Об утверждении перечня некоторых приказов Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесін бекіту туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20330 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 10-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1, 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 5 және 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 4
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 тізбеге 1-қосымша
Басқа 2. Жай серіктестік пен сервистік қызмет субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысаны
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 Тізбеге 2-қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 165 бұйрығына 1-қосымша Жай серіктестік пен сервистік қызмет субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысаны __________ қаласы 20__ жылғы «____» ____________ Бұдан әрі «Жай серіктестік» деп аталатын, көппәтерлі тұрғын үй (бұдан әрі - КПТҮ) ______________ (тұрғын үй кешенінің атауы және оның нақты орналасқан жері (толық пошталық мекенжайы)) пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің жай серіктестігі қарапайым жазбаша сенімхат негізінде Сенім білдірілген тұлға атынан _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) әрекет ететін, бір тараптан және ____________________________________ бұдан әрі «Сервистік қызмет субъектісі» деп аталатын жеке немесе заңды тұлғаның атауы)_________________________ негізінде әрекет ететін ____________, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді.
Тармақ 1
1. Шарттың мәні 1.1. Жай серіктестік кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша мынадай қызметтер көрсету туралы Сервистік қызмет субъектісімен келісім жасайды: ______________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________, ал Сервистік қызмет субъектісі қызметті уақтылы және сапалы көрсетуге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Шарттың құны және есеп айырысу тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Шарт бойынша қызмет көрсетудің жалпы құны ҚҚС-сыз __________ теңге.
Тармақ 2.2
2.2. Көрсетілген қызметтің нәтижелері бойынша Жай серіктестік Сервистік қызмет субъектісінің шотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жібереді немесе қызмет көрсету туралы актінің негізінде ағымдағы шоттан ақша қаражатын береді. Жоспарда көзделген көрсетілген қызметтердің көлемі Тараптардың келісімі бойынша түзетіледі.
Тармақ 2.3
2.3. Сервистік қызмет субъектісінің іс-әрекеті нәтижесінде сатып алынған мүлік КПТҮ жалпы мүлкінің құрамына енгізіледі.
Тармақ 3
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 3.1
3.1. Жай серіктестік осы КПТҮ пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайларының мүдделерін білдіреді, субъектінің сервистік қызмет көрсетуін сапалы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Орынтұрақ орындарының қоймалардың меншік иелері сервистік қызмет субъектісімен көрсетлетін қызметтер сапасы туралы жай серіктестіке жүгінеді;
Тармақ 3.2
3.2. Осы Шарт бойынша сапалы және тиісті қызмет көрсетуге Сервистік қызмет субъектісі жауапты болады.
Тармақ 3.3
3.3. Жай серіктестік:
Тармақша 1
1) Сервистік қызмет субъектісінен осы Шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде сапалы қызмет көрсетуді талап етеді;
Тармақша 2
2) Сервистік қызмет субъектісінен оның кінәсінен ортақ мүліктің зақымданғаны үшін шығындарды өтеуді талап етеді;
Тармақша 3
3) Сервистік қызмет субъектісінен қызметтер көрсету туралы ақпарат алады;
Тармақша 4
4) қызметтерді сапасыз көрсеткен кезде Сервистік қызмет субъектісінен кемшіліктерді өтеусіз жоюды не, егер жою үшінші тұлғалар жүргізген және МИБ есебінен төленген болса, кемшіліктерді жою жөніндегі шығыстарды өтеуді талап етеді.
Тармақ 3.4
3.4. Жай серіктестіктің міндеттері:
Тармақша 1
1) қызмет көрсету бойынша Сервистік қызмет субъектісінің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
Тармақша 2
2) Шарттың 1.1-тармағында көрсетілген қызметтерді көрсеткені үшін Сервистік қызмет субъектісіне Сенім білдірілген тұлға мен Сервистік қызмет субъектісі қол қойған қызметтер көрсету актілері негізінде ұсынылған шот бойынша орындалған жұмыстар актісі негізінде есепті айдан кейінгі айдың _ __ күніне дейінгі мерзімде ақы төлеу;
Тармақша 3
3) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көрсетілген Шарт бойынша қызметтер көрсетуге қатысты шағымдары мен өтініштерін қарауға, Сервистік қызмет субъектісінің алдында осы мәселеге бастама жасау;
Тармақша 4
4) Сервистік қызмет субъектісінен қызметтер көрсету туралы актілер қабылдау;
Тармақша 5
5) осы Шарт шеңберінде КПТҮ мүддесінде өзге де өкілеттіктер мен функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы және осы Шартта көзделген міндеттерді орындау;
Тармақ 3.5
3.5. Сервистік қызмет субъектісі:
Тармақша 1
1) көрсетілген қызмет үшін уақтылы төлем алады;
Тармақша 2
2) осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін төлемдер бойынша міндеттемелерді бұзу нәтижесінде өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етеді.
Тармақ 3.6
3.6. Сервистік қызмет субъектісінің міндеттері:
Тармақша 1
1) осы Шарт шеңберінде қызметтерді сапалы және мерзімінде көрсету;
Тармақша 2
2) авариялық жағдайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, екі тәулік ішінде Жай серіктестікке жұмыстардың басталуы мен орны туралы, инженерлік желілердің жұмыс режимінің ажыратылуы, сыналуы немесе өзге де өзгеруі туралы хабарлау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы және осы Шартта көзделген міндеттерді орындау;
Тармақша 4
4) жеке немесе заңды тұлғалардың меншігіндегі КПТҮ ортақ мүлкін зақымдау қаупі бар пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, тұрақ орнында, қоймада авариялық жағдайлар туындаған жағдайда (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері болмаған кезде олардың жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері не авариялар кезінде болуы мүмкін жер туралы мәліметтер), меншік иесінің құқықтарын бұзбай, оны жою жөнінде бірлескен шаралар қабылдау үшін МИБ-ге дереу хабарлау.
Тармақ 4
4. Қызметтерді көрсету тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Тараптар екі данада қызмет көрсету туралы актіге қол қояды.
Тармақ 4.2
4.2. Сенім білдірілген тұлға Сервистік қызмет субъектісінен көрсетілген қызметтер актісін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы актіге қол қоюға немесе көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдан дәлелді бас тартуды ұсынады. Сенім білдірілген тұлғаның дәлелді ескертулері болған жағдайда Сервистік қызмет субъектісі қысқа мерзімде мұндай ескертулерді жояды, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде.
Тармақ 4.3
4.3. Сервистік қызмет субъектісі Сенім білдірілген тұлғаның ескертулерін жоймаған жағдайда, Сенім білдірілген тұлға ескертулерді жою үшін басқа тұлғаны тартуға және Сервистік қызмет субъектісінен Сервистік қызмет субъектісіне жататын төлемнен ұстап қалу не шегеру жолымен және/немесе Сервистік қызмет субъектісіне талап ету арқылы келтірілген шығыстарды өндіріп алуға құқылы. Сервистік қызмет субъектісі осы Сенім білдірілген тұлға келтірілген шығыстарды талаптарды алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтеді.
