің нысаны, талқылаудың толықтылығы, қолданылатын материалдардың көлемі, экологиялық ғылыми-зерттеу және жобалық-іздестіру жұмыстарының деңгейі және нақтылануы жобалау сатысына, сонымен қатар адам денсаулығына және қоршаған ортаға көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінің ауқымдылығы мен қарқынына байланысты болады.
Тармақ 8
8. ҚОӘБ материалдары жасалу деңгейі жобалау сатысына сай келетін құжат түрінде ресімделеді. Олар жобалау алдындағы және жобалық құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 9
9. Шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін құжаттаманы әзірлеу кезеңдеріне сәйкес, олардың дәйекті түрде нақтылануын және айқындалуын көздейтін ҚОӘБ сатыларына атау беріледі:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаның ахуалына шолу жасау;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (Алдын ала ҚОӘБ);
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ);
Тармақша 4
4) "Қоршаған ортаны қорғау" тарауы.
Тармақ 10
10. Көзделіп отырған қызметтің орналасатын ауданындағы табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаның жалпылап қорытылған сипаты келтірілетін, аумақты (аумақтық бірліктерді) шаруашылық үшін пайдаланудың негізгі бағыттары қарастырылатын және ҚОӘБ бойынша тұжырымдық ұстанымдар айқындалатын "Қоршаған ортаның ахуалын шолу" - ҚОӘБ өткізудің бірінші сатысы төмендегілерді қамтиды:
Тармақша 1
1) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерінің түрлері, оның қарастырылатын аумақтағы бұрыннан бар әсермен өзара әрекеттесуі (бұзылыстардың үлгілері, ластаушы құрамдастардың атауы мен мөлшері);
Тармақша 2
2) ауаға шығарылуы, төгілуі ықтимал ластағыш заттардың сипаты, өндіріс және тұтыну қалдықтарының пайда болуының болжамды көлемі;
Тармақша 3
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын тазалау мен кәдеге асырудың (көмудің) ықтимал тәсілдері;
Тармақша 4
4) ықтимал апаттық жағдайларды бағалау (әсердің ықтималдығы, ауқымдылығы, ұзақтығы);
Тармақша 5
5) жалпы экологиялық шиеленістің бәсеңдеуіне септігін тигізетін, көзделіп отырған (жоспарланатын) қызметті іске асырудың жағымсыз зардаптарын шектеу немесе бейтараптандыру бойынша ойластырылып отырған негізгі шешімдер.
Тармақ 11
11. ҚОӘБ бірінші сатысы қолдағы бар мұрағат, қор материалдары, басқа мамандандырылған әдебиет көздері, соған ұқсас жобалар бойынша көзделіп отырған (жоспарланатын) қызметтің техникалық-экономикалық параметрлерінің негізінде орындалады. ҚОӘБ рәсімінің нәтижелері бойынша табиғи ортаның ахуалын одан әрі оқып-үйрену және қоршаған ортаға әсерді егжей-тегжейлі бағалауды өткізу, сондай-ақ табиғатты қорғау шаралары жүйесін әзірлеу бойынша ұсынымдарды қамтитын қоршаған ортаның ахуалын шолуды құрайды. Шолудың материалдары шаруашылық қызметінің тапсырыс берушісі жасайтын Ниет туралы мағлұмдамаға қоса тіркеледі.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға Ниет туралы мағлұмдама ұсынылғанға дейін көзделіп отырған қызметтің тапсырыс берушісі ұсынатын Ниет туралы мағлұмдаманы талқылауға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Ниет туралы мағлұмдаманы табиғатты қорғау органдарында оңды келісу негізгі жобалау алдындағы құжатты - "Инвестицияларды негіздеуді" әзірлеуге және (Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес) көзделіп отырған қызметтің жоспарланатын объектілері мен құрылыстарын салуға арналған жер учаскесін алдын ала таңдау рәсімін бастауға негіз болып табылады.
Тармақ 14
14. ҚОӘБ өткізудің "Көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау (бұдан әрі - Алдын ала ҚОӘБ)" екінші сатысының барысында қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаның құрамындағы өзгерістердің және қоғам өмірінде және қоршаған ортадағы олардың келтіретін зардаптарының ықтимал әлеуетті бағыттары айқындалады.
Тармақ 15
15. Шаруашылық қызметінің көзделіп (жоспарланып) отырған ойының Алдын ала ҚОӘБ түрлі техникалық шешімдерді талдаудың және мамандандырылған ғылыми материалдардың және қолдағы бар, қордағы және мамандандырылған әдеби материалдардың негізінде жүргізіледі. Күрделі және ірі жобалау алдындағы әзірлемелерде алдын ала инженерлік-экологиялық іздестірулерді жүргізу керек.
Тармақ 16
16. Көзделіп отырған шаруашылық қызметіне әсердің түрлері және қарқындылығы осыған ұқсас жобалар бойынша немесе одан арғы арнайы зерттеулер және іздестірулер талап етілетін саласын көрсете отырып, әлемдік стандарттарға (технологияларға) сәйкес келетін үлестік көрсеткіштердің негізінде айқындалады.
Тармақ 17
17. Қоршаған ортаның жекелеген құрамдастарының (ауаның, топырақтың, судың, жер қойнауының және т.с.) ластану деңгейін есептеуді жүргізу талап етілмейді. Нақты көзделіп отырған шаруашылық қызметтің маңыздылығына, экологиялық тұрғыдан қауіптілігі мен ауқымдылығына қарай қоршаған ортада (ауаға, жер үсті және жер асты суларына, топыраққа) ластағыш заттарды (шығару, төгу) сейілту (тарату) үрдістерін үлгілеу бойынша қосымша есептеу Алдын ала ҚОӘБ-не енгізіледі.
Тармақ 18
18. Алдын ала бағалау нәтижесінде алынған сапалық және сандық параметрлер (шығарылған, лақтырылған заттар, өндіріс және тұтыну қалдықтары, уақытша және тұрақты пайдалануға бөлініп берілетін жер алаңдары және т.с.) бағдарлық параметрлер болып табылады және табиғатты пайдалану жөніндегі нормативтер ретінде бекітілуге жатпайды.
Тармақ 19
19. Алдын ала ҚОӘБ шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы (инвестициялау алдындағы) құжаттамада, шаруашылық және өзге де қызметке кірісудің бастапқы кезеңінде жасалатын жобалау алдындағы құжаттамада, сондай-ақ жобалық құжаттаманы әзірлеудің алдындағы "Инвестицияларды негіздеу" негізгі жобалау алдындағы құжатында жасалады, ол төмендегілерді қамтиды:
Тармақша 1
1) көзделіп отырған қызметтің қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері мен жер пайдаланудың шарттары туралы деректер;
Тармақша 2
2) аумақтың ландшафттық сипаттамасын, аймақтық жер ерекшеліктерін қамтитын қоршаған табиғи және әлеуметтік-экономикалық орта туралы мәліметтер; қоршаған табиғи ортаның ахуалы, оның құрамдас бөліктерінің антропогендік бұзылуы, құрылыс салудың ерекше шарттары (жоғары сейсмикалылығы, басқа қауіпті табиғи құбылыстар мен үрдістер) туралы деректер; көзделіп отырған қызмет ауданының табиғи құндылықтарын, оның тарихи-мәдени маңыздылығын сипаттау, қолда бар айрықша қорғалатын аумақтар мен объектілер; аумақтың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері (аумақты шаруашылық үшін, қала салу үшін қолдану) туралы материалдар.
Тармақ 20
20. Көзделіп отырған қызмет түрлерінің қоршаған ортаға әсерінің ықтимал үлгілері төмендегілерді қамтиды:
Тармақша 1
1) көзделіп отырған қызмет түрлерінің сипаттамасы (техникалық-технологиялық параметрлер, (су, жер, биологиялық, материалдық, еңбек) қорларына деген қажеттіліктер, құрылыс үрдістеріне және объектілер мен құрылыстарды іске пайдалануда көлікпен қамтамасыз ету);
Тармақша 2
2) объектілер мен құрылыстарды салу мен пайдаланудың қалыпты (штаттық) режимінде және апаттық жағдайларда (әсер етудің көздері, түрлері, дәрежесі мен аймақтары, оның ішінде ластағыш заттардың түрі, құрамы, бағдарлық көлемдері, өндіріс және тұтыну қалдықтарының сипаты - улылықтың түрі, көлемі, сыныптылығы) көзделіп отырған қызмет әсерінің түрлерін құрамдық-сапалық жағынан сипаттау;
Тармақша 3
3) қоршаған табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаның көзделіп отырған шаруашылық қызмет түрлерінің ықтимал әсеріне төзімділігін анықтау.
