О закреплении рыбопромысловых участков за природопользователями по озерам Алаколь и Сасык-Коль в пределах административной, границы Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасы шегінде Алакөл және Сасық-Көл бойынша табиғатты пайдаланушыларға балық кәсіпшілігі учаскелерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдарында балық кәсіпшілігі учаскелерін бекітіп беру және балық пен басқа да су жануарларын аулаудың лимиттерін бөлу жөніндегі жекелеген мәселелер» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3-ақпандағы № 158 және Балық шаруашылығы су айдарында балық аулаудың және теңіз аңын итбалықты) аулаудың 2004 жылға арналған лимиттері мен квоталарын бекіту туралы» 2003 жылғы 31 -желтоқсандағы № 1380 қаулыларына сәйкес, сондай-ақ конкурстық (тендерлік) комиссияның ұсыныс беру пешімінің негізінде (2004 жылғы 16-қаңтардағы №1, 2 хаттамасы) Шығыс Казақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасы шегінде Алакөл және Сасық-Көл бойынша табиғатты пайдаланушыларға мынадай балық кәсіпшілігі учаскелері бекітілсін: №№ пп Табиғатты пайдаланушының атауы Балық кәсіпшілігінің учаскесі 1 2 3 1. «Сағат» ШҚ Сасық-Көл - Солонцы, Остров, Жіңішкесу, Большое 2. «Манат» Ж1НС Алакөл - Жолдыөзек 3. «Берикполов М» ШҚ Сасық-Қарақолқа, Жіңішке, Бесқұпа, Аралтөбе, Сарытұмсық, Қатынсу, Көктал, Зеленка «Балық шаруашылығы» ЖШС Алакөл-Жолдыөзек, Қатынсу Сасықкөл-Қарақолқа, Сарытұмсық, Горелый, Жіңішкесу «Бірлестік» ШҚ Сасықкөл-Жіңішке, Горелый, Кіші Аралтөбе Шығыс Бизнес Компани» ЖШС Алакөл-Қатынсу, Жолдыөзек (ШҚО) Ұшқын» ШҚ Сасықкөл, Жіңішкесу учаскесі, Кіші Аралтөбе, Қарақолқа, Горелый, Болт «Атамұра» ШҚ Алакөл-Жолдыөзек.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының әкімиятының 2004 жылғы 18 ақпандағы № 359 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.