Об установлении карантиных мероприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2024 жылғы 25 қантар № 2-14-07/27 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Темір ауданы Ақсай ауылдық округі Шығырлы ауылында орналасқан «Бакос» шаруа қожалығы 1 бас ірі қара малдары арасынан пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шекету іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.