Тармақ 21
21. Көзделіп отырған қызметтің түрлерін іске асыру барысында қоршаған табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаның өзгеруін талдау төмендегілерді қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) пайдаланудың қалыпты (штаттық) режимінде және апаттық жағдайларда және олардың тұрғындарға тигізетін зардаптары болған кезде көзделіп отырған қызмет түрлерін іске асыру барысында қоршаған табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортадағы ықтимал өзгерістер;
Тармақша 2
2) көзделіп отырған қызметті іске асырудың түрлеріне арналған қоршаған ортаны қорғау шараларының негізгі бағыттары;
Тармақша 3
3) көзделіп отырған қызмет түрлерін іске асырудың барысында қоршаған табиғи және әлеуметтік-экономикалық ортаға келтірілуі мүмкін зиянды ірілендіре бағалау;
Тармақша 4
4) аумақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтай отырып, объект орналастырылатын жерді (көзделіп отырған қызметтің ұсынылатын түрін таңдау) негіздеу;
Тармақша 5
5) көзделіп отырған шаруашылық қызметті - жобалық құжаттаманы негіздейтін құжаттаманы әзірлеудің келесі сатысына ұсыныстар;
Тармақша 6
6) көзделіп отырған шаруашылық қызметті негіздейтін жобалық құжаттаманы ҚОӘБ келесі кезеңін өткізуге негіз болып табылатын арнайы кешендік экологиялық іздестірулер мен зерттеулерді өткізуді ұйымдастыру және құрамы бойынша ұсыныстар;
Тармақша 7
7) жоспарланатын қызметтің сипатына ауқымына, оның экономикалық маңыздылығына (қауіп-қатеріне), табиғи жағдайлардың қиындықтарына қарай, Алдын ала ҚОӘБ құрамы, көлемдері мен ақпаратты нақтылаудың жеткіліктілігі табиғат қорғау органдарымен келісуі бойынша кеңейтілуі мүмкін.
Тармақ 22
22. Жоспарлау алдындағы (инвестициялау алдындағы), сонымен қатар жобалау алдындағы бағалау сипатындағы құжаттама (бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық есептер (ТЭЕ), техникалық-экономикалық көрсеткіштер (ТЭК) және басқа да оларға ұқсас жобалау алдындағы құжаттар), сонымен қатар "Алдын ала ҚОӘБ" қоса алғанда жобалау алдындағы негізгі құжаттама - "Инвестицияны негіздеу" мемлекеттік экологиялық сараптамаға келісуге ұсынылады.
Тармақ 23
23. Жоспарлау алдындағы, сонымен қатар жобалау алдындағы бағалау сипатындағы құжаттаманы мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынғанға дейін көзделіп отырған қызметтің тапсырыскері ұсынылатын материалдарды жұртшылықпен бірге талқылауды өткізеді.
Тармақ 24
24. Көзделіп отырған қызметтің тапсырыскері үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оңды қорытындысы жоспарлау алдындағы немесе жобалау алдындағы құжаттамада қарастырылған Алдын ала ҚОӘБ жасау кезінде барынша ұтымды үлгімен таңдалған көзделіп отырған қызметтің нақты объектілері мен құрылыстарын жобалауды бастау (жіті жобалау) жөнінде шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Тармақ 25
25. ҚОӘБ өткізудің үшінші сатысы - "Қоршаған ортаның әсерін бағалау" көзделіп отырған шаруашылық қызметінің нақты объектілері мен құрылыстарының қоршаған ортаға (1-қосымша) әсерінің барлық аспектілері толық көлемінде жіті талдауды көздейді және ол қоршаған ортаның құрамдас бөліктері бойынша төмендегідей материалдарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әуедегі орта: әсерді бағалауға қажетті климаттық жағдайлардың сипаттамасы; әуедегі ортаның қазіргі ахуалының сипаттамасы (табиғи өлшеулер бойынша қолда бар материалдардың мейлінше шектеулі шоғырлануынан (МШШ) немесе әсердің болжамдық қауіпсіз деңгейлерінен (ӘБҚД) асып кету еселігі көрсетіле отырып, атмосфералық ауаға шығарылатын ластағыш заттардың тізбесі); есептелетін химиялық ластанудың көздері мен ауқымдары: жабдықтарды жобамен көзделген барынша көп жүктемелеу кезінде, сонымен қатар ықтимал бір дүркін және апаттық шығарылыс кезінде. Атмосфералық ауаның қалай ластанатынын есептеген кезде сол жердегі жұмыс істеп жатқан, салынып жатқан немесе салынуы көзделген кәсіпорындардың (объектілердің) ауаны ластауға қосатын үлестерін ескере отырып және де сол жердегі ауаның қазіргі сапасын ескеру қажет; қалдығы аз және қалдықсыз (ысырапсыз) технологияларды енгізу, сонымен қатар әлемдік озық тәжірибеге сәйкес деңгейде атмосфералық ауаға шығарылуды болдырмау (қысқарту) жолындағы арнайы іс-шаралар; қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде шығарылуы (ПДВ) және уақытша келісілген шығарылысты (ВСВ) (жұмыс істейтін объектілер үшін) анықтай отырып, нормалау кезеңдері бойынша ұсыныстар; шығатын ластауыш заттардың (соның ішінде шудан, электр-магниттік өрістерден және өзге де зиянды физикалық әсерлерден) деңгейлерін ескере отырып, қабылданған санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) мөлшерін негіздеу; ластану зардаптарын бағалау және жағымсыз әсерді төмендету бойынша іс-шаралар; атмосфералық ауаның ахуалын байқау мониторингісі мен бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар; айрықша қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) кезінде ауаға шығарысты реттеу шараларын әзірлеу;
Тармақша 2
2) су қорлары: құрылыс салу және пайдалану кезеңінде шаруашылық және өзге де қызмет үшін су қорларына деген қажеттілік, қолданылатын су сапасына қойылатын талаптар; су көзінің сипаттамасы, тұрған жері, суды шаруашылықта қолдану; су тұтыну мен су бұрып берудің экологиялық жүйесінің тиімділігінің негізгі көрсеткіші ретінде алынатын таза судың жыл сайынғы көлемінің қарқыны міндетті түрде көрсетілген объектінің су балансы; жер үсті сулары: аумақтың гидрографиялық сипаттамасы; көзделіп отырған қызмет ықпал етуі мүмкін су объектілерінің сипаттамасы (барынша жақындатылған қадағалау жармаларын қолдана отырып); су ағымының гидрологиялық, гидрохимиялық, мұз қату, термикалық, жылжу шапшаңдығы режимдері, салындылардың режимдері, қауіпті құбылыстар - тасқын су басуы, кептелу, қабыршақ мұздың пайда болуы, айдап кету құбылыстары; жер үсті су көздерінен қалыпты жағдайда, қосымша реттеусіз нормативті негізделген көлемде су алуды бағалау; санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастырудың қажеттілігі мен тәртібі; шығатын сарқынды судың мөлшері мен сипаттамасы (ағылып құйылатын жері, ластағыш заттардың шығарылуының құрылмалық ерекшеліктерін, тізбесі мен концентрацияларын көрсете отырып); айналым жүйелерінің барынша ықтималды түрде енгізілуін, сарқынды суларды қайта қолдануды, тазалау құрылыстарының тұнбаларын кәдеге жарату тәсілдерін негіздеу; қоршаған ортаға ластайтын заттардың жол беруге болатын шекті мөлшерде тастауға - (ПДС) жету бойынша ұсыныстар, олардың құрамына төмендегілер кіруі тиіс: су көзінің ластану мүмкіндігін және суды алудың экожүйеге әсерінің зардаптарын қоса алғанда, құрылыс салу және пайдалану барысында жоспарланатын объектінің сулы ортаға әсерін бағалау; құрылыстарды төсеп тартумен, көпірлерді, су алғыш құрылғыларды салумен байланысты арналық үрдістердің өзгеруін бағалау, теріс зардаптарды анықтау; су қорғау шаралары, олардың тиімділігі, іске асыру құны және кезектілігі; жер үсті суларының экологиялық мониторингін ұйымдастыру; жер асты сулары: ауданды сипаттаудың гидрогеологиялық параметрлері, жер асты суларының барланған кен орындарының анықталуы мен оның сипаттамасы; пайдаланыстағы сулы горизонттың қазіргі ахуалының сипаттамасы (химиялық құрамы, пайдаланылатын қорлары, қорғалуы), оның қауіпсіз қолданылуы үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ету, су алу құрылғыларын санитарлық қорғау аймақтарын ұйымдастырудың қажеттілігі; құрылыс салу мен пайдалану кезеңінде объектінің жер асты суларының сапасына әсерін бағалау, олардың ластану ықтималдығы; жер асты суларының ықтимал ластануының және сарқылуының зардаптарын талдау; жер асты суларын ластанудан және сарқылудан қорғау шараларын негіздеу; жер асты суларының экологиялық мониторингісінің бағдарламасы;
Тармақша 3
