Об утверждении Правил оплаты проезда ветеранам и инвалидам, направленным на лечение в республиканские больницы медицинскими учреждениями Күшін жойған
Басқа 0
Медициналық мекемелермен республикалық ауруханаларға емделуге жіберілген, ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемі жөніндегі ережелерді бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 21-маусымдағы Заңына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28-сәуірдегі № 2247 Заң күші бар жарлығына, сондай ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған медициналық мекемелермен республикалық ауруханаларға емделуге жіберілген ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемінің ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.С.Шерубаев) жоғарыда аталған Ережелерге сәйкес 258 15 00 332 "Жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасы бойынша төлем жүргізсін.
Тармақ 3
3. Қала және аудан әкімдері облыстық ауруханаларға емделуге жіберілген, ардагерлер мен мүгедектердің жол жүруін төлеу үшін ұқсас ақшалай қаражаттарды қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Медициналық мекемелермен республикалық ауруханаларға емделуге жіберілген, ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемінің ережелері
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының
2004 жылғы 17 наурыздағы № 388
қаулысына қосымша
Медициналық мекемелермен республикалық ауруханаларға емделуге жіберілген, ардагерлер мен мүгедектердің жол жүру төлемінің ережелері
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы көлеміндегі медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін, аурулардың жол жүру құнының төлемі Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі жолдамасы болған жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Бағдарламаның әкімшісі Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып табылады.
Тармақ 3
3. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Аурулардың емделуге және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру құнының төлем тәртібі
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы аурудың (екі жаққа) жол жүру төлемін мынадай құжаттардың негізінде жүргізеді:
Тармақша 1
1) өтініш;
Тармақша 2
2) жеке куәлігі;
Тармақша 3
3) Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы;
Тармақша 4
4) тұратын жерден анықтамалар;
Тармақша 5
5) жол жүру нақтылығын растайтын билеттер.
Тармақ 5
5. Заңнамада белгіленген жағдайларда ауруды (екі жаққа) ертіп жүрген адамның жол жүру төлемі жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Медициналық көрсеткіштер бойынша емделуге жіберілетін, аурулардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жол жүру төлемі темір жол және қалааралық автомобиль көлігіндегі жол жүру құнының мөлшерінде жүргізіледі. Ауру мен оны ертіп жүрген адам әуе көлігінде жол жүрген жағдайда төлем теміржол көлігінің купелік вагоны билетінің құнымен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Емделуге жол жүру нақтылығын растайтын құжаттар емделу жерден келген күннен бастап 45 күннен кешіктірілмей ұсынылу қажет.
Тармақ 8
8. Ауру мен оны ертіп жүрген адамның жол жүргенін растайтын билеттер жоғалған жағдайда теміржол немесе автовокзалдардың кассаларынан емделу жерге барып қайтуға дейінгі жол жүрудің құнын растайтын анықтама ұсынылу қажет.
Тармақ 9
9. Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы құжаттар ұсынылған жағдайда, ақшалай қаражаттарды аурулардың және оларды ертіп жүрген адамдардың жеке шоттарына түсіреді.
Шығыс Қазақстан облысының еңбек,
жұмыспен қамту және халықты
әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы