Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление земельных отношений Восточно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 53 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановқа жүктелсін.
Басқа 7. «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 29 қаңтардағы
№ 30 қаулысымен
бекітілген
«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер қатынастары саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарманың егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19
Тармақ 9
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Басқарманың міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері:
Тармақша 1
1) жергілікті деңгейде жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігінде қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) облыстың экономикалық дамуы мақсатында жерлерді тиімді пайдалану үшін жағдай жасау болып табылады.
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде жер қатынастары саласында цифрлық құралдарды енгізу, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) инвестициялық қызметтің дамуына ықпал ету.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
басымдықтарды, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, нысаналы бағдарламаларды, талдамалық шолулар мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажет болған жағдайларда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды тарту;
облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Функциялар:
Тармақша 1
1) егер Жер кодексінің 44-2-бабында өзгеше көзделмесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өнеркәсіптік-инновациялық жобалары, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 2
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 4
4) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 5
5) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 6
6) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 7
7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 8
8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 9
9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 12
12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасасылған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 15
15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 16
16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
Тармақша 17
17) облыстың жергiлiктi атқарушы органының аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 18
18) облыстың жергілікті атқарушы органының жер комиссиясының құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау, ол туралы ережені әзірлеу және тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге жіберу;
Тармақша 19
19) облыстың жергiлiктi атқарушы органының ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 20
20) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеу және бекіту;
Тармақша 21
21) Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының жерді резервке қою жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 22
22) облыстың жергiлiктi атқарушы органының агломерацияға кіретін елді мекендердің аумағындағы жер учаскелерін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары қаржыландыратын әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салу үшін резервте қалдыру бойынша ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 23
23) облыстың жергiлiктi атқарушы органының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда жердiң барлық санаттарынан жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 24
24) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 25
25) облыстың жергiлiктi атқарушы органының орман қоры жерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 26
26) облыстың жергiлiктi атқарушы органының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 27
27) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының облыс орталықтарында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi жеке меншiкке берілген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 28
28) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын (шегiн) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiм бойынша белгiлеу және өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 29
29) облыстың жергiлiктi өкілдік және атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалардың шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
Тармақша 30
30) қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарға келісуге ұсыну бойынша материалдар дайындау;
Тармақша 31
31) облыс шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу бойынша облыстың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсыныстарының жобаларын дайындау, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;
Тармақша 32
32) жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу жөніндегі облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Тармақша 33
33) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 15
15. Басқармаға басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) Басқарма қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 3
3) Басқарманың актілеріне қол қояды;
Тармақша 4
4) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда Басқарманың мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.