3) жер қойнауы: жоспарланатын объектінің әсер ету аймағында минералдық және шикізат қорларының (қорлары мен сапасы) бар болуы; құрылыс салу және пайдалану кезеңінде объектінің минералдық және шикізат қорларына тапшылығы (түрлері, көлемі, алу көздері); минералдық және шикізат қорларын өндірудің қоршаған табиғи ортаның түрлі құрамдас бөліктеріне және табиғи қорларға әсерін болжау; су режимін реттеу және бұзылған аумақтарды пайдалану бойынша табиғат қорғау шараларын негіздеу; жер қойнауын пайдалану, пайдалы қазбаларды өндіру мен ұсату операцияларын өткізу кезінде төмендегідей материалдар ұсынылуы тиіс: қолданылатын кен орындарының сипаттамасы (пайдалы қазбалар, бекітілген ГКЗ, олардың геологиялық ерекшеліктері және басқалары); зиянды топтамаларды арылтып алу мүмкіндіктерін қуаттайтын материалдар, ал улы топтамалар үшін - оларды көмудің тәсілі; пайдалы қазбалардың және ашылатын жоғарғы қабатты жыныстардың (әсіресе қайта қалпына келтіруде және құрылыс материалдары өндірісінде қолданылатын) радиациялық сипаттамасы; көзделіп отырған құрылыс объектілерін пайдалану барысында тау-кен жыныстары мен жер асты суларының ахуалын зерделеу, бақылау және бағалау үшін ұңғымалардың құрамы мен режимдік тарамын орналастыру бойынша ұсыныстар; пайдалы қазбаларды жер қойнауынан көрші учаскелер мен олар өндірілетін аудандағы жер асты қазбаларының қорларының азаюын (суландырылу, желдетілу, тотығу, тұтану және т.б. салдарынан) болдырмайтындай етіп, барынша ықтималды түрде пайдалану бойынша ұсыныстар; мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымының қорытындысына сүйене отырып, зиянды заттарды және өндіріс қалдықтарын жер қойнауына көму мүмкінділігін бағалау;
Тармақша 4
4) өндіріс және тұтыну қалдықтары: қалдықтардың түрлері және пайда болу көлемдері; аумақтың өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының ерекшеліктері (қауіптілік сыныбы, улылығы, физикалық ахуалы); қалдықтардың барлық түрлерін зиянсыздандыру, кәдеге асыру, көму бойынша ұсынымдар;
Тармақша 5
5) физикалық әсерлер: жұмыстар жасалатын аудандағы радиациялық жағдаяттың сипаттамасы, радиациялық ластанудың табиғи және техногендік көздерін анықтау; ықтимал жылу, электр-магниттік, шу әсерлерін және әсердің басқа да тұрпаттарын, сонымен қатар олардың зардаптарын бағалау;
Тармақша 6
6) жер қорлары және топырақ: жер пайдаланудың күй-жайы мен шарттары, көзделіп отырған объектіні орналастыруға арналған аумақтың және меншіктің түріне сәйкес іргелес шаруашылықтардың жер балансы, жерге орналастырудағы ұсынылып отырған өзгерістер, объектіні құру мен пайдалану кезінде өтелуге жататын, ауылшаруашылығы өндірісі шығындарын және жерді пайдаланушылардың (меншік иелерінің) зияндарын есептеу; жоспарланатын объекті әсер ететін аймақтағы топырақ жамылғысының қазіргі ахуалының сипаттамасы (бонитет баллдары көрсетілген топырақ картасы, топырақтың су-физикалық, химиялық қасиеттері, ластануы, бұзылуы, эрозиясы, дефляциясы, құнарлылығы және механикалық құрамы); топырақ жамылғысына келетін әсердің сипаттамасы (механикалық бұзылыстар, химиялық ластану), объектінің ықпал жасау аймағында топырақтардың геохимиялық үрдістердің өзгеруінің, аумақтың үстін қайта жоспарлауға байланысты бедер-пішіні жаңа түрлерінің құрылуының, табиғи үрдістердің жандануының, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының салдарынан топырақ пен жер қыртысы қасиеттерінің өзгеруі; әсер аймағында топырақтың құнарлы қабатын және ашылатын жыныстарды алып тастау, тасу және сақтау, тікелей қызметті қозғамайтын учаскелерде топырақ жамылғысын сақтау, бұзылған топырақ жамылғысын қалпына келтіру және аумақты бастапқы немесе басқа жолмен пайдалануға жарамды күйге (техникалық және биологиялық қайта қалпына келтіру) келтіру бойынша жоспарланатын шаралар және жобалық шешімдер; топырақтың экологиялық мониторингін ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) өсімдік: әсер объектісі аймағындағы өсімдік жамылғысының қазіргі ахуалы (геоботаникалық карта, өсімдік құрамы, функционалдық мағынасы, өсімдік қауымының өнімділігі, олардың табиғи қарқыны, өрт қауіпсіздігі, дәрілік, сирек кездесетін, жергілікті және Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік түрлері, көгалдандыру екпелерінің ахуалы, өсімдіктердің ластануы мен зақымдануы; өсімдікке қазіргі антропогендік ықпалдың жасалуынан болатын бірмерзімдік ауысымы); объекті мен ілеспелі өндірістердің аумақтың өсімдік қауымына, аумақтарына әсерін сипаттау, әсер ету аймағында өсімдіктердің сирек кездесетін және жергілікті түрлеріне төнетін қауіп; өсімдік қорларын қолдану көлемін негіздеу; жоспарланатын қызмет аймағының өсімдікке әсер ету ауданын айқындау; әрекет ету объектісі аймағындағы өсімдік жамылғысында келетін өзгерістер (өсімдік қауымының құрамы, ахуалы, өнімділігі, генотиптердің бейімделуін бағалау, шаруашылық және функционалдық мағынасы, ластануы, зиянды жәндіктермен зақымдануы) және осы өзгерістердің тұрғындардың өмірі мен денсаулығына келтіретін зардаптары; өсімдік қауымын сақтау, олардың ахуалын жақсарту, өсімдіктерді сақтау және ұлғайта өсіру жөніндегі ұсынымдар; өсімдік жамылғысының мониторингі бойынша ұсыныстар;
Тармақша 8
8) жануарлар дүниесі: су және жер үсті жануарларының бастапқы ахуалы; сирек кездесетін, сиреп бара жатқан және Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар түрлері; объектінің жануарлардың түр-құрамына, санына, олардың гендік қорына, мекендеу ортасына, көбею жағдайларына, қоныс аудару жолдарына және құрылыс салу мен пайдалану барысында жануарлардың шоғырланатын жерлеріне тигізетін әсерін сипаттау, түрлердің бейімделуін бағалау; объектінің әсер ету аймағындағы табиғи қауымдардың бүтіндігінің, мекендеу ортасының, көбею жағдайларының, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырланатын жерлеріне әсерінің бұзылуының, олардың алуан түрлерінің қысқаруының ықтималдығы, осы өзгерістердің оларға және қоршаған ортаға келтіретін зиянының зардаптарын бағалау; табиғи қауымдардың бүтіндігін және су мен жерде өмір сүретін жануарлардың алуан түрлерін сақтау мен қалпына келтіру, азық қорларын жақсарту жөніндегі шаралар; жануарлар әлемі мониторингісіне арналған бағдарлама;
Тармақша 9
9) әлеуметтік-экономикалық орта: жергілікті тұрғындар өмірінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың еңбек қызметін сипаттау; құрылыс салу, пайдалану және жою кезеңінде объектіні адам күші мен қамтамасыз ету, оған жергілікті тұрғындардың қатысуы; жоспарланатын объектінің аймақтық-аумақтық табиғатты пайдалануға әсері; объектінің жобалық шешімдерін орындау кезінде (объекті пайдаланудың қалыпты жағдайларында және ықтимал апаттық жағдайларда) жергілікті тұрғындардың өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеруін болжау; аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы және көзделіп отырған қызмет нәтижесінде оның өзгеруін бағдарлы түрде болжау; көзделіп отырған шаруашылық қызмет барысындағы әлеуметтік қатынастарды реттеу ұсыныстар;
Тармақша 10
10) аймақтағы көзделіп отырған қызметті іске асырудың экологиялық тәуекелін бағалау: табиғи кешендердің құндылығы (функционалдық мағынасы, ерекше қорғалатын объектілер), бөлінген кешендердің (ландшафттардың) көзделіп отырған қызмет әсеріне төзімділігі; объектіні пайдаланудың қалыпты (апатсыз) режиміндегі қоршаған ортаға әсерінің зардаптарын кешенді түрде бағалау; апаттық жағдайлардың ықтималдығы (объектінің техникалық деңгейін және қауіпті табиғи құбылыстардың болуын ескере отырып), апаттық жағдайлардың көздері, түрлері, олардың қайталануы, әсер аймағы анықталады; апаттық жағдайлардың қоршаған ортаға және тұрғындарға келтіруі мүмкін зардаптарын болжау; көзделіп отырған шаруашылық қызмет нәтижесінде қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына келтірілетін шарасыз зиянды қоршаған ортаға теріс әсер үшін нормативтік төлемдерді бағдарлық есептеу түрінде бағалау, сонымен қатар ықтимал апаттық жағдайлар нәтижесінде қоршаған ортаға нормативтік көрсеткіштен тыс зиян үшін ықтимал өтемақылық төлемдердің мөлшерлерін есептеу іске асырылады, экологиялық сақтандыру мөлшерлерін анықтау кезінде технологиялық және статистикалық негізделген өтемақылық төлемдерді есептеу қолданылады; апаттық жағдайларды болдырмау және олардың зардаптарын жою жөніндегі ұсынымдар.