Тармақ 4.4
4.4. Қызметтер көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған сәттен бастап Сенімді білдірілген тұлғамен қабылданды деп есептеледі. Егер Сенім білдірілген тұлға Шарттың 4.2-тармағында көрсетілген мерзім ішінде өз ескертулерін ұсынбаса, қызметтер ескертулерсіз қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 5
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 5.2
5.2. Сервистік қызмет субъектісі қызметтерді тиісінше көрсетпеген жағдайда Жай серіктестік сотта осы Шартты тоқтату және шығындарды өтеу туралы талап қояды.
Тармақ 6
6. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 6.1
6.1. Тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш мән-жайларының: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дүлей зілзалалар, блокадалар, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, тараптардың ерік-жігеріне және іс-қимылына байланысты емес, алдын ала болжай алмаған және шартты орындауға тікелей әсер еткен террористік актілер туындауының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмес күш мән-жайларының әсеріне ұшыраған Тараптың міндеттемелерді орындау мерзімдері осындай мән-жайлардың қолданылу кезеңінде қозғалады.
Тармақ 6.2
6.2. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын Тарап Шарттың 6.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтатылғаны туралы екінші Тарапты жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 6.3
6.3. Егер шарттың 6.1-тармағында көрсетілген мән-жайлар 1 (бір) айдан астам созылатын болса, онда Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 7
7. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 7.1
7.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау процесінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Тармақ 7.2
7.2. Егер Тараптар келісімге келмесе, даулар КПТҮ орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот арқылы қаралады.
Тармақ 8
8. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі
Тармақ 8.1
8.1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалады және екі Тарап растайды.
Тармақ 8.2
8.2. Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.
Тармақ 8.3
8.3. Осы Шартты бұзудың салдары Тараптардың өзара келісімімен немесе Шарт тараптарының кез келгенінің талап етуі бойынша сот арқылы айқындалады.
Тармақ 8.4
8.4. Тараптардың бірі осы Шарттан бас тартқан жағдайда, егер Тараптар хабардар етілгеннен кейін неғұрлым қысқа мерзімде Шартты тоқтату туралы келісімге келмесе, екінші Тарап Шарт тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын хабардар етілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Басқа шарттар
Тармақ 9.1
9.1. Сервистік қызмет субъектісі өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана немесе өзі үшін белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәміле бойынша міндеттемелерді Сервистік қызмет субъектісі өз мүлкі есебінен көтереді.
Тармақ 9.2
9.2. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және бір жыл ішінде қолданылады және 20__ жылғы___________________ өзінің қолданылуын тоқтатады. Осы Шарттың қолданылу мерзімін тоқтату (аяқтау) Тараптардың ол бойынша міндеттемелерін тоқтатуға әкеп соғады, бірақ Шарт тараптарын, егер осы Шарттың талаптарын орындау кезінде орын алған болса, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Тармақ 9.3
9.3. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Тармақ 10
10. Тараптардың деректемелері Жай серіктестіктің сенімді тұлғасы ______________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________ Мекенжайы: ______________________________ ______________________________ Қолы_________________________ «Сервистік қызмет субъектісі» _____________________________ (атауы) Мекенжайы: _____________________________ Өкілі: _____________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Қолы___________________
Басқа 3. Мүліктің меншік иелері бірлестігі мен сервистік қызмет субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысаны
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 Тізбеге 3-қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 165 бұйрығына 2-қосымша Мүліктің меншік иелері бірлестігі мен сервистік қызмет субъектісі арасындағы шарттың үлгілік нысаны ___________қаласы 20__ жылғы «____» __________☐_______ Бұдан әрі «МИБ» деп аталатын Көппәтерлі тұрғын үй (бұдан әрі - КПТҮ) ________________________________________________________ (тұрғын үй кешенінің атауы және оның нақты орналасқан жері (толық пошталық мекенжайы) мүлкінің меншік иелерінің бірлестігі, Жарғы негізінде әрекет ететін, КПТҮ МИБ төрағасының атынан _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бір тараптан және ____________________________________ бұдан әрі «Сервистік қызмет субъектісі» деп аталатын жеке немесе заңды тұлғаның атауы)_________________________ негізінде әрекет ететін ____________, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді.
Тармақ 1
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. МИБ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша мынадай қызметтер көрсету туралы Сервистік қызмет субъектісімен келісім жасайды: __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________, ал Сервистік қызмет субъектісі қызметті уақтылы және сапалы көрсетуге міндеттенеді.
Тармақ 2
2. Шарттың құны және есеп айырысу тәртібі
Тармақ 2.1
2.1. Шарт бойынша қызмет көрсетудің жалпы құны ҚҚС-сыз __________ теңге.
Тармақ 2.2
2.2. Көрсетілген қызметтің нәтижелері бойынша МИБ Сервистік қызмет субъектісінің шотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жібереді немесе қызмет көрсету туралы актінің негізінде ағымдағы шоттан ақша қаражатын береді. Жоспарда көзделген көрсетілген қызметтердің көлемі Тараптардың келісімі бойынша түзетіледі.
Тармақ 2.3
2.3. Сервистік қызмет субъектісінің қызметтер көрсету нәтижесінде сатып алынған мүлік КПТҮ жалпы мүлкінің құрамына енгізіледі.
Тармақ 3
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 3.1
3.1. МИБ осы КПТҮ пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайларының мүдделерін білдіреді, субъектінің сервистік қызмет көрсетуін сапалы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Орынтұрақ орындарының қоймалардың меншік иелері сервистік қызмет субъектісімен көрсетлетін қызметтер сапасы туралы жай серіктестіке жүгінеді;
Тармақ 3.2
3.2. Осы Шарт бойынша сапалы және тиісті қызмет көрсетуге Сервистік қызмет субъектісі жауапты болады.
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Осы КПТҮ орынтұрақ орындарының қоймалардың меншік иелері, қызмет субъектісімен көрсетлетін қызметтер сапасы туралы МИБ-ке жүгінеді;
Тармақ 3.3
3.3. МИБ:
Тармақша 1
1) Сервистік қызмет субъектісінен осы Шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде сапалы қызмет көрсетуді талап етеді;
Тармақша 2
2) Сервистік қызмет субъектісінен оның кінәсінен ортақ мүліктің зақымданғаны үшін шығындарды өтеуді талап етеді;
Тармақша 3
3) Сервистік қызмет субъектісінен қызметтер көрсету туралы ақпарат алады;
Тармақша 4
4) қызметтерді сапасыз көрсеткен кезде Сервистік қызмет субъектісінен кемшіліктерді өтеусіз жоюды не, егер жою үшінші тұлғалар жүргізген және МИБ есебінен төленген болса, кемшіліктерді жою жөніндегі шығыстарды өтеуді талап етеді.
