Об утверждении Правил организации и проведения промежуточной аттестации обучающихся в организациях высшего профессионального образования Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 20  қаулысына  сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттауды   ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Білім беруді дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.Ә.Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Гамарникке жүктелсін.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудің Ережесі
Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 264 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудің Ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 20  қаулысына  сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Бұл Ереже студенттерге жоғары оқу ұйымдарының барлық оқыту нысандарында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстығына қарамастан медицина мамандығы бойынша 3 курстан кейін және барлық басқа мамандықтар бойынша 2 курстан кейін аралық аттестаттау өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 3
3. Білім алушыларды аралық аттестаттау (бұдан әрі - БАА) - жоғары кәсіптік білім беру мамандықтары пәндерінің мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес (МЖМБС) әлеуметтік-гуманитарлық (бұдан әрі - ГӘП), жаратылыстану ғылыми (бұдан әрі - ЖҒП) және жалпы кәсіптік (ЖКП) циклдары бойынша студенттердің оқу жетістіктерін бірыңғай бақылау-өлшеуіш материалдары негізінде (тесттік тапсырмалар) бақылау.
Тармақ 4
4. БАА кәсіптік жоғары білім берудің сапасын көтеру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 5
5. БАА-ның міндеттері:
Тармақша 1
1) 2(3) оқу курсынан кейін студенттердің оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) оқу процесін ұйымдастыру тиімділігін бағалау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарын дамыту;
Тармақша 4
4) білім беру процесіне және студенттер дайындау сапасына жағымсыз факторлар мен субъективизмнің әсерін жою;
Тармақша 5
5) республиканың жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау өткізу болып табылады.
Тармақ 6
6. Даярлау бағытын, мамандықтар мен пәндердің тізбесін сондай-ақ БАА үшін тесттік тапсырмаларды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекітеді.
Тармақ 7
7. БАА-ны өткізу үшін ГӘП, ЖҒП және ЖКП циклдері бойынша МЖМБС және даярлау бағыты ескерілген типтік оқу бағдарламалары негізінде әзірленген тесттік тапсырмалар қолданылады. Министрліктің сайты мен жинақтарда тесттік тапсырмалардың болжамды тізімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады.
Тармақ 8
8. Сараптамалық кеңесте тесттік тапсырмалар МЖМБС-ге сәйкестік сараптамасынан өткізіледі. Сараптамалық кеңестің жұмыс ережесі мен құрамын Министрлік бекітеді.
Тармақ 2. 2. Білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу
2. Білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу
Тармақ 9
9. БАА-ны өткізу үшін Министрлік елдің өңірлері бойынша (бұдан әрі - өңірлік орталықтар) базасында аралық аттестаттау өтетін жоғары оқу орындарын белгілейді, ол білім беру ұйымдарының назарына БАА-ны өткізуге дейін бір ай бұрын жеткізіледі.
Тармақ 10
10. БАА-ды өткізу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру үшін жергілікті жерлерде өңірлік және апелляциялық комиссиялар құрылады. Өңірлік және апелляциялық комиссиялардың құрамы мен жұмысы туралы ережені Министрлік бекітеді.
Тармақ 11
11. БАА Мемлекеттік білім стандарты мен тестілеудің ұлттық орталығының технологиясы бойынша әзірленген және Министрлік бекіткен кешенді тестілеу нысанында (бұдан әрі - тестілеу) өткізіледі.
Тармақ 12
12. Тестілеу 15-30 маусым аралығында өткізіледі.
Тармақ 13
13. Тестілеу студент оқитын тілде өткізіледі.
Тармақ 14
14. Тестілеудің қорытындысы тестілеуге қатысқан студенттердің назарына ол аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жеткізіледі.
Тармақ 15
15. Тестілеудің қорытындысы негізінде студентке қосымшада көрсетілген белгілеген үлгідегі сертификат беріледі.
Тармақ 16
16. Тестілеудің қорытындысымен келіспеген студент апелляцияға құқылы. Апелляцияға арыз тестілеудің қорытындысы хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға бір тәулік ішінде беріледі. Апелляцияға арыз апелляция бергеннен кейін бір тәулік ішінде апелляциялық комиссия қарайды.
Тармақ 17
17. Студент тестілеудің қорытындысы бойынша, егер оның жинаған балы өту деңгейінен кем болмаса сынақтан өтеді. Бастапқы өту деңгейін Министрлік белгілейді және бекітеді.
Тармақ 18
18. Студент тестілеуге келмеген жағдайда оның емтихандық тізімдемесіне "келген жоқ" деп қойылады.
Тармақ 19
19. Ауру немесе басқа да дәлелді себептермен тестілеуге келмеген және соған тиісті растау құжаттамасы бар студенттер, сондай-ақ бірге БАА-дан сынақтан өтпеген студенттер, тестілеудің өңірлік орталықтарында Министрлік белгілеген мерзімде қайта өтуіне болады.
Тармақ 20
20. БАА-ның қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия анықтама жасайды, оған топтар бойынша тізімдемелер тіркеледі.
Тармақ 21
21. Оқу жоспары талаптарын толығымен орындаған, барлық емтихандар мен сынақтарды, соның ішінде БАА сынағын ойдағыдай тапсырған студент жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен келесі курсқа ауыстырылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қосымша Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу Ережесіне Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Серия СЕРТИФИКАТ N М.О. Тұлғаны куәландыратын құжат болған жағдайда күші бар