Тармақ 26
26. Жұмыс құжаттамасына "Қоршаған ортаны қорғау" тарауын (бұдан әрі - Тарау) әзірлеу ҚОӘБ ресімінің төртінші сатысы болып табылады. "Жоба" сатысында қабылданған, көзделіп отырған қызметті іске асыру бойынша жекеленген техникалық шешімдер жұмыс құжаттамасын (2-қосымша) дайындау кезінде айтарлықтай өзгереді. Бұл жағдайда тарауды әзірлеу ҚОӘБ ҚОӘБ материалдарына қатысты түзетуші сипатта болады.
Тармақ 27
27. Тараудың құрамы мен мазмұны көбінесе ҚОӘБ үшінші сатысының материалдарына ұқсас келеді. Қоршаған ортаға әсердің сипаттамасы мен параметрлерінің төртінші сатысында: жұмыс құжаттамасында (жобалық құжаттамада) қарастырылатын техникалық шешімдерге сәйкес анықталуы керек; қысқаша түрде, қабылданған шешімдерді талдауға және қоршаған ортаны қарастырылатын объектінің теріс әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде баяндалуы керек.
Тармақ 28
28. ҚОӘБ ресімі сияқты тарау бір сатылы техникалық жобалау кезінде орындалатын "Жұмыс жобасы" - жобалық құжаттама үшін міндетті болып келеді.
Тармақ 29
29. Тарау өз ауқымы мен экологиялық маңыздылығы бойынша (экологиялық жағынан қауіпсіз) кішігірім объектілер және құрылыстар үшін жасалады, қоршаған табиғи ортаның құрамдас бөліктеріне әсері жергілікті сипатта болатын және санитарлық-қорғау аймақтары кемінде 100 м мөлшерінде көзделген (СанЕмН 1.01.001-94 сәйкес). Тарауды дайындау кезінде жобаланатын объектінің маңындағы аумақта табиғи ортаның құрамдас бөліктерінің ахуалына арнайы инженерлік-экологиялық іздестірулерді (қадағалауларды) өткізу қажет. Инженерлік-экологиялық іздестірулердің (қадағалаулардың) көлемі мен сипаты өнеркәсіптің тиісті саласындағы кәсіпорындарды жобалаудың ерекшеліктеріне немесе түрлі аймақтарда салынатын тұрғын үй объектілердің параметрлеріне қойылатын талаптарға қатысты нақтылануы мүмкін.
Тармақ 30
30. Тарауда: ықтимал нақты баламалық түрлері қарастырылуы тиіс және оның одан арғы іске асырылуы жүзеге асырылатын (құрылыс салу және пайдалану) техникалық экологиялық-экономикалық тұрғыда ұсынылатын түрдің таңдалуы негізделеді.
Тармақ 31
31. Тарауды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және көзделіп отырған ойдың қызметін реттейтін салалық тиісті нормативтік құжаттарды басшылыққа алған жөн.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік экологиялық сараптамаға Тарауды ұсынар алдында көзделіп отырған қызметтің тапсырыскері Тарауды және бұрын орындалған ҚОӘБ материалдарын қоса алғанда жобалық құжаттаманы талқылауға жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етеді. Көзделіп отырған қызметтің ауқымы және қоршаған ортаға шамалы болатын кезде жұртшылықтың Тарауды талқылауын өткізу ресімі аудандық оқу бөлімінде (қалалық) әкімшілік деңгейде жөн болады.
Тармақ 33
33. ҚОӘБ ресімінің барлық сатыларында арнайы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен мамандандырылған аттестатталған зертханаларды міндетті түрде тарта отырып, ғылыми-зерттеу және инженерлік-экологиялық іздестірулер өткізілуі тиіс.
Тармақ 34
34. Өткізілген ҚОӘБ нәтижелері бойынша жобалық құжаттаманың тапсырыскері дайындайтын "Экологиялық зардаптар туралы мәлімдеме" ҚОӘБ-ға жеке қосымша болып табылады және мемлекеттік экологиялық сараптамаға жобалық материалдардың құрамында ұсынылады (3-қосымша). Экологиялық зардаптар туралы мәлімдеме ҚОӘБ ресімін орындаудың барлық сатыларында құрастырылады.
Тарау 5. 5. Қоршаған ортаның әсерін бағалауды жүргізуге қатысушылар міндеттері
5. Қоршаған ортаның әсерін бағалауды жүргізуге қатысушылар міндеттері
Тармақ 35
35. ҚОӘБ өткізуі барысында алдын ала жоспарлау, жобалау және шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жобалық құжаттаманың тапсырыскері:
Тармақша 1
1) құжаттаманы дайындаудың барлық кезеңдерінде ҚОӘБ бойынша барлық қажетті экологиялық іздестірулер, зерттеулер және жұмыстардың (рәсімдердің) орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) жұртшылыққа хабарлауды және оның ҚОӘБ-ті жүзеге асыру барысына қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ҚОӘБ материалдарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Көзделіп отырған (ұсынылып отырған) қызметтің түрін таңдау кезінде ҚОӘБ нәтижелерін ескереді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына Қазақстан Республикасында бекітілген тәртіп пен рәсімдерге сәйкес ҚОӘБ материалдарын ұсынады;
Тармақша 6
6) жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманың барлық өту кезеңдерінде (келісу, бекіту) құзырлы органдардың шарттарын, кепілдемелерін және ұсыныстарын орындайды;
Тармақша 7
7) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерлерін болдырмау (нормативті деңгейлерге дейін төмендету) жөніндегі шаралардың жеткіліктілігі мен тиімділігі үшін жауапкершілік көтереді.
Тармақ 36
36. ҚОӘБ бойынша құжаттама әзірлеуші:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыскер анықтаған мерзімде ҚОӘБ жасалуының сапалы, толық, шынайы және объективті екеніне кепілдік береді;
Тармақша 2
2) тапсырыскермен бірге көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша материалдардың қоғамдық талқылануын өткізуге қатысады;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімі өту кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органда ҚОӘБ бойынша ұсынылатын материалдардың қарастырылуына тапсырыскермен бірге қатысады.
Тарау 6. 6. Жұртшылықтың қоршаған ортаның әсерін бағалауды әзірлеу рәсіміне қатысуы
6. Жұртшылықтың қоршаған ортаның әсерін бағалауды әзірлеу рәсіміне қатысуы
Тармақ 37
37. Шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін алдын ала жоспарлау, жобалау және жобалық құжаттамаға ҚОӘБ материалдарын әзірлеу кезінде қоғамдық пікірді есепке алу, оның ішінде қоғамдық тыңдауларды өткізу жүзеге асырылады. Қоғамдық пікірді есепке алу жұртшылықтың ҚОӘБ материалдарын әзірлеу мен талқылауға қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі және оны Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіппен көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің тапсырыскері ұйымдастырады.
Тармақ 38
38. Алдын ала жоспарлау, жобалау және жобалық құжаттамаға ҚОӘБ әзірлеу барысында қоғамдық пікірді есепке алудың төмендегідей сұлбасы орындалуы тиіс, ол мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жұртшылыққа хабарлау;
Тармақша 2
2) көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің тапсырыскері, ҚОӘБ әзірлеушісі, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жұртшылық арасындағы тура және кері байланыстар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және басқа нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген білікті негіздемелеу жағдайында жасалатын құжаттамада жұртшылықтың пікірін есепке алу.
Тармақ 39
39. Жұртшылыққа және басқа қоршаған ортаға әсерді бағалауға қатысушыларға хабарлау ҚОӘБ бастапқы кезеңін- "Қоршаған ортаның ахуалын шолуды" дайындау сатысында-ақ ұйымдастырылады. Осы сатыда ҚОӘБ ресімін экологиялық және әлеуметтік-экономикалық ережелері жергілікті ресми бұқаралық ақпарат құралдарында - мерзімдік баспасөзде, радиода, теледидарда және ақпаратты таратуды қамтамасыз етудің басқа жолдары арқылы жарияланады.
Тармақ 40
40. Экологиялық қауіп-қатері жоғары шаруашылық және өзге де қызметтің объектілері немесе маңыздылығы мен қоршаған ортаға әсер ету деңгейі аудандық әкімшілік жүргізу аясынан шығып кететін объектілер үшін жұртшылыққа міндетті түрде облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы хабарлау қарастырылады.
Тармақ 41
41. Қоршаған ортаға әсер ету деңгейлері шамалы, тұрғын үй сілемдеріне (гараждар, аялдамалар, контейнерлі май құятын станциялар, шағын наубайханалар, сыра цехтары және т. б.) жақын маңда немесе тікелей сол жерлерде орналасқан, санитарлық-қорғау аймағы 100 метрден аспайтын шағын кәсіпкерлік объектілері үшін - мүдделері қозғалатын тұрғындарға ғана хабарлау талап етіледі. Тұрғындарға хабарлар ақпараттық парақтар, плакаттар, көзделіп отырған қызмет ауданында көрнекі жерлерде орналастырылған басқа да ақпараттық басылымдар түрінде ұсынылады.