Тармақ 3.4
3.4. МИБ-нің міндеттері:
Тармақша 1
1) қызмет көрсету бойынша Сервистік қызмет субъектісінің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылайды;
Тармақша 2
2) Шарттың 1.1-тармағында көрсетілген қызметтерді көрсеткені үшін Сервистік қызмет субъектісіне МИБ төрағасы мен Сервистік қызмет субъектісі қол қойған қызметтер көрсету актілері негізінде ұсынылған шот бойынша орындалған жұмыстар актісі негізінде есепті айдан кейінгі айдың ___ күніне дейінгі мерзімде ақы төлеу;
Тармақша 3
3) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, тұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің көрсетілген Шарт бойынша қызметтер көрсетуге қатысты шағымдары мен өтініштерін қарауға оған қоса Сервистік қызмет субъектісінің алдында осы мәселеге бастама жасау;
Тармақша 4
4) Сервистік қызмет субъектісінен қызметтер көрсету туралы актілер қабылдау;
Тармақша 5
5) осы Шарт шеңберінде КПТҮ мүдделерінде өзге де өкілеттіктер мен функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы және осы Шартта көзделген міндеттерді орындау.
Тармақ 3.5
3.5. Сервистік қызмет субъектісі:
Тармақша 1
1) көрсетілген қызмет үшін уақтылы төлем алуға;
Тармақша 2
2) осы Шарттың талаптарын орындамағаны үшін төлемдер бойынша міндеттемелерді бұзу нәтижесінде өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етеді.
Тармақ 3.6
3.6. Сервистік қызмет субъектісінің міндеттері:
Тармақша 1
1) осы Шарт шеңберінде қызметтерді сапалы және мерзімінде көрсету;
Тармақша 2
2) авариялық жағдайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, екі тәулік ішінде МИБ-ге жұмыстардың басталуы мен орны туралы, инженерлік желілердің жұмыс режимінің ажыратылуы, сыналуы немесе өзге де өзгеруі туралы хабарлау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында, оның ішінде тұрғын үй қатынастары саласындағы және осы Шартта көзделген міндеттерді орындау;
Тармақша 4
4) жеке немесе заңды тұлғалардың меншігіндегі КПТҮ ортақ мүлкін зақымдау қаупі бар пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, тұрақ орнында, қоймада авариялық жағдайлар туындаған жағдайда (пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері болмаған кезде олардың жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері не авариялар кезінде болуы мүмкін жер туралы мәліметтер), меншік иесінің құқықтарын бұзбай, оны жою жөнінде бірлескен шаралар қабылдау үшін МИБ-ге дереу хабарлау.
Тармақ 4
4. Қызметтерді көрсету тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Тараптар екі данада қызмет көрсету туралы актіге қол қояды.
Тармақ 4.2
4.2. МИБ төрағасы Сервистік қызмет субъектісінен көрсетілген қызметтер актісін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы актіге қол қоюға немесе көрсетілген қызметтер актісіне қол қоюдан дәлелді бас тартуды ұсынады. МИБ төрағасының дәлелді ескертулері болған жағдайда Сервистік қызмет субъектісі қысқа мерзімде мұндай ескертулерді жояды, бірақ бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде.
Тармақ 4.3
4.3. Сервистік қызмет субъектісі МИБ-нің ескертулерін жоймаған жағдайда, МИБ ескертулерді жою үшін басқа тұлғаны тартуға және Сервистік қызмет субъектісінен Сервистік қызмет субъектісіне жататын төлемнен ұстап қалу не шегеру жолымен және/немесе Сервистік қызмет субъектісіне талап ету арқылы келтірілген шығыстарды өндіріп алуға құқылы. Сервистік қызмет субъектісі осы МИБ келтірілген шығыстарды талаптарды алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтейді.
Тармақ 4.4
4.4. Қызметтер көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған сәттен бастап МИБ-мен қабылданды деп есептеледі. Егер МИБ Шарттың 4.2-тармағында көрсетілген мерзім ішінде өз ескертулерін ұсынбаса, қызметтер ескертулерсіз қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 5
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 5.2
5.2. Сервистік қызмет субъектісі қызметтерді тиісінше көрсетпеген жағдайда МИБ сотта осы Шартты тоқтату және шығындарды өтеу туралы талап қояды.
Тармақ 6
6. Еңсерілмейтін күш
Тармақ 6.1
6.1. Тараптар шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер ол еңсерілмейтін күш мән-жайларының: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, дүлей зілзалалар, блокадалар, ереуілдер, әскери іс-қимылдар, тараптардың ерік-жігеріне және іс-қимылына байланысты емес, алдын ала болжай алмаған және шартты орындауға тікелей әсер еткен террористік актілер туындауының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмес күш мән-жайларының әсеріне ұшыраған Тараптың міндеттемелерді орындау мерзімдері осындай мән-жайлардың қолданылу кезеңінде қозғалады.
Тармақ 6.2
6.2. Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын Тарап Шарттың 6.1-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғаны және тоқтатылғаны туралы екінші Тарапты жазбаша хабарлайды.
Тармақ 6.3
6.3. Егер Шарттың 6.1-тармағында көрсетілген мән-жайлар 1 (бір) айдан астам созылатын болса, онда Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 7
7. Дауларды шешу тәртібі
Тармақ 7.1
7.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау процесінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Тармақ 7.2
7.2. Егер Тараптар келісімге келмесе, даулар МИБ орналасқан жердегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот арқылы қаралады.
Тармақ 8
8. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі
Тармақ 8.1
8.1. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалады және екі Тарап растайды.
Тармақ 8.2
8.2. Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.
Тармақ 8.3
8.3. Осы Шартты бұзудың салдары Тараптардың өзара келісімімен немесе шарт тараптарының кез келгенінің талап етуі бойынша сот арқылы айқындалады.
Тармақ 8.4
8.4. Тараптардың бірі осы Шарттан бас тартқан жағдайда, егер Тараптар хабардар етілгеннен кейін неғұрлым қысқа мерзімде Шартты тоқтату туралы келісімге келмесе, екінші Тарап Шарт тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын хабардар етілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Басқа шарттар
Тармақ 9.1
9.1. Сервистік қызмет субъектісі өзіне берілген өкілеттіктерді асыра пайдалана немесе өзі үшін белгіленген шектеулерді бұза отырып жасаған мәміле бойынша міндеттемелерді Сервистік қызмет субъектісі өз мүлкі есебінен көтереді.
Тармақ 9.2
9.2. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және бір жыл ішінде қолданылады және 20__ жылғы___________________ өзінің қолданылуын тоқтатады. Осы Шарттың қолданылу мерзімін тоқтату (аяқтау) Тараптардың ол бойынша міндеттемелерін тоқтатуға әкеп соғады, бірақ Шарт тараптарын, егер осы Шарттың талаптарын орындау кезінде орын алған болса, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Тармақ 9.3
9.3. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Тармақ 10
10. Тараптардың орналасқан жерлері мен деректемелері МИБ төрағасы __________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мекенжайы: __________________________ __________________________ Қолы _________________________ «Сервистік қызмет субъектісі» ___________________________________ (атауы) Мекенжайы: _____________________ Өкілі: _____________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Қолы _____________________
Басқа 4. Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания арасындағы шарттың үлгілік нысаны
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 Тізбеге 4- қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 165 бұйрығына 3-қосымша Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания арасындағы шарттың үлгілік нысаны ____________қаласы 20__ жылғы «____» ___________ Бұдан әрі «Бірлестік» деп аталатын көппәтерлі тұрғын үй мүлігінің меншік иелерінің бірлестігі Жарғы негізінде әрекет ететін_____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің жай серіктестігі, бұдан әрі «Жай серіктестік» деп аталатын, қарапайым жазбаша сенімхат негізінде әрекет ететін, Сенім білдірілген тұлғаның атынан _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) бір тараптан және Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе Басқарушы компания ______________________________, бұдан әрі «Басқарушы» деп аталатын ____________________________________, ___________________ атынан (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, Кондоминиум объектісі болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйді басқару туралы осы Шартты жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді.
