О присвоении собственных имен лиц и переименовании некоторых организаций образования города Шымкент Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру және қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 20 маусымдағы және 22 қыркүйектегі қорытындылары негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының келесі білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімі берілсін:
Тармақша 1
Шымкент қаласы білім басқармасының «№ 28 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
Тармақша 2
2) Шымкент қаласы білім басқармасының «№-80 ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ақселеу Сейдімбектің есімі;
Тармақша 3
3) Шымкент қаласының білім басқармасының «№-3 балалар эстетикалық саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Нұрғиса Тілендиевтің есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Шымкент қаласының білім басқармасының «Х. Әлімжан атындағы №-85 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Шымкент қаласының білім басқармасының «Тәуке хан атындағы №-85 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуы «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.