Тармақ 42
42. Таратылатын ақпаратта төмендегідей мәліметтер ұсынылуы тиіс:
Тармақша 1
1) көзделіп отырған қызметтің орналасқан жері және қоғамдық тыңдаулар өткізілетін нақты құжаттың атауы, мақсаты;
Тармақша 2
2) қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) жұртшылықтың қатысуының көзделетін тәртібі және бұған ұсынылатын мүмкіндіктер (ҚОӘБ бойынша материалдарға қол жеткізудің мерзімдері мен орны);
Тармақша 4
4) қоғамдық тыңдауларды жүзеге асыруды бастау;
Тармақша 5
5) жоспарланып отырған көпшілік тыңдаудың уақыты және орны.
Тармақ 43
43. Көзделіп отырған қызмет туралы ақпарат мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) ықтимал шығарылған қалдықтардың пайда болуын бағалауды қоса алғанда, көзделіп отырған қызметтің сипаттамасы;
Тармақша 2
2) көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерінің маңыздылығын суреттеу;
Тармақша 3
3) ластағыш заттардың лақтырылған, тасталған қалдықтарын қоса алғанда, қоршаған ортаға әсерді болдырмау және (немесе) азайту үшін көзделген шараларды суреттеу;
Тармақша 4
4) көзделіп отырған қызметтің қарастырылатын баламалары;
Тармақша 5
5) жоғарыда көрсетілген техникалық емес түйінсөз.
Тармақ 44
44. Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға кез келген әсерінің түрлері бойынша ақпаратта жұртшылықтың пікірлері мен тілектерін (пошталық мекенжай, телефон, электрондық пошта) жолдаудың ықтимал тәсілдері туралы мәліметтер, сонымен қатар жауапты адамдардың - тапсырыскердің өкілдерінің және ҚОӘБ әзірлеушісінің тиісті деректемелері болуы тиіс.
Тармақ 45
45. Тапсырыс беруші тапсырыскердің (орындаушының) офисінде немесе ҚОӘБ материалдары қоғамдық тыңдаулар өткізілетін уақытта ресми тәртіппен берілетін мемлекеттік мекемелерде жұртшылық өкілдерінің олармен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 46
46. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің шарттары мен мерзімдері қоршаған ортаны қорғау органдары арқылы келісіледі. Жұртшылықтың қатысуымен қабылданған шешімдер хаттамамен түрде ресімделеді. Хаттамада талқылаудың негізгі мәселелері, сондай-ақ жұртшылық пен тапсырыскер арасындағы алауыздықтардың мәні жіті жазылады. Хаттамаға жұртшылықтың қатысушылары қол қояды.
Тармақ 47
47. Қоғамдық тыңдауларды өткізудің хаттамасы көзделіп отырған шаруашылық немесе өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша материалдардың түпкілікті үлгісіне қоса тіркеледі.
Тармақ 48
48. Талқылауға тәжірибесі және тиісті біліктілігі бар мамандар мен ғалымдарды тарта отырып, нақты ауқымды және экологиялық қауіпті объектілерді қарастыру үшін ынталы топтар және кеңесші комитеттер құрылуы мүмкін.
Тармақ 49
49. Жұртшылықтың талқылауына жазбаша немесе ауызша нысанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия деп танылатын салаларды қозғамайтын болса, көзделіп отырған қызметке қатысы бар кез келген ескертпелер, ақпарат, талдау немесе пікірлер ұсынылады.
Тармақ 50
50. Тапсырыскер мен ҚОӘБ құжаттамасын әзірлеуші жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы немесе жобалық құжаттамада қабылданған техникалық, технологиялық және экологиялық шешімдерге түсіндірмелерді жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдары және тұрғындармен тікелей кездесулер арқылы ұсынады.
Тармақ 51
51. Тапсырыскер жұртшылықтың көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша материалдарға қол жеткізуі көрсетілген құжаттама бекітілген сәттен бастап көзделіп отырған қызметті іске асыру туралы шешім қабылданғанға дейінгі бүкіл мерзім ішінде қамтамасыз етеді.
Басқа 130. Әсерін бағалауды толық көлемде жүзеге асыру ұсынылатын объектілердің (қызмет түрлерінің) тізімі
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпанның N 68-П бұйрығымен бекітілген алдын ала жоспарлау, жобалау және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу тәртібі туралы Нұсқаулыққа 1-қосымша (анықтамалық) Әсерін бағалауды толық көлемде жүзеге асыру ұсынылатын объектілердің (қызмет түрлерінің) тізімі
Тармақ 1
1. Мұнай айдайтын зауыттар (тек қана шикі мұнайдан жағар май материалдарын өндіретін кәсіпорындарды қоспағанда) және 500 т және одан көбірек көмірді немесе жанатын тақтатастарды газдандыруға және сұйылтуға арналған құрылыстар.
Тармақ 2
2. Жылу қуаттылығы 300 МВт немесе одан көбірек жылу электр станциялары мен басқа да жылу құрылыстары:
Тармақша 1
1) осындай электр станцияларын немесе реакторларды бөлшектеу немесе пайдаланылуын тоқтатуды қоса алғанда (жарылатын және ұдайы ұлғайтылатын материалдарды өндіру мен қайта құруға арналған тұрақты жылу жүктемесінің барынша қуаттылығы 1 кВт-тан аспайтын зерттеу қондырғыларынан басқа), атом электр станциялары және басқа ядролық реакторлар. Атом электр станциялары және басқа ядролық реакторлар барлық ядролық отын мен басқа да радиоактивтік ластанған элементтер қондырғы алаңынан мәңгі-бақи аласталған кезде, осындай қондырғы болудан қалады.
Тармақ 3
3. Жағылып кеткен ядролық отынды ұқсататын кәсіпорындар: Өндіріске арналған құрылыстар:
Тармақша 1
1) ядролық отынды өндіру немесе байытуға арналған құрылыстар;
Тармақша 2
2) жағылып кеткен ядролық отынды немесе жоғары радиоактивтік қалдықтарды қалпына келтіруге арналған құрылыстар;
Тармақша 3
3) жағылып кеткен ядролық отынды түпкілікті көмуге арналған құрылыстар;
Тармақша 4
4) радиоактивтік қалдықтарды тек қана түпкілікті көмуге арналған құрылыстар;
Тармақша 5
5) тек қана сақтауға арналған (10 жылдан көбірек мерзімге жоспарланған) құрылыстар;
Тармақша 6
6) жағылып кеткен ядролық отынның немесе радиоактивтік қалдықтардың учаскелерінен тыс құрылыстар.
Тармақ 4
4. Бастапқы шойын және болат қорыту комбинаттары.
Тармақ 5
5. Металлургия, химиялық немесе электролиттік үрдістер арқылы кендерден, концентраттардан немесе екінші қайтара шикізаттан түсті металдар өндіретін кәсіпорындар.
Тармақ 6
6. Таскендір шығаратын және таскендірден жасалатын және құрамында таскендірі бар бұйымдарды өндіретін және ұқсататын кәсіпорындар:
Тармақша 1
1) таскендір цементі бұйымдарынан жылына 20 мың тоннадан астам дайын бұйым өндіру;
Тармақша 2
2) фрикциялық материалдардан жылына 50 тоннадан астам дайын бұйым өндіру;
Тармақша 3
3) таскендірді жылына 200 тоннадан астам көлемде кез келген басқа мақсатта пайдалану.
Тармақ 7
7. Химиялық комбинаттар, яғни химиялық түрлендіру үрдістерін пайдаланатын, функционалдық жағынан бір-бірімен байланысты бірнеше бөлімше қатысатын, және төмендегіні көздейтін, химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындар:
Тармақша 1
1) негізгі органикалық химиялық заттарды өндіру;
Тармақша 2
2) негізгі органикалық емес химиялық заттарды өндіру;
Тармақша 3
3) фосфорлық, азоттық немесе калий тыңайтқыштарын (қарапайым немесе кешенді тыңайтқыштар) өндіру;
Тармақша 4
4) ауру өсімдіктерге күтім жасау бойынша негізгі өнімдер мен биоцидтер өндіру;
Тармақша 5
5) химиялық немесе биологиялық үрдістер қолданылатын негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру;
Тармақша 6
6) жарылғыш заттар өндіру.
Тармақ 8
8. Ұзындығы үлкен теміржол желілерін және негізгі ұшатын жолағының ұзындығы 2100 м немесе одан көбірек әуежайларды салу:
Тармақша 1
1) автострадаларды және шапшаң трассаларды салу;
Тармақша 2
2) төрт және одан көбірек жолағы бар жаңа жолдарды салу және жаңа жол немесе түзетілетін және/немесе кеңейтілетін жол учаскелерінің толассыз ұзындығы 10 км және одан көбірек болатын жағдайда, екі және одан кем жолағы бар қолданыстағы жолдарды төрт немесе одан көбірек жолаққа дейін түзету және/немесе кеңейту.
Тармақ 9
9. Континенттік су жолдары және су сыйымдылығы 1350 тоннадан асатын кемелердің өтуіне арналған ішкі порттар;
Тармақша 1
1) сауда порттары, жүк көтерімділігі 1350 тоннадан асатын кемелерді қабылдай алатын өзен және теңіз порттарының жүк айлақтары (паромдық айлақтарды қоспағанда).