Тармақ 1
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Шарт ______________ мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын үй кешенінің атауы және оның нақты орналасқан жері (толық пошталық мекенжайы) қамтамасыз ету мақсатында жасалды.
Тармақ 1.2
1.2. Осы Шарт көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінің жиналысының шешімі (жиналыстың 20__ жылғы «__» ____________ № __ хаттамасы) негізінде жасалды.
Тармақ 1.3
1.3. Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкінің құрамы мен техникалық жай-күйі туралы мәліметтер шарт жасаған сәтте осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлікінің түгендеу тізбесіне жазылады.
Тармақ 2
2. Шарттың мәні
Тармақ 2.1
2.1. Осы Шарт бойынша Бірлестік/Жай серіктестік кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жұмыстарды орындауға, көппәтерлі тұрғын үйді басқару мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған барлық қажетті заңдық және нақты әрекеттерді Бірлестік/Жай серіктестік атынан және есебінен жасауға тапсырма береді, ал Басқарушы өзіне міндеттеме алады.
Тармақ 2.2
2.2. Көрсетілген тапсырманы орындағаны үшін Бірлестік/Жай серіктестік Басқарушыға осы Шарттың талаптарына сәйкес сыйақы төлейді.
Тармақ 3
3. Тараптардың міндеттері
Тармақ 3.1
3.1. Бірлестіктің/Жай серіктестіктің міндеттері:
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Көппәтерлі тұрғын үйдегі жалпы мүлікті оның мақсатына сәйкес пайдалану.
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімімен белгіленген тәртіпте осы Шарт бойынша ұсынылған қызметке уақтылы ақы төлеу,
Тармақ 3.1.3
3.1.3. Басқарушыға азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне қауіп төндіретін желілердің, жабдықтардың, есепке алу аспаптарының ақаулықтары анықталғаны, коммуналдық көрсетілетін қызметтер сапасы параметрлерінің төмендегені туралы дереу хабарлау;
Тармақ 3.1.4
3.1.4. Осы Шарт шеңберінде заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді атқару.
Тармақ 3.2
3.2. Басқарушының міндеттері:
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Осы Шарттың талаптарына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді басқару.
Тармақ 3.2.2
3.2.2. Пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тізімін қалыптастыру және олармен кондоминиум объектісін басқару жөнінде қызмет көрсету туралы шарттар жасасу;
Тармақ 3.2.3
3.2.3. Жиналыстарды өткізуді ұйымдастыру үшін материалдар дайындауды жүзеге асыру;
Тармақ 3.2.4
3.2.4. Үй кеңесі мен жиналыс шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
Тармақ 3.2.5
3.2.5. Көппәтерлі тұрғын үйдегі ортақ мүліктің құрамына кіретін объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақ 3.2.6
3.2.6. Сервистік қызмет субъектілерімен қызмет көрсету туралы шарттар жасасу және орындау;
Тармақ 3.2.7
3.2.7. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету, оларға ақы төлеу, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету туралы шарттардың орындалуына мониторинг жүргізу;
Тармақ 3.2.8
3.2.8. Бір күнтізбелік жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметаларының жобаларын, кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есепті жасау, оларды үй кеңесінің қарауына ұсыну;
Тармақ 3.2.9
3.2.9. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есепті үй кеңесіне ұсыну;
Тармақ 3.2.10
3.2.10. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне қызметтің негізгі көрсеткіштері туралы, қызмет көрсетуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды орындауға жасалған шарттар, оларды көрсету тәртібі мен шарттары, құны туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақ 3.2.11
3.2.11. Коммуналдық қызметтердің сапасына және оларды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне берудің үздіксіздігіне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақ 3.2.12
3.2.12. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үй кеңесіне немесе мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасына не жай серіктестіктің сенім білдірілген адамына қабылдау-тапсыру актісі негізінде мыналарды беруге міндетті: қаржылық құжаттама (бастапқы, есепке алу құжаттары, қаржылық есептілік, ағымдағы шот бойынша операцияларға байланысты құжаттар), сондай-ақ қаржылық құжаттаманың көшірмелері; көппәтерлі тұрғын үйге техникалық құжаттама; жиналыс хаттамалары; сервистік қызмет субъектілерімен және коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдармен қызмет көрсету туралы жасалған шарттардың көшірмелері; кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау актілерінің көшірмелері; кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты өзге де құжаттар; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін үй-жайлардың кілттері, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін жабдықтарға қол жеткізудің электрондық кодтары; кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану үшін қажетті өзге де техникалық құралдар мен жабдықтар.
Тармақ 4
4. Тараптардың құқықтары
Тармақ 4.1
4.1. Бірлестік/Жай серіктестік:
Тармақ 4.1.1
4.1.1. Осы Шарттың белгіленген стандарттары мен нормаларына және талаптарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі сапалы қызметтерді, коммуналдық қызметтерді уақтылы алады;
Тармақ 4.1.2
4.1.2. Белгіленген тәртіппен Басқарушының кінәсінен келтірілген залалдарды өтеуді талап етеді;
Тармақ 4.1.3
4.1.3. Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымдар туралы (атауы, байланыс телефондары, авариялық қызметтердің телефоны), коммуналдық және өзге де қызметтерді жеткізуші ұйымдар туралы ақпарат алады.
Тармақ 4.1.4
4.1.4. Осы Шартты іске асыру мақсатында Басқарушы компания жасасқан шарттармен танысады.
Тармақ 4.1.5
4.1.5. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы есепті қарауға, қарсылық білдіруге және қабылдайды;
Тармақ 4.1.6
4.1.6. Көппәтерлі тұрғын үйдегі ортақ мүлікті күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлауға, жұмыс жоспарын өзгерту кезінде шешімдер қабылдауға қатысады;
Тармақ 4.1.9
4.1.9. Басқарушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік органдарға, тұрғын үй қорының сақталуын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарға немесе өзге де бақылауды органдарға, сондай-ақ, сотқа өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шағымданады;
Тармақ 4.1.10
4.1.10. Осы Шарт бойынша Басқарушының жұмысын және міндеттемелерінің орындалуын бақылауға. Басқарушыдан осы Шартты орындауға байланысты мәселелерге (сауалдарға) жазбаша жауап беруді талап етеді.
Тармақ 4.2
4.2. Басқарушы:
Тармақ 4.2.1
4.2.1. Осы Шартта көзделген міндеттерді орындау мақсатында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге үшінші тұлғалармен шарттар жасайды.
