О лицензировании деятельности, связанной с привлечением в Республику Казахстан иностранной рабочей силы, а также вывозом рабочей силы из Республики Казахстан за границу Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметтi лицензиялау туралы
📌 ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.06.25. N 862
қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметтi лицензиялаудың тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстандық азаматтардың бос қызметтер мен жұмыс орындарын иемденуге басым құқығы болады, сондай-ақ жұмыс берушiлер шетелдiк қызметкерлерге де, Қазақстанның азаматтарына да бiрдей жағдай мен еңбекке ақы төлеудi қамтамасыз етедi деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi еңбек қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп немесе онымен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныс табыс етсiн.
Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын жылдың қорытындысы бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тарту және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару туралы ақпарат ұсынсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде:
"Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған лицензияларды беру үшiн алым алудың тәртiбi туралы" нұсқаулықты;
әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшi үшiн алынған кепiл жарнаны жинақтаудың және пайдаланудың тәртiбiн әзiрлесiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi келушiлердi медициналық куәландырудың тәртiбiн айқындасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң өтiнiмiмен оны үкiметаралық келiсiмдер бойынша шетелге жұмысқа кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн де жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде, белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн әкелу және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге
шығару жөнiнде ведомстволық статистикалық есептiлiктi әзiрлесiн және
оны бекiтсiн.
Тармақ 7
7. "Қазақстан Республикасына шетел мамандары мен бiлiктi
жұмысшыларын тарту (жұмысқа қабылдау) мәселелерi" туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 11 қаңтардағы N
59-қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 4,
59-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 8. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн
тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан
Республикасынан шетелге шығаруға байланысты
қызметке лицензия берудiң тәртiбi
мен шарттары туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 4 маусымдағы
N 924 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн
тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан
Республикасынан шетелге шығаруға байланысты
қызметке лицензия берудiң тәртiбi
мен шарттары туралы
ЕРЕЖЕ
Бөлім i
Тарау i. I ТАРАУ
I ТАРАУ
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметiне лицензия берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. 1-тармақта көрсетiлген қызметтерге лицензия берудi Қазақстан Республикасын Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия басты болып табылады және бiлiктiлiк деңгейi қызметтiң осы түрлерi үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келетiн лицензиатқа берiледi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелге жұмысқа шығуын, сондай-ақ шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiн шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия алу үшiн лицензия алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
лицензиялық алымды төлегенi туралы төлем тапсырысының көшiрмесiн.
Тармақ 6
6. Өтiнiш берушi қызметтiң түрiне лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардағы мәлiметтердiң дұрыстығы мен толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауаптылықта болады.
Тармақ 7
7. Лицензия беру немесе одан бас тарту туралы шешiм өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнiң iшiнде қабылданады.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия бiр жыл мерзiмге берiледi.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензияның қолданылуы қызметтiң мәлiмделiнген түрiмен мәлiмделiнген аумаққа қатаң шектеледi.
Тармақ 10
10. Осы ережеге сәйкес лицензияланған қызметтiң әрбiр түрiне жеке лицензия ресiмделедi.
Тармақ 11
11. Лицензияны басқа жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға беруге жол берiлмейдi.
Тармақ 12
12. Лицензия бiр дана болып ресiмделедi.
Тармақ 13
13. Лицензиар әкелген және шығарған жұмыс күшiнiң тiзiмдерi Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарына ұсынылады.
Тармақ 14
14. Лицензиар лицензияның қолданылу мерзiмiнiң аяқталғаны туралы Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарына хабарлайды.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында көзделген жағдайларда лицензия берiлмейдi.
Тармақ 16
16. Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм өтiнiш берушiге жазбаша нысанда жолданады.
Тармақ 17
17. Өтiнiш берушi бiр ай мерзiм iшiнде лицензия беруден бас тарту туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тармақ 18
18. Лицензиар:
лицензиаттың қызметiн тексерудiң нәтижесiнде, лицензиар немесе ол уәкiлеттiк берген аумақтық орган қолданылып жүрген лицензиялау туралы заңдардың бұзылғандығы анықталған;
лицензиарға немесе ол уәкiлеттiк берген аумақтық органға лицензиаттың қызметiн бақылау үшiн қажеттi мәлiметтердi ұсынудан бас тартылған жағдайларда, лицензияның қолданылуын алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 19
19. Лицензиар ол туралы бiр апталық мерзiм iшiнде лицензиат пен лицензиат орналасқан жердегi құзыреттi органдарға жазбаша хабарлайтын тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн, лицензияның қолданылуы жаңартылған болып есептеледi.
Тармақ 20
20. Лицензияның қолданылуының тоқтатыла тұруы уақытында лицензияның қолданылу мерзiмi оның тоқтатыла тұруы мерзiмiне ұзартылады.
Тармақ 21
21. Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданғаны туралы лицензиат пен лицензиат орналасқан жердегi құзыреттi органы жазбаша нысанда құлақтандырады.
Тармақ 22
22. Лицензиар лицензия туралы қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жағдайда лицензияны керi қайтарып алуы мүмкiн.
Тармақ 23
23. Лицензияның қолданылуы лицензия туралы заңдарда белгiленген жағдайларда және негiздер бойынша тоқтатылады.
Тармақ 24
24. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде оны беруге арналған алым керi қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 25
25. Заңды тұлғаны қайта тiркеген, сондай-ақ мекен жайы, банктiк және басқа да реквизиттерi өзгерген кезде лицензиат он күндiк мерзiмнiң iшiнде ол туралы лицензиар мен ол уәкiлеттiк берген аумақтық органдарға хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 26
26. Лицензиаттың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату немесе кейiн шақырып алу мәселелерi жөнiндегi барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар бұл материалдарды қараған кезде қатысуға құқығы бар.