Тармақ 10
10. Қауіпті қалдықтарды өртейтін, химиялық өңдейтін кәсіпорындар немесе қауіпті қалдықтардың қоқысы тасталатын жерлер.
Тармақ 11
11. Өнімділігі тәулігіне 100 тоннадан жоғары қоқымды өртейтін, химиялық өңдейтін кәсіпорындар немесе әдеттегі (қауіпті емес) қалдықтардың қоқысы тасталатын жерлер.
Тармақ 12
12. Жер асты суларын алу немесе алынатын немесе тиелетін судың жылдық көлемі 10 млн. текше метрге тең немесе одан асатын болса, ызба суларды жасанды түрде тиеудің сұлбалары.
Тармақ 13
13. Су қорларын бір өзен алабынан ауыстырып құю судың ықтимал тапшылығын болдырмауға бағытталған және ауыстырып құйылатын судың көлемі жылына 100 млн. текше метрден асатын екінші алапқа ауыстырып құю жұмыстары;
Тармақша 1
1) алаптың көп жылдық орташа су ағыны жылына 2 млрд текше метрден асатын және ауыстырып құйылатын судың көлемі осы ағынның 5%-нан асатын барлық жағдайлардағы су қорларын өзен алаптары арасында ауыстырып құю жұмыстары. Екі жағдайда да ауыз су құбырлары бұған қосылмайды.
Тармақ 14
14. Өнімділігі 150 мыңнан асатын эквиваленттік тұрғынды құрайтын сарқынды су тазарту станциялары.
Тармақ 15
15. Өндірілетін көлемі мұнай үшін тәулігіне 500 тоннадан және газ үшін 500 мың текше метрден асатын мұнайды және табиғи газды коммерциялық мақсатта өндіру.
Тармақ 16
16. Ұсталған немесе қорға қалдырылған судың жаңа немесе қосымша көлемі 10 млн. текше метрден асатын, суды ұстауға немесе тұрақты сақтауға арналған бөгеттер және басқа да құрылыстар.
Тармақ 17
17. Диаметрі 800 мм-ден астам және ұзындығы 40 км-ден астам газды, мұнайды немесе химиялық заттарды тасымалдауға арналған құбыр жолдары.
Тармақ 18
18. Үй құстарын немесе шошқаларды қарқынды түрде бордақылайтын:
Тармақша 1
1) 85000-нан астам бройлері, 60000-ан астам тауығы;
Тармақша 2
2) 3000-нан астам торайы (30 кг-нан асатын) немесе
Тармақша 3
3) 900-ден астам шошқасы бар кәсіпорындар.
Тармақ 19
19. Өндірістік кәсіпорындар:
Тармақша 1
1) ағаштан және басқа да оған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза өндіретін;
Тармақша 2
2) өндірістік қуаттылығы тәулігіне 200 тоннадан астам қағаз және картон өндіретін.
Тармақ 20
20. Карьерлер және 25 гектардан асатын учаске алаңы маңында ашық тәсілмен өндіру немесе 150 гектардан асатын учаске ауданы маңында шымтезек өндіру.
Тармақ 21
21. Кернеуі 220 кВ немесе одан көбірек және ұзындығы 15 км-ден асатын электр берілісінің әуе желілерін салу.
Тармақ 22. Толық бағалау қажеттілігін мемлекеттік сараптық органдар алдын ала сараптау негізінде немесе нормативті құжаттармен айқындайтын (алып шығару) шектік деңгейлерді (терімнің өлшемдерін) қолдана отырып, объектілердің (қызмет түрлерінің) тізімі ұсыну (үзінді)
22. Мұнай, мұнай-химиялық немесе химиялық өнімдерді сақтауға арналған, сыйымдылығы 200 мың тонна және одан көбірек кәсіпорындар. Толық бағалау қажеттілігін мемлекеттік сараптық органдар алдын ала сараптау негізінде немесе нормативті құжаттармен айқындайтын (алып шығару) шектік деңгейлерді (терімнің өлшемдерін) қолдана отырып, объектілердің (қызмет түрлерінің) тізімі ұсыну (үзінді)
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және су шаруашылығы:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы шүйгін жерлерін қайта құрылымдау жобалары;
Тармақша 2
2) қарқынды ауылшаруашылығы өндірісіне арналған тың жерлерді немесе әлсіз игерілген аудандарды пайдалану жобалары;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығына арналған су қорларын басқару жобалары, соның ішінде жерді суландыру мен құрғату жобалары;
Тармақша 4
4) бастапқы орман отырғызу және жер пайдаланудың басқа үлгісі үшін өзгерту мақсатында орманды отау;
Тармақша 5
5) қарқынды мал шаруашылығы жобалары (1-қосымшаға кірмеген);
Тармақша 6
6) қарқынды балық шаруашылығы;
Тармақша 7
7) теңізден жерді босатып алу.
Тармақ 2
2. Өндіруші өнеркәсіп:
Тармақша 1
1) карьерлер, пайдалы қазбаларды және шымтезекті ашық өндіру (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 2
2) жер астында өндіру;
Тармақша 3
3) жер қыртысынан шығарып, теңіз немесе өзеннен пайдалы қазбаларды өндіру; Терең бұрғылау, атап айтқанда: геотермальды бұрғылау; ядролық қалдықтарды сақтау үшін бұрғылау; топырақтың төзімділігін зерттеуге арналған бұрғылауды қоспағанда, сумен жабдықтау үшін арналған бұрғылау;
Тармақша 4
4) тас көмір, мұнай, табиғи газ бен кендерді, сонымен қатар жанатын тақта тастарды өндіруге арналған жер бетіндегі өнеркәсіп құрылыстары.
Тармақ 3
3. Энергетика:
Тармақша 1
1) электр энергиясын, бу және ыстық су өндіруге арналған өнеркәсіп құрылыстары (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 2
2) газ, бу және ыстық суды тасымалдауға арналған өнеркәсіп құрылыстары;
Тармақша 3
3) электр энергиясын әуе желілері арқылы беру (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 4
4) табиғи газдың жер үсті қоймалары;
Тармақша 5
5) жанатын газдың жер асты қоймалары;
Тармақша 6
6) органикалық отынның жер үсті қоймалары;
Тармақша 7
7) тас көмір мен лигнинді өнеркәсіптік брикеттеу;
Тармақша 8
8) радиоактивтік қалдықтарды өңдеу мен сақтауға арналған құрылыстар (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 9
9) гидроэлектртехникалық құрылыстар;
Тармақша 10
10) электр энергиясын (жел фермалары) өндіруге арналған жел энергиясын қолданатын құрылыстар.
Тармақ 4
4. Металдарды өндіру мен ұқсату:
Тармақша 1
1) толассыз құюды қоса алғанда шойын немесе болат өндіретін кәсіпорындар (алғашқы немесе екінші қайтара балқыту);
Тармақша 2
2) қара металдарды өңдейтін кәсіпорындар; металдарды ыстық қақтау зауыттары; механикалық балғалары бар темір соғатын цехтар; балқытылған қорғаныс металл жабындарын жағу;
Тармақша 3
3) қара металлургияның құю зауыттары;
Тармақша 4
4) металл балқыту кәсіпорындары, түсті металдардың қорытпаларын қоса алғанда, бағалы металдарды қоспағанда, екінші қайтара шикізатты қоса алғанда (тазарту, әзірлемелер құю және т. б.);
Тармақша 5
5) электролиздік немесе химиялық үрдістер қолданатын, металдар мен пластиктердің бетін өңдеу кәсіпорындары;
Тармақша 6
6) автомобильдерді жасау мен құрастыру және автомобиль қозғалтқыштарын өндіру;
Тармақша 7
7) верфьтер;
Тармақша 8
8) ұшақ жасайтын және жөндейтін кәсіпорындар;
Тармақша 9
9) теміржол жабдықтарын жасау;
Тармақша 10
10) жару арқылы таңбалау;
Тармақша 11
11) металл кендерін күйдіру мен қабыстыруға арналған кәсіпорындар.
Тармақ 5
5. Минералды шикізатты ұқсату:
Тармақша 1
1) кокс ошақтары (көмірді құрғақ айыру);
Тармақша 2
2) цемент зауыттары;
Тармақша 3
3) таскендір өндіру және таскендір бұйымдарын дайындайтын кәсіпорындар (3.1-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 4
4) шыны талшығын қоса алғанда шыны-әйнек жасайтын кәсіпорындар;
Тармақша 5
5) минералды талшықтарды өндіруді қоса алғанда минералды заттарды балқытатын кәсіпорындар;
Тармақша 6
6) күйдіру тәсілімен қыш бұйымдарын, сонымен қатар жамылтқы черепица, кірпіш, отқа төзімді кірпіш, тақталы төсемдер, қыш бұйымдары мен фарфор жасау.
Тармақ 6
6. Химия өнеркәсібі (I-қосымшаға кірмеген жобалар):
Тармақша 1
1) жартылай фабрикаттарды ұқсату және химиялық заттарды өндіру;
Тармақша 2
2) пестицидтер мен фармацевтикалық бұйымдар, лактар мен бояулар, эластомерлер мен асқын тотықтар өндіру;
Тармақша 3
3) мұнай, мұнай-химиялық және химиялық өнімдер қоймасы.