Тармақ 4.2.2
4.2.2. Бірлестіктің/Жай серіктестіктің осы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзуы нәтижесінде өзі шеккен залалдарды өтеуді заңнамада белгіленген тәртіппен талап етеді;
Тармақ 4.2.3
4.2.3. Бірлестіктен/Жай серіктестіктен өзінің кінәсінен көппәтерлі үйдегі ортақ мүлікті жөндеуге жұмсалған шығындарды өтеуді талап етеді.
Тармақ 4.2.4
4.2.4. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысында айқындалған шарттарда берілген қызметтік үй-жайларды және олардың мақсатына сәйкес басқа да мүлікті пайдаланады.
Тармақ 4.2.5
4.2.5. Көппәтерлі тұрғын үйдегі ортақ мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған жарналардың мөлшері туралы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысына ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 4.2.5.1
4.2.5.1. Тұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің жиналысына тұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстау үшін жарналардың мөлшері туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 4.2.7
4.2.7. Көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді уақтылы төлеуді талап етуге.
Тармақ 4.2.8
4.2.8. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер үшін төлемдер бойынша берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 4.2.9
4.2.9. Көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі бойынша мақсатты алымдарды жүзеге асырады.
Тармақ 4.2.10
4.2.10. Үйге ортақ есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес ресурстарды тұтынуды есепке алудың дұрыстығын тексеруді ұйымдастырады.
Тармақ 4.2.12
4.2.12. Орнатылған үйге ортақ есепке алу аспаптарының жұмысына және пломбалардың сақталуына тексеру жүргізеді.
Тармақ 4.2.13
4.2.13. Сервистік қызмет субъектілерінің, коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 4.2.14
4.2.14. Осы Шарт шеңберінде Басқарушы компанияның өкілеттіктеріне жатқызылған заңнамада көзделген өзге де құқықтарды иеленеді.
Тармақ 5
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 5.1
5.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жауапты болады.
Тармақ 5.2
5.2. Басқарушы көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне өзінің әрекеттері немесе әрекетсіздігі нәтижесінде келтірілген залалды келтірілген залал мөлшерінде өтеуге міндетті.
Тармақ 6
6. Есеп айырысу тәртібі
Тармақ 6.6
6.6. Басқарушыға қызметінің мөлшері пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері жиналысының шешімінде белгіленеді.
Тармақ 6.7
6.7. Басқарушыға қызметін төлеу есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Дауларды шешу
Тармақ 7.1
7.1. Осы Шартпен реттелмеген мәселелер бойынша Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.
Тармақ 7.2
7.2. Даулы мәселелерді келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған кезде даулар кондоминиум объектісінің орналасқан жері бойынша сот тәртібімен шешіледі.
Тармақ 8
8. Шартты өзгерту және бұзу тәртібі
Тармақ 8.1
8.1. Осы Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда жарамды болады.
Тармақ 8.2
8.2. Осы Шарт Тараптардың жазбаша келісімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да жағдайларда өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.
Тармақ 8.3
8.3. Бірлестік/Жай серіктестік, егер Басқарушы осы Шарттың талаптарын орындамаса, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде Көппәтерлі тұрғын үйді басқару шартын орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.
Тармақ 9
9. Қорытынды ережелер
Тармақ 9.1
9.1. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және бір жыл ішінде қолданылады және 20__ жылғы___________________ өзінің қолданылуын тоқтатады. Осы Шарттың қолданылу мерзімін тоқтату (аяқтау) Тараптардың ол бойынша міндеттемелерін тоқтатуға әкеп соғады, бірақ Шарт тараптарын, егер осы Шарттың талаптарын орындау кезінде орын алған болса, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Тармақ 9.3
9.3. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
Тармақ 10
10. Тараптардың деректемелері Мүліктің меншік иелері бірлестігі/Жай серіктестік __________________________ (атауы) Мекенжайы: _______________ Өкілі __________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Қолы __________________________ «Басқарушы» Мекенжайы: ________________________ Өкілі: ________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Қолы ________________________
Басқа 4.1. Кондоминум объектісі ортақ мүлкінің түгендеу тізбесі
Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания арасындағы шартқа 1-қосымша Кондоминум объектісі ортақ мүлкінің түгендеу тізбесі Көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері:____________________ № Ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Сан­дық си­патта­ма­сы Са­па­лық си­патта­ма­сы Са­лын­ған жы­лы, Пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген кү­ні Кон­до­ми­ни­у­м☐­тір­кел­ген күн Жал­пы ала­ңы Пай­да­лы ала­ңы Тұр­ғын емес үй-жай­лар­дың ала­ңы жер­тө­ле ша­ты­рас­ты тех­ни­ка­лық қа­бат Жер учас­ке­сі­нің жал­пы ала­ңы Қа­бат­тар са­ны Кі­ре­бе­рі­стер са­ны Сек­ци­я­лар са­ны Ман­сард­тар Қой­ма­лар Пар­кинг­тер Энер­гия ауди­ті өт­кі­зі­л­ген күн энер­гия ти­ім­ді­лі­гі сы­ны­бы Соң­ғы күр­де­лі жөн­деу жүр­гі­зі­л­ген күн Ба­лан­стық ти­е­сі­лі­гі Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сіне тех­ни­ка­лық зерт­теп-қа­рау жүр­гіз­ген ұй­ым­ның қо­ры­тындысы 1 Сырт­қы қа­быр­ға­лар (жал­пы ала­ңы) кір­піш бл­ок­тар па­нель­дер 2 Қа­с­бет: Қап­тау ма­те­ри­ал­да­ры: кір­піш си­ли­кат кір­піш ке­ра­мо­гра­нит алю­ко­бонд ұлу­тас 3 Ір­ге­тас (жал­пы ала­ңы): ма­те­ри­ал: қа­да­лы тас­па­лы тұ­тас­құй­ма­лы ІҚБ (ір­ге­та­стық құ­ры­лыс бл­ок­та­ры) 4 Жер­тө­ле қа­быр­ға­ла­ры (жал­пы ала­ңы): ма­те­ри­ал: ІҚБ (ір­ге­та­стық құ­ры­лыс бл­ок­та­ры) тұ­тас­құй­ма 5 Ара­жа­бын ма­те­ри­ал тұ­тас­құй­ма те­мір­бе­тон ағаш 6 Бас­пал­дақ­тар: ьа­я­ны­штар: са­ты­лар: 7 Тө­бе (ша­ты­рас­ты) ти­пі: еңі­сті те­гіс ма­те­ри­ал: ағаш 8 Ша­тыр ма­те­ри­ал: ме­тал жа­бын­қыш ши­фер ру­бе­ро­ид 9 Қо­қыс құ­бы­ры кі­ре­бе­рі­стер са­ты­лар та­я­ны­штар маң­дай­ша­лар кі­ре­бе­ріс есік­тер энер­гия үнем­дей­тін шам­ның бо­луы: кі­ре­бе­рі­стер­дің те­ре­зе­ле­рі ма­те­ри­ал: ағаш пла­стик 1 Лиф­ті­лер тө­ле­ма­қы ти­пі: кар­точ­ка­мен та­риф бой­ын­ша жы­лу­мен жаб­дық­тау дер­бес ор­та­лық пе­шпен жы­лу кір­ме­ле­рі­нің са­ны ав­то­мат­ты жы­лу пункт­те­рі­нің бо­луы: жы­лу энер­ги­я­сы­ның үй­ге ор­та ☐ есеп­ке алу ас­пап­та­ры­ның (жы­лу­ды есеп­ке алу ас­па­бы) 1 Су құ­бы­ры ма­те­ри­ал: ме­талл пла­стик су құ­бы­ры­ның диа­мет­рі үй­ге ор­тақ есеп­ке алу ас­па­бы­ның бо­луы 1 Су бұ­ру құ­быр­дың диа­мет­рі ма­те­ри­ал: ме­талл пла­стик 1 Га­з­бен жаб­дық­тау үй­ге ор­тақ есеп­ке алу ас­па­бы­ның бо­луы: 1 Жы­лу­мен жаб­дық­тау үй­ге ор­тақ есеп­ке алу ас­па­бы­ның бо­луы үй­ге ор­тақ есеп­ке алу ас­па­бы­ның са­ны үй­ге ор­тақ есеп­ке алу ас­па­бы­ның мар­ка­сы Ток өт­кі­зе­тін ка­бель же­лі­ле­рі мен сым­да­ры мыс алю­ми­ний Ескертпе: атауы тараптардың келісімі бойынша толықтырылуы мүмкін Бірлестік төрағасы/Жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасы ________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Басқарушы: ________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Үй кеңесі: ________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 5. