Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 02-08-03/21 ұсынысы негізінде Көлтабан ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылының Астана көшесі, Ардагерлер көшесі, Майтүбек көшесі, Желтоқсан көшесі, Ұстаздар көшесі, Бейбітшілік көшесі, Ж. Есенбаев көшесі, 1- Мамыр көшесі, Наурыз көшесі, Ынтымақ көшесі, Қ. Боқанов көшесі, Болатжолы көшесіндегі тұрғындардың жеке мал қоралары орналасқан аумақтарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.