Тармақ 7
7. Тамақ өнеркәсібі:
Тармақша 1
1) өсімдік және мал майларын және тоңмайларын өндіру;
Тармақша 2
2) мал және өсімдік өнімдерін буып-түю және консервілеу;
Тармақша 3
3) сүт өнімдерін өндіру;
Тармақша 4
4) сыра қайнату және сыра ашытқысын жасау;
Тармақша 5
5) тәтті тағам бұйымдары және тосап өңдеу;
Тармақша 6
6) қасапханалар;
Тармақша 7
7) крахмалды өнеркәсіптік жолмен өндіретін кәсіпорындар;
Тармақша 8
8) балық ұнын және балық майын өндіретін кәсіпорындар;
Тармақша 9
9) қант зауыттары.
Тармақ 8
8. Тоқыма, былғары, ағаш өңдеу және қағаз өнеркәсібі:
Тармақша 1
1) қағаз және картон жасайтын өнеркәсіп орындары (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 2
2) алдын ала өңдеу (ағарту, зермен бедерлеу операциялары) немесе талшықтарды және тоқыманы бояу фабрикалары;
Тармақша 3
3) тері және былғары илеу кәсіпорны;
Тармақша 4
4) целлюлоза өңдеу және өндіру кәсіпорындары.
Тармақ 9
9. Резеңке өнеркәсібі, бұйымдарды эластомерлер негізінде өндіру және өңдеу.
Тармақ 10
10. Инфрақұрылым жобалары:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік кәсіпорындарды кеңейту жобалары;
Тармақша 2
2) сауда орталықтары мен көлік тұрақтарын қоса алғанда, қала құрылысының жобалары;
Тармақша 3
3) темір жолдарды және вагон-кеме және аралас терминалдарды артық жүктеу құралдарын салу (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 4
4) аэродромдар құрылысын салу (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 5
5) балықшылар айлақтарын қоса алғанда, жолдар, порттар және порттық құрылыстар салу (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 6
6) ішкі су жолдарын салу (I-қосымшаға кірмеген жобалар), каналдарды тарту және су басуына қарсы күресу жұмыстары;
Тармақша 7
7) суды ұстауға немесе ұзақ сақтауға арналған бөгеттер мен басқа да құрылыстар (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 8
8) трамвай және жер асты желілері, метрополитендер, аспалы желілер немесе тек қана немесе негізінен жолаушыларды тасымалдауға арналған басқа да соған ұқсас желілер;
Тармақша 9
9) мұнай және газ құбырлары (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 10
10) ұзындығы үлкен су науалары;
Тармақша 11
11) жағалаудағы эрозиямен күресу жұмыстары және осындай құрылыстарға қызмет көрсету және қайта салуды қоспағанда мысалы, бөгеттерді, молдарды, кемежайларды және басқа теңіз қорғау құрылыстарын салу жолымен жағалауды өзгертуге қабілетті теңіз жұмыстары;
Тармақша 12
12) жер асты суларын алу және ызба суларды жасанды түрде тиеудің сұлбалары (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 13
13) өзен алаптары арасында су қорларын ауыстырып құю жұмыстары (I-қосымшаға кірмеген жобалар).
Тармақ 11
11. Басқа жобалар:
Тармақша 1
1) механикалық көлік құралдарына арналған жолдардың тұрақты жарыс және тәжірибелік учаскелері;
Тармақша 2
2) қалдықтарды көметін кәсіпорындар (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 3
3) тазалайтын құрылыстар (I-қосымшаға кірмеген жобалар);
Тармақша 4
4) шлам орналастырылатын учаскелер;
Тармақша 5
5) көлік құралдарын тастайтын жерлерді қоса алғанда, темір сынықтарын тастайтын жерлер;
Тармақша 6
6) қозғалтқыштарға, турбиналарға немесе реакторларға арналған сынау стендтері;
Тармақша 7
7) жасанды минералды талшықтар шығаратын кәсіпорындар;
Тармақша 8
8) жарылғыш заттарды кәдеге асыратын немесе жоятын кәсіпорындар;
Тармақша 9
9) мал соятын орындар.
Тармақ 12
12. Туризм және бос уақыт:
Тармақша 1
1) шаңғы жолдары, көтергіштер, аспалы жолдар және олармен байланысты құрылыстар;
Тармақша 2
2) қайық станциялары;
Тармақша 3
3) қала сыртындағы саяжай кенттері және қонақ үй кешендері және олармен байланысты құрылыстар;
Тармақша 4
4) тұрақты кемпингілер және үй-фургондарының аялдама орындары;
Тармақша 5
5) тақырыптық саябақтар.
Тармақ 13
13. Осы қосымшадағы тізімге енгізілген, бекітілген, орындалған немесе орындалып жатқан, қоршаған ортаға айтарлықтай қолайсыз әсерлерге ие болуы мүмкін жобаларды кез келген түрде өзгерту немесе кеңейту.
Тармақ 14
14. I-қосымшаға алынған негізінде жаңа әдістерді немесе бұйымдарды жасау мен сынауға арналған және екі жылдан асырылмай қолданылатын жобалар.
Басқа 273. ҚОӘБ материалдарын әзірлеу сатыларының Қазақстан Республикасында шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін алдын ала жоспарлау, жобалау және жобалық құжаттаманы орындаудың сатыларына сәйкес келуі
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпандағы N 68-П бұйрығымен бекітілген алдын ала жоспарлау, жобалау және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу тәртібі туралы Нұсқаулыққа 2-қосымша ҚОӘБ материалдарын әзірлеу сатыларының Қазақстан Республикасында шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін алдын ала жоспарлау, жобалау және жобалық құжаттаманы орындаудың сатыларына сәйкес келуі __________________________________________________________________ ҚОӘБ материалдарын | Өндірістік мақсаттағы |Қала құрылысын әзірлеу сатылары  |    объектілер мен     |жобалаудың сатылары |  құрылыстарды салуды  |     (ҚР ҚНмЕ |  жобалаудың сатылары  |3.01-07-2001 сәйкес) __________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаның  Ниет туралы мағлұмдама, Қазақстан Республи. ахуалын шолу         объектіні орналасты.    касының таратып (ҚОӘБ бірінші        руды негіздеу           қоныстандыру және қала
Тармақша сатысы
сатысы)              (ҚЕП 11-101-95          құрылысын дамыту 3.1-тармағы)            бойынша бас сұлбасы, аумақтарда таратып қоныстандыру және қала құрылысын салу бойынша аймақтық (облыс
Тармақша аралық
аралық) сұлбалары
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаға   Инвестицияларды, соны.  Қала құрылысын жос. әсерді алдын ала     мен қатар ТЭН, ТЭЕ,     парлаудың, облыстардың бағалау - Алдын      бизнес-жоспарды         аумақтарын дамытудың ала ҚОӘБ (ҚОӘБ       және басқа жобалау      кешенді сұлбалары және екінші сатысы)       алдындағы құжаттарды    қала құрылысын жос. (ҚРА ҚНмЕ 2.2-01-2001   парлаудың, әкімшілік 2.1, 3.1-тармақтары,    аудандардың аумақтарын Қазақстан Республика.   дамытудың кешенді сының "Қазақстан        жобалары. Республикасындағы       Қаланың бас жоспарының сәулетшілік, қала       тұжырымдамалары (ұзақ құрылысы және құрылыс   мерзімді даму қызметі туралы" заңы)   болжамдары). негіздеу
Тармақ 3
3. Жобалық құжат.    Жоба (ҚРС ҚНмЕ          Ірі қалалардың бас тамасы екі           2.2-01-2001             жоспарлары. "Жоба -> жұмыс       2.3, 3.10, 4.1          Ірі өнеркәсіпті құжаттамасы" саты.   -тармақтары)            аймақтардың және өнер. сында жасалатын -                            кәсіптік аудандардың қызметтің ауқымды                            жоспарлау жобалары және (немесе) экологиялық қауіп. ті түрлеріне ар. налған ҚОӘБ - Қоршаған ортаның әсерін бағалау (ҚОӘБ үшінші
Тармақша сатысы
сатысы)
Тармақ 4
4. "Қоршаған ортаны  Жұмыс құжаттамасы       50 мыңнан кем тұрғыны қорғау" тарауы       (ҚРА ҚНмЕ               бар қалалардың, кент. Жұмыс құжаттамасының 2.2-01-2001 2.3         тердің және ауылдық құрамында осы тарау  -тармағы)               елді мекендердің бас "Жоба" сатысына                              жоспарлары. Кішігірім арналып жасалатын                            өнеркәсіп аймақтарын (осы кезеңде ҚОӘБ                            және өнеркәсіп төртінші сатысы                              аудандарын жоспар.