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 Тізбеге 5-қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына 1-қосымша Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, жай серіктестіктің сенім білдірілген адамының, көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушының, басқарушы компанияның (бұдан әрі - Атқарушы орган) шығындарын және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті төлемдерінің (жарналарының) мөлшерін және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстау үшін төлемдерін айқындауға бірыңғай тәсілдер белгілеу мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Әдістеме «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) нормаларын негізге ала отырып, кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі, сондай-ақ орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған шығындарды есептеу кезінде қолданылады.
Тармақ 3
3. Әдістеме беруді Атқарушы орган қамтамасыз ететін бекітілген жылдық шығыстар сметасы шеңберінде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, сондай-ақ орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесін көздейді.
Тармақ 4
4. Басқару шығыстары Заңның 43, 43-1, 48-1-баптарына сәйкес Атқарушы орган жүзеге асыратын кондоминиум объектісін басқару қызметтеріне арналған шығыстарды қамтиды.
Тармақ 5
5. Кондоминиум объектісін басқаруда мынадай шығыстар:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісін басқарғаны үшін Атқарушы органға еңбекақы (көрсетілетін қызмет) төлемі;
Тармақша 2
2) бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізгені үшін еңбекақы (көрсетілетін қызмет) төлемі;
Тармақша 3
3) бюджетке міндетті төлемдер (салықтар, жарналар, аударымдар және басқалар);
Тармақша 4
4) банктік қызметтер;
Тармақша 5
5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін төлем;
Тармақша 6
6) офисті ұстауға (жалға алу, байланыс, интернет, кеңсе тауарлары, ұйымдастыру техникасы және оны ұстау) арналған шығыстар;
Тармақша 7
7) жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру;
Тармақша 8
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша төлемдерді басып шығару және өңдеу қызметтері үшін ақы төлеу, сондай-ақ күрделі жөндеуге жинақтау, нысаналы жарна үшін;
Тармақша 9
9) берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты шығыстар (нотариалдық қызметтер, пошта қызметтері, мемлекеттік баж және басқалар) қамтылады.
Тармақ 6
6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау мынадай шығыстарды:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісінің жертөле үй-жайларын, паркингтерін және басқа да ортақ пайдалану орындарын дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау;
Тармақша 2
2) энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есептейтiн аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктелген жағдайларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің үйге ортақ инженерлік жүйелеріне (жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, желдету) және жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларды оқшаулау;
Тармақша 3
3) үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтарды күзгі-қысқы кезеңдерге дайындау (жуу, қысыммен тексеру, реттеу, баптау);
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісін ортақ пайдаланылатын орындардың санитариялық жағдайын қамтамасыз ету (кіреберістерді, холдарды, баспалдақ марштарын, баспалдақ алаңдарын, лифт кабиналарын ылғалды жинау, сыпыру және жуу және басқа да санитарлық іс-шаралар);
Тармақша 5
5) кондоминиум объектісінің үй маңындағы аумағының жер учаскесінің санитариялық жағдайын қамтамасыз ету (көгалдандыру (жасыл желектер мен көгалдарды отырғызу, күту, құлату, кесу), қоқыс құбырын санитариялық тазалау, қазылған шұңқырларды тазалау, аула дәретханаларын жинау және ақтау, жапырақтарды, қар мен мұздақтарды, оның ішінде шатырдан тазалау);
Тармақша 6
6) үйге ортақ есепке алу аспаптарын, сондай-ақ жылу тұтынуды есепке алу жүйелерін және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерінің элементтерін сатып алу, орнату, сервистік қызмет көрсету және тексеру;
Тармақша 7
7) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды, авариялық жағдайларды ағымдағы жөндеуді және оқшаулауды қамтамасыз ету (лифтілерге қызмет көрсету);
Тармақша 8
8) өртке қарсы жабдықты күтіп ұстауды, өрт сөндіргіштерді, өртке су себетін түтік құбырларын сатып алуды және зарядтауды, қайта зарядтауды, арнайы жазуларды, көрсеткіштерді жүзеге асыруды, эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын ресімдеуді қоса алғанда, өртке қарсы іс-шаралар;
Тармақша 8-1
8-1) пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, қоймада орналасқан жабдық пен кабельді қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін көппәтерлі тұрғын үйдің газдану, түтіндеу және су басу дабылы құрылғыларынан, автоматты өрт дабылы жүйелерінен, инженерлік жабдықтарын автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелерінен (домофон жүйелері мен жабдықтары, бейнебақылау), телефон байланысы, теледидар және интернет қызметтерін көрсету жүйелерінен тұратын әлсіз тоқтарға арналған инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау және оларға техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 9
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу (ақау актісі негізінде);
Тармақша 10
10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер төлемі;
Тармақша 11
11) домофон жабдықтарын орнату;
Тармақша 12
12) алып тасталсын;
Тармақша 13
13) ірі көлемді қоқыстарды шығаруды қамтиды.
Тармақша 14
14) ірі габаритті қоқыстарды шығару.
Тармақ 7
7. Атқарушы органға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылған жағдайда, оны кондоминиум объектісін басқару мен күтіп-ұстауға көзделген қаражаттан төлеуге жол берілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу
2-тарау. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу
Тармақ 8
8. Кондоминиум объектісін тексеруді жүргізу кезінде Атқарушы орган жалпы мүліктің бекітілген түгендеу тізбесі негізінде одан әрі ақау актісі үшін ғимараттың барлық элементтерінің сапалық және сандық сипаттамаларын сипаттай отырып, кондоминиум объектісін тексеру актісін жасайды, сервистік қызмет субъектілері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеуді және тиісті күтіп-ұстауды жоспарлайды.
