Об образовании районного совета по обеспечению населения качественными и безопасными лекарственными средствами Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғындарды сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі аудандық кеңесті құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және облыс әкімдігінің 2002 жылғы 12 қарашадағы «Тұрғындарды сапалы және қауіспсіз дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесті туралы» № 239/10 қаулысына дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындарды сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі аудандық кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестің қоса берілген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкіміне кеңестің жеке құрамын аудан мәслихатының сессиясына бекітуге ұсыну ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары А.К. Мардановаға жүктілсін.
Басқа 5. Тұрғындарды сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы «Тұрғындарды сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі аудандық кеңесті құру туралы» № 42/3 қаулысымен бекітілді Тұрғындарды сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғындарды сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі аудандық үйлестіру кеңесті аудан тұрғындарын сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмек жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультаттық-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімдігінің және әкімінің актілеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкесті атқарады.
Тармақ 3
3. Кеңестін шешімі ұсыныстық сипатта беріледі.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты, мәселелері және функциялары
2. Кеңестің мақсаты, мәселелері және функциялары
Тармақ 4
4. Кеңестің мақсаты аудан тұрғындарын қауіпсіз, сапалы дәрі-дәрмектен қамтамасыз етуге бағыттылған шараларды өткізу бойынша негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі міндетті мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және аудандық ұйымдардың (келісім бойынша), аудан тұрғындардың сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қызметтерін үйлестіру және осыған бақылау жасау болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңес заңнама белгіленген ретте келесі функцияларды атқарады:
Тармақша 1
1) аудан тұрғындарын қауіпсіз, сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және аудандық ұйымдардың (келісім бойынша) басшыларының берген есептерін тыңдайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің фармациялық, фармацевтік және медициналық өндіріс Комитетінің облыстық фармацевтік бақылау басқармасының (келісім бойынша) тексеріс материалдары бойынша мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және аудандық ұйымдардың (келісім бойынша) жұмыстарының нәтижелерін талқылайды;
Тарау 3. 3. Кеңестің мынадай құқығы бар
3. Кеңестің мынадай құқығы бар
Тармақ 7
7. Кеңестің мынадай құқығы бар:
Тармақша 1
1) аудан тұрғындарын қауіпсіз, сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз бойынша аудан әкімдігінің және әкімінің қарауына ұсыныстар өткізуге;
Тармақша 2
2) аудан тұрғындарын қауіпсіз, сапалы дәрі-дәрмектермен қамтамасыз сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеп енгізу үшін, мүдделі мемлекеттік мемлекеттік органдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және аудандық бүйымдардың мамандарын тарту арқылы, жекелен мәселелерді шешуге, құзыретінің шектігінде жұмыс топтарын құруға.
Тармақша 3
3) Кеңестің құзырына жататын мәселелерді шешу үшін келісім бойынша жоғары кәсіпті мамандарды тартуға.
Тармақша 4
4) дәрі-дәрмек жабдықтарының қауіпсіздік және сапалылық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, мекемелерден және аудандық ұйымдардан (келісім бойынша) белгіленген заңнамалық ретте өз шектігінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) белгіленген заңнамалық ретте Кеңестің құрамын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) Кеңестің құзыретіне жататын мәселелерді шешу үшін, Кеңестің енбейтін мемлекеттік органдардың, мекемелердің және аудандық ұйымдардың (келісім бойынша) тартуға.