О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 785 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде:
1-бөлімде:
1-кіші бөлімдегі реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.
Ақмола
Астана қаласы
Жабық
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
»;
3-кіші бөлімдегі реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7.
Қонаев
Қонаев қаласы
Жабық
32363
»;
4-кіші бөлімдегі реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
12.
Жетісу
Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы
Оқшауланған
15603
13.
Жетісу
Талдықорған қаласы
Жабық
Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380
».
Тармақ 2
2. «Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29582 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесінде:
1-бөлімде:
1-кіші бөлімдегі реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2.
Ақмола
Астана қаласы
Жабық
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті
»;
3-кіші бөлімдегі реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7.
Қонаев
Қонаев қаласы
Жабық
32363
»;
4-кіші бөлімдегі реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
12.
Жетісу
Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы
Оқшауланған
15603
13.
Жетісу
Талдықорған қаласы
Жабық
Талдықорған аудандық пайдалану бөлімі, 54380
».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
_________________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
_________________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
_________________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
_________________________