Тармақ 9
9. Орындалатын жұмыстардың тізбесі мен құрамына әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады: кондоминиум объектісін пайдалану мерзімі, конструктивтік элементтердің материалы, қабаттылығы, үйішілік инженерлік жабдықтар мен техникалық құрылғылардың, үй жанындағы жер учаскесінің болуы және сипаттамасы және онда орналасқан кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі болып табылатын объектілер.
Тармақ 10
10. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшері жұмыстардың тізбесіне, құрамына, кезеңділігіне байланысты және мынадай формула бойынша есептеледі: В=(Р –Д )/(S *12 ай), мұндағы: В - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың мөлшері; Р - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы; Д - коммерциялық мақсаттардан (үй-жайларды жалға беруден, антенналарды, жарнамалық қалқандарды орнату) түскен кірістер сомасы; S - шаршы метрмен есептелетін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңы. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойынша есептеледі: Р = (Р басқару+Р күтіп ұстау), мұндағы: Р басқару - осы Әдістеменің 5-тармағында көзделген шығыстар; Р күтіп ұстау - осы Әдістеменің 6-тармағында көзделген шығыстар.
Тармақ 11
11. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын ай сайынғы міндетті жарналардың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады: Р меншік иесі = В*S мұндағы: Р меншік иесі - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тиісті пәтерлер немесе тұрғын емес үй-жайлар меншік иесінің міндетті жарналарының мөлшері; S - жеке (бөлек) меншіктегі шаршы метрмен есептелетін тиісті пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың пайдалы алаңы.
Тармақ 12
12. Жабдықтаушылар ұсынатын суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылыту (жылумен жабдықтау), газбен жабдықтау қызметтерінің көлемін анықтау есептеу құралдарының болуына немесе болмауына байланысты болады.
Тармақ 13
13. Егер көппәтерлі тұрғын үйде үйге ортақ есепке алу аспаптары орнатылса, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға ұсынылатын коммуналдық қызметтердің құны былайша айқындалады: электр энергиясы бойынша - үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен тұтынушылардың белгілі бір топтарының тарифіне көбейтілген жеке (пәтерлік) есепке алу аспаптарының көрсеткіштер сомасы арасындағы айырма ретінде; сумен жабдықтау бойынша (шаруашылық-ауыз су сапасындағы суық су) - үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен тұтынушылардың белгілі бір топтарының тарифіне көбейтілген жеке (пәтерлік) есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің сомасы арасындағы айырма ретінде; су бұру бойынша - сарқынды сулардың саны шаруашылық-ауызсу сапасындағы тұтынылған судың санына тең анықталады, одан кейін тұтынушылардың белгілі бір топтарының тарифіне көбейтіледі; жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау бойынша - тұтынушылардың белгілі бір санаттары үшін белгіленген меншік иелерінің пәтерлеріндегі жылу энергиясын (жылыту және ыстық сумен жабдықтау) тұтыну көлемі арасындағы айырмаға (меншік иесінің пәтер ауданы мен тұратындар санына сәйкес есептеу жолымен анықталады) және үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жылу энергиясын тұтыну арасындағы айырмаға тарифтің көбейтіндісі ретінде.
Тармақ 14
14. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына кейіннен есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері бойынша сметаны нақтылай отырып, жоспарланатын кезеңнің алдындағы кезеңде ортақ мүлікті күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердің құны қосылады.
Тармақ 15
15. Егер көппәтерлі тұрғын үйде үйге ортақ есепке алу аспаптары болмаса, коммуналдық қызметтердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған құны табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган тұтынушылардың белгілі бір түрі үшін белгілеген тарифтерге, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтеріне сүйене отырып айқындалады.
Тармақ 16
16. Орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстау үшін төлем мөлшері жиналыста бекітіледі. Орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстау арналған жарналардың мөлшері паркингтегі жұмыстардың тізбесіне, құрамына және мерзімділігіне, оның ішінде басқару шығындарына байланысты: Кондоминиум объектісін басқаруда мынадай шығыстар:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісін басқару үшін Атқарушы органға еңбекақы (көрсетілетін қызметтер) төлемі;
Тармақша 2
2) бухгалтерлік есепті, статистикалық және салық есептілігін жүргізу үшін еңбекақы (көрсетілетін қызметтер) төлемі;
Тармақша 3
3) бюджетке міндетті төлемдер (салықтар, жарналар, аударымдар және басқалар);
Тармақша 4
4) банктік қызметтер;
Тармақша 5
5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету үшін төлем;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар бойынша төлемдерді басып шығару және өңдеу қызметтері үшін ақы төлеу, сондай-ақ күрделі жөндеуге, мақсатты жарнаға жинақтау;
Тармақша 7
7) берешекті мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты шығыстар (нотариаттық қызметтер, пошта қызметтері, мемлекеттік баж және басқалар) қамтылады. Күтіп-ұстауға келесі шығындар кіреді:
Тармақша 1
1) орынтұрақ орындары мен паркингтің, сондай-ақ қойманың іргелес аумағының санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) паркингтерді дератизациялау, дезинсекциялау, дезинфекциялау;
Тармақша 3
3) бейнебақылау;
Тармақша 4
4) паркинг қақпаларын жөндеу, техникалық күтіп-ұстау;
Тармақша 5
5) өртке қарсы жабдықты күтіп ұстауды, өрт сөндіргіштерді, өртке су себетін түтік құбырларын сатып алуды және зарядтауды, қайта зарядтауды, арнайы жазуларды, көрсеткіштерді жүзеге асыруды, эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын ресімдеуді қоса алғанда, өртке қарсы іс-шаралар;
Тармақша 6
6) паркингті күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтер төлемі.
Тармақша 7
7) пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, қоймада орналасқан жабдық пен кабельді қоспағанда, газ тарау, түтінге орану және су басу дабылы құрылғыларынан, автоматты өртке қарсы дабыл беру жүйелерінен, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін көппәтерлі тұрғын үйдің инженерлік жабдығын автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелерінен (домофондық жүйелер мен жабдық, бейнебайқау), телефон байланысы, телевизия және интернет қызметтерін көрсету жүйелерінен тұратын тогы әлсіз инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау және техникалық қызмет көрсету.
Тармақша 8
8) шаруашылық шығыстары (паркингті күтіп-ұстауға қажетті мүкәммалды, жабдықтар мен материалдарды сатып алу);
Тармақша 9
9) техникалық қызмет көрсету паркингтің инженерлік жүйелерінің (жылыту, ыстық және суық сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, желдету) және паркинг жабдықтарының (бар болған жағдайда) авариялық жағдайларын оқшаулау.
Тармақша 10
10) паркингтің инженерлік жүйелері мен жабдықтарын маусымдық пайдалануға дайындау (жуу, престеу, реттеу, баптау және басқалар) (бар болған жағдайда).