Тармақ 27
27. Лицензиат лицензияны керi шақырып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тармақ 28
28. Лицензиат лицензиардың және оның аумақтық органдарының талап етуi бойынша бақылау жұмыстарын орындау үшiн қажеттi ақпараттар мен құжаттамаларды ұсынуды, сондай-ақ жұмыс объектiсiне жiберуді қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 29
29. Лицензияның қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы бойынша лицензиат жұмыс күшiн олардың тұратын жерiне жеткiзуге мiндеттi. Жұмыс күшiн әкелу кепiл жарналардың есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Лицензияны жоғалтқан (жоғалған) кезде көшiрмесi берiлмейдi.
Тармақ 31
31. Лицензия қатаң есептiлiк құжаты болып табылады, оның сериясы, номерi болады және лицензиатта сақталады.
Тармақ 32
32. Лицензиар белгiленген үлгi бойынша лицензияның бланкiлерiн дайындайды, олардың есепке алынуы, сақталуын жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Лицензиар жергiлiктi жерлердегi жұмыспен қамты қызметтерiне:
жергiлiктi жерлердегi лицензиаттардың қызметiн тексерудi;
тексерулердiң нәтижелерi бойынша лицензияларды керi қайтарып алу, күшiн уақытша тоқтату немесе тоқтату туралы лицензиарға ұсыныстар енгiзудi тапсыруға құқылы.
Тармақ 34
34. Лицензиар және оның аумақтық органдары лицензиаттың өз
құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi заңдарды сақтауына бақылау
жасайды.
Тармақ 35
35. Жұмыс күшiн республикадан шетелге шығаруды, сондай-ақ
шетелдiк жұмыс күшiн әкелудi лицензиясыз не осы Ереженi бұза отырып
жүзеге асыру Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына
сәйкес жауаптылыққа әкелiп соғады.
Тармақ 36
36. Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық
шартта немесе келiсiмде жұмыс күшiнiң орнын ауыстыруға қатысты өзге
ережелер белгiленген жағдайда, аталған шарттың немесе келiсiмнiң
ережелерi қолданылады.
Бөлім ii. II БӨЛIМ
Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн
тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан
Республикасынан шетелге шығаруға байланысты
қызметке қойылатын
БIЛIКТIЛIК ТАЛАПТАРЫ
II БӨЛIМ
Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн
тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан
Республикасынан шетелге шығаруға байланысты
қызметке қойылатын
БIЛIКТIЛIК ТАЛАПТАРЫ
Бiлiктiлiк талаптары шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия алу үшiн өтiнiш жасаған заңды және жеке тұлғаларға қолданылады және былайша айқындалады.
Тарау i
Тармақ i. I. Лицензияланатын қызмет түрiмен айналысу құқығына
субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
I. Лицензияланатын қызмет түрiмен айналысу құқығына
субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Лицензия алу үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
Тармақ 1
1. Лицензия алушының шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге немесе жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызмет түрiмен айналысатынын құжатпен растауы.
Тармақ 2
2. Әкелiнетiн және шығарылатын жұмыс күшiмен, жеке және заңды тұлғалармен жасалған келiсiм-шарттардың көшiрмелерi.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шартта жұмыс объектiсiнiң орналасқан жерi, жұмыс берушiнiң медициналық сақтандыру, еңбектi қорғау, шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған уақытта өндiрiстегi және тұрмыстағы бақытсыз оқиғалардан сақтандыру жөнiндегi мiндеттемелерi көзделуге тиiс.
Тармақ 4
4. Келiсiм-шарттың мерзiмi лицензияның қолданылу мерзiмiнен аспауы тиiс.
Тармақ 5
5. Шетелдiк заңды тұлғалардың не шетел қатысатын заңды тұлғалардың құрылтайшылары медициналық сақтандырудың бар екенiн растайтын құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6
6. Әкелiнетiн шетелдiк мамандар мен жұмысшылардың аты-жөнi, туған күнi мен жылы, азаматтығы, мамандығы немесе бiлiмi, қандай қызметке шақырылғаны көрсетiлген тiзiмi.
Тармақ 7
7. Шетелге шығарылатын адамдардың аты-жөнi, туған күнi мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының нөмiрi, тұратын жерi, мамандығы көрсетiлген тiзiмi.
Тармақ 8
8. Жергiлiктi еңбек нарығында талап етiлетiн жоғары бiлiктi мамандармен жұмысшылардың жоқ екенiн және шетелдiк жұмыс күшiн тартудың мақсатқа сай екенiн облыстық еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi бас басқармасының растауы.
Тармақ 9
9. Әкелiнетiн немесе шығарылатын жұмыс күшiн жұмысқа орналастыру көзделiп отырған нақты жұмыс орындары туралы, жоғарыда аталған адамдардың тұратын жерi, олардың еңбек және тұрмыс жағдайлары, осы жағдайлардың санитарлық талаптар мен еңбек қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкестiгi туралы, жоғарыда аталған адамдар жұмыс iстейтiн жабдықтар және олардың техникалық жай-күйi туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi қоса алғанда, материалдық-техникалық базаның бар екенiн растайтын құжаттардың болуы.
Тарау ii
Тармақ ii. II. Лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын
бiлiктiлiк талаптары
II. Лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын
бiлiктiлiк талаптары
Тармақ 1
1. Тиiстi мамандығының бар екенiн растайтын құжат. Әкелiнетiн мамандармен жұмысшылардың жоғары бiлiктiлiгi болуға тиiс.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгiнiң талаптарына сәйкес медициналық анықтама.
Тармақ 3
3. Әкелiнетiн жұмыс күшiнiң жасы 25 жастан кем болмауға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген зейнеткерлiк жастан үлкен болмауға, шетелге шығарылатын жұмыс күшi үшiн - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес болуға тиiс.