Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Айтекебийского района Актюбинской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2024 жылғы 8 ақпандағы № 2 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізуге төтенше жағдайлардың алдын алуға басшы етіп өзімді тағайындаймын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 ақпанынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.