Кәсіпшілік балық аулауға құқық беру және облыстағы балық шаруашылығы су айдындарын табиғат пайдаланушыларға бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кәсіпшілік балық аулауға құқық беру және облыстағы балық шаруашылығы су айдындарын табиғат пайдаланушыларға бекіту туралы "Жануарлар дүниесін қорғау, өсіру және пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының 14 бабына сәйкес, балық шаруашылығы су айдындарын табиғат пайдаланушыларға бекіту туралы тендерлік комиссияның 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 6, 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 7 шешімдері негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда облысының табиғат пайдаланушыларына кәсіпшілік балық аулауға құқық берілсін және оларға балық шаруашылығы су айдындары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Оңтүстік аймақтық балық инспекциясына заңнамамен белгіленген тәртіппен, осы қаулының қосымшасында көрсетілген табиғат пайдаланушылармен балық шаруашылығы су айдындарын пайдалануға және оларда балық аулауға келісім-шарттар жасау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Мұхамедовке жүктелсін.
Басқа 4
Балық шаруашылығына жарамды су айдындарын тендер арқылы алған табиғат пайдаланушылар және КӨЛДЕРДІҢ ТІЗІМІ N Көл аты Көлемі (га) Кімгебекітілген Пайдаланудыңмерзімі, жыл 1 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Аста" ЖШС Қаңыбе- товҚаналы 1 2 Кіші Арал теңізі Қамбаш көлі Ортақ пайдалану "Ақнұр" ЖШС Жүрсімбаев Марат 1 3 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Жамбыл" ӨКӘленов Табын 1 4 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Ақеспе" ЖК 1 5 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Сарышығанақ" ӨК ЖаймақовСағындық 1 6 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Қарабұлақ-Орда" ЖШС Ахметов Алдаберген 1 7 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Қамыстыбасбалықпитомнигі" 1 8 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Көлімбет" ӨК ЕңсепбаевАманғали 1 9 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Сыр табиғатты" ТұрмағанбетовАлтынсары 1 10 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Ақбасты" ӨК ҚұлмановЖандос 1 11 Кіші Арал теңізі Ортақ пайдалану "Жомарт-2" ЖШС ҚаратұповӘскербек 1 12 Жанай көлі 80 ЖК "Мақсатбаев Т." МақсатбаевТемірхан 1 13 Өтебас 100 ЖК "Асқаров" АсқаровКенже-Әлі 1 14 Бәйбіше 59 ЖК "Күлтешев" Күлтешев Бөлеген 1