Тармақша орындалуда
орындалуда) ҚОӘБ                             лаудың жобалары түзетуі болып табылады. "Жұмыс жобасы"       Жұмыс жобасы құжаттамасының       (ҚРА ҚНмЕ құрамында қызметтің  2.2-01-2001 шамалы және (немесе) 2.3-тармағы) экологиялық қауіпсіз түрлері үшін ҚОӘБ екінші сатысын жасау деңгейінде егжей- тегжейлі талдау іске асырылады __________________________________________________________________
Басқа 282. Экологиялық зардаптар туралы арыз
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 28 ақпанның N 68-П бұйрығымен бекітілген алдын ала жоспарлау, жобалау және жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу тәртібі туралы Нұсқаулыққа 3-қосымша Экологиялық зардаптар туралы арыз __________________________________________________________________ (объектінің атауы) Тапсырыскер ______________________________________________________ (толық және қысқарған атауы) Деректемелері ____________________________________________________ (пошталық мекен-жайы, телефоны, телефаксі, телетайпы, есепшоты) Қаржыландыру көздері _____________________________________________ (мемлекеттік бюджет, жеке инвестициялар, шетелдік инвестициялар) Объектінің тұрған жері ___________________________________________ (облысы, ауданы, елді мекені немесе жақын арадағы елді мекеннен қашықтығы және бағыты) Объектінің толық атауы, қысқартылған белгісі, ведомстволық бағыныстылығы, немесе меншік иесінің нұсқауы __________________________________________________ Ұсынылған жобалық материалдар (құжаттаманың толық атауы) _____________________________________________________ (инвестицияларды негіздеу, ТЭН, жоба, жұмыс жобасы, елді жайлардың бас жоспары, егжей-тегжейлі тегістеу жобасы, және т б.) Бас жобалық ұйым _________________________________________________ (жобаның бас инженерінің атауы, деректемелері, аты-жөні) Сілтеме. Әсерді бағалаудың деңгейіне, объектіні орналастыру ауданына, өндірістік қызметтің (қала құрылысының) ерекшелігіне қарай көрсеткіштердің құрамы әсер етудің барлық салаларын бейнелеу кезінде өзгеруі мүмкін. Объектінің сипаттамасы Жерді бөліп берудің есептелетін ауданы ___________________________ Санитарлық-қорғау аймағының радиусы мен ауданы (СҚА) ___________ Өндірістік корпустардың саны мен қабаттылығы _____________________ Белгіленіп отырылған әлеуметтік-мәдени мақсаттағы ілеспелі объектілердің салынуы ____________________________________________ Негізгі шығарылатын өнімнің номенклатурасы және табиғи мәндегі өндіру көлемі (толық қуаттылықтағы жобалық көрсеткіштер)
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) _______________________________________________________________
Тармақша 3
3) ________________________________________________________ ж.т.б. Негізгі технологиялық үрдістер
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) ________________________________________________________ ж.т.б. Көзделіп отырған қызметтің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін негіздеу _________________________________________________________ Көзделіп отырған құрылыс мерзімдері (бірінші кезек, толық қуаттылығы бойынша) ______________________________________________ Шикізат түрлері және көлемдері:
Тармақ 1
1. Жергілікті
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) _______________________________________________________________
Тармақ 2
2. Басқа жақтан әкелген
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) _______________________________________________________________ Технологиялық және энергетикалық отын ____________________________ Электр энергиясы _________________________________________________ (алу көзінің көлемі және алдын ала келісу) Жылу _____________________________________________________________ (алу көзінің көлемі және алдын ала келісу) Табиғатты пайдалану жағдайлары және көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға ықтимал әсері Атмосфера Атмосфераға шығарылуы мүмкін ластағыш заттардың тізімі және мөлшері: Ауаға шығарылу жиынтығы, т/жылына ______________________________ Қатты, т/жылына ________________________________________________ Газ тәрізді, т /жылына __________________________________________ Шығарылыс құрамындағы негізгі ингредиенттердің тізімі
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) ________________________________________________________ ж.т.б. Санитарлық қорғау аймағының шегіндегі зиянды заттардың шамаланған концентрациялары
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) ________________________________________________________ ж.т.б. Физикалық әсердің көздері, олардың қарқындылығы және ықтимал әсер ету аймақтары: Электр-магниттік сәулелену _______________________________________ Акустикалық ______________________________________________________ Вибрациялық ______________________________________________________ Су ортасы: Таза су алу: Бір жолғы, су айналымын жүйелерін толтыру үшін, текше м. __________________________________________________________________ Тұрақты, текше м./жылына ________________________________________ Сумен жабдықтау көздері: Жер үсті, дана/(текше м./жылына) ________________________________ Жер асты, дана/(текше м./жылына _________________________________ Науалар және су құбырлары ________________________________________ (ұзындығы, материал, диаметр, өткізу қабілеттілігі) Ағылып құйылатын сарқынды сулардың мөлшері: Табиғи су көздері мен су ағындары, текше м/жылына ________________ Жинақтағыш тоғандар, текше м./жылына _____________________________ Басқа канализациялық жүйелерге, текше м./жылына __________________________________________________________________ Сарқынды судағы негізгі ластағыш заттардың шоғырлануы (мг/л) және көлемі (т/жылына) (ингредиенттер бойынша) ________________________ Су пайдаланылатын таяу жердегі ингредиенттер бойынша негізгі ластағыш заттардың шоғырлануы (су көздеріне немесе су ағындарына сарқынды судың ағылуы кезінде (мг/л) ___________________________ Жер Иеліктен алынатын жердің сипаттамасы: Ауданы: тұрақты пайдалануға, га __________________________________________ Уақытша пайдалануға, га __________________________________________ оның ішінде егіндік, га __________________________________________ Орман екпелері, га _______________________________________________ Қайта қалпына келтіруді талап ететін бұзылған жер: Оның ішінде карьерлер, дана/га __________________________________________________________ үйінділер, дана/га __________________________________________________________ жинақтағыштар (тоған - тұндырғыштар, су, күл, қож үйінділері, соңғы бөліктердің қоймалары және т. б), дана/га __________________________________________________________ Қалғандары, дана/га __________________________________________________________ Жер қойнауы (кен рудасы кәсіпорындары мен аумақтары үшін) Пайдалы қазбаларды өндірудің түрі мен тәсілі (текше м.)/жылына __________________________________________________________________ Оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру _________________________ Жер қойнауынан алынатын жыныстарды пайдаланудың кешенділігі мен тиімділігі (т/жылына)/% алу: Негізгі шикізат
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) _______________________________________________________________ Ілеспелі құрамдас бөліктері
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) _______________________________________________________________ Бос жыныстардың және жер үстіне қоймаластырылатын байыту қалдықтарының көлемі: жыл сайын, т (текше м.). _________________________________________ кәсіпорын қызметінің барлық мерзімінің қорытындысы бойынша, т (текше м.) _______________________________________________________ Өсімдік Жарым-жартылай немесе толық құртылған өсімдік тұрпаттары, га _______________________________________________________________ (дала, шабындық, бұталық, ағаш екпелері және т.б.) Оның ішінде: Ормандардағы ағаш отау аудандары, га _____________________________ Алынған ағаш көлемі, текше м. ____________________________________ Өсімдіктің, оның ішінде а/ш дақылдарының улы заттармен ластануы (есептелетін) ____________________________________________________ Жануарлар Жануарлар әлеміне, оның ішінде су жануарларына тікелей әсер ету көздері:
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________
Тармақша 2
2) ________________________________________________________ ж т.б. Қорғалатын табиғи аумақтарға (қорықтарға, ұлттық бақтарға,
Тармақша қорғалымдарға
қорғалымдарға) әсері _____________________________________________ Өндіріс қалдықтары Кәдеге жаратылмайтын қалдықтардың көлемі, т/жылына _____________ оның ішінде улы заттардікі, т/жылына ___________________________ Қалдықтарды бейтараптандыру мен көмудің ұсынылып отырған тәсілдері __________________________________________________________________ Радиоактивтік көздер болуы, олардың ықтимал әсерін бағалау __________________________________________________________________ Апаттық жағдайлардың ықтималдығы Әлеуетті қауіпті технологиялық желілер мен объектілер: ______________________________________________________ Апаттық жағдайлардың пайда болу ықтималдығы __________________________________________________________________ Ықтимал әсердің радиусі __________________________________________ Қоршаған ортада объектінің әсерінен туындаған өзгерістерді, сонымен қатар оның тұрғындардың өмірі мен денсаулығына әсерін кешенді түрде бағалау ___________________________________________________________ Объекті қызметінің нәтижесінде әлеуметтік-қоғамдық саладағы қоршаған ортаның ахуалына ықтимал зардаптарын болжау __________________________________________________________________ Тапсырыскердің (шаруашылық қызметіне бастама көтеруші) объектіні салу, пайдалану және жою барысында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша міндеттемелері __________________________________________________________________ Қосымша* Жобалық құжаттаманы әзірлеуге және ҚОӘБ өткізуге қатысатын ұйымдардың және орындаушылардың тізімі. Мүдделі ұйымдардың және ведомстволардың, қадағалау органдарының қорытындылары. Қоғамдық тыңдаулардың материалдары. __________________________________________________________________ * Экологиялық зардаптар туралы арызды жобалық құжаттаманы бекітетін органдарға табыстау кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы қоса беріледі.