Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 02-08-03/20 ұсынысы негізінде Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы Қ.Жазықов көшесі № 76 үйдің тұрғыны Есқали Нұрғизаттың жеке мал қоралары орналасқан аумақтарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.