Тармақ 17
17. Паркингте орналасқан бір тұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстағаны үшін төлем мөлшері тұрақ орнының, қойманың меншік иесіне арналған формула бойынша есептеледі: В=(Р )/(S*12 ай.), мұндағы: В - тұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшері; Р жыл-тұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға, оның ішінде басқаруға арналған шығыстар сомасы; S - шаршы метрмен есептелетін тұрақ орнының, қойманың жалпы ауданы. Тұрақ орнын, қоймаларды күтіп-ұстауға ұстау үшін айына жарнаның мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады: Р меншік иесі = В *S мұндағы: Р меншік иесі - тұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстау үшін төленетін жарнаның мөлшері; S - жеке (бөлек) меншіктегі, шаршы метрмен есептелетін тұрақ орнының, қойманың жалпы ауданы.
Тармақ 18
18. Қоймалар паркингтен тыс жерде орналасқан жағдайда, қойманы күтіп-ұстау үшін төлем мөлшері осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшері қолданылады.
Тарау 3. 3-тарау. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығыстар сметасын бекіту
3-тарау. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығыстар сметасын бекіту
Тармақ 19
19. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жиналысында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасын бекіту туралы шешім қабылданады. Жылдық шығыстар сметасын бекіту кезінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар құрылымындағы іс-шараларға арналған шығындардың мынадай базалық үлесін ескереді:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісін басқаруға - 30 %-дан артық емес;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға - 70 %-дан кем емес.
Тармақ 21
21. Кондоминиум объектісін өз бетінше басқару кезінде басқару шығындарының үлесі 40 % - ға дейін, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға 60 %- ға дейін жетуі мүмкін.
Тармақ 22
22. Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің жиналысында орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың жылдық сметасын бекіту туралы шешім қабылданады.
Басқа 6. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 24 Тізбеге 6-қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына 2-қосымша Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Әдістеме жергілікті атқарушы органдар кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін есептеген кезде тұрғын үй қатынастары саласында қолданылады.
Тармақ 3
3. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшері кемінде үш коммерциялық ұсыныс негізінде міндетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнынан қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу үшін 1-қосымшаға сәйкес жұмыстар мен қызметтердің міндетті тізбесі мен кезеңділігі пайдаланылады және мынадай формула бойынша есептеледі: P = (Р басқару+ Р күтіп ұстау) Р - кондоминиум объектілерін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең аз шығыстар; Р басқару - осы Әдістеменің 1-қосымшасының 1-тармағында көзделген шығыстар; Р күтіп ұстау - осы Әдістеменің 1-қосымшасының 2-тармағында көзделген шығыстар.
Тармақ 5
5. Өңір үшін кондоминиум объектілерін басқаруға және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең аз шығын мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: В = Р /( S *12 ай), мұндағы: В - кондоминиум объектілерін басқаруға және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарнаның ең төменгі мөлшері; Р - кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы; S - шаршы метрмен есептелетін барлық кондоминиумдердің барлық объектілерінің пайдалы алаңы.
Тармақ 6
6. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары Заңның 10-3 бабының 1-тармағына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін орындалған есеп айырысу негізінде бекітеді.
Тармақ 7
7. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері бір күнтізбелік жыл қолданыста болады, қайта есептеуді жергілікті атқарушы органдар инфляцияны ескере отырып жүргізеді.
Тармақ 8
8. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері шығыстардың мөлшері туралы шешім қабылдамаған немесе меншік иелері бұрын тұрғын үйді күтіп-ұстауға арналған төлемді бекіту туралы шешім қабылдаған көппәтерлі тұрғын үйлерде қолданылады, ол өкілді орган белгілеген үйге ортақ мүлікті күтіп-ұстауға арналған ең төменгі мөлшерден аз.
Тармақ 9
9. Уақытша басқарушы компания кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін ұлғайту коэффициентін ескере отырып қолдануға тиіс: Т = В *К Т – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері үшін уақытша басқарушы компания белгілейтін жарна мөлшері. В – кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарнаның ең аз мөлшері; К – 2-қосымшаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің пайдалану мерзімі мен сипаттамаларына байланысты кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау шығыстарына ұлғайту коэффициенті.
Басқа 6.1. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың ең төменгі тізбесі
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне 1-қосымша Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың ең төменгі тізбесі № Іс-ша­ра­лар Мер­зім­ді­лік 1 1 Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру, оның ішін­де: 1) бух­гал­тер­лік есеп­ті, ста­ти­сти­ка­лық және са­лық есеп­ті­лі­гін жүр­гі­зу үшін ең­бе­ка­қы қыз­мет­тер­дің тө­ле­мі; 2) кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін бас­қа­ру үшін Ат­қа­ру­шы ор­ган­ға ең­бе­ка­қы қыз­мет­тер­дің тө­ле­мі; 3) бюд­жет­ке мін­дет­ті тө­лем­дер (са­лық­тар, жар­на­лар, ауда­рым­дар және бас­қа­лар); 4) банк­тік қыз­мет­тер; 5) есеп ай­ы­ры­су-кас­са­лық қыз­мет көр­се­ту үшін тө­лем; 6) офи­сті ұста­у­ға (жал­ға алу, бай­ла­ныс, кең­се та­у­ар­ла­ры, ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сы және оны ұстау) ар­нал­ған шы­ғы­стар қам­ты­ла­ды. ай сай­ын 2 2 Кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің ор­тақ мүл­кін кү­тіп-ұстау, оның ішін­де: 1) кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің жер­тө­ле үй-жай­ла­рын, пар­кинг­те­рін және бас­қа да ор­тақ пай­да­ла­ну орын­да­рын де­ра­ти­за­ци­я­лау, дезин­сек­ци­я­лау, дез­ин­фек­ци­я­лау; жы­лы­на 4 рет 2) энер­ге­ти­ка­лық желiлер­дiң, сон­дай-ақ энер­гия тұ­ты­ну­ды есеп­тей­тiн ас­пап­тар­дың тиiстi тех­ни­ка­лық жай-күйi мен қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету мiн­детi энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­ға жүк­тел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің үй­ге ор­тақ ин­же­нер­лік жүй­е­ле­ріне (жы­лы­ту, ыстық және суық су­мен жаб­дық­тау, су бұ­ру, электр­мен жаб­дық­тау, га­з­бен жаб­дық­тау, жел­де­ту) және жаб­дық­та­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, ава­ри­я­лық жағ­дай­лар­ды оқ­ша­у­лау; жы­лы­ту ке­зе­ңін­де - тәу­лік бойы; жы­лу бе­ріл­мей­тін ке­зең­де - ай­ы­на 2 рет 3) үй­ге ор­тақ ин­же­нер­лік жүй­е­лер мен жаб­дық­тар­ды мау­сым­дық пай­да­ла­ну­ға дай­ын­дау (жуу, қы­сым­мен тек­се­ру, рет­теу, бап­тау және бас­қа­лар); жы­лы­на 1 рет 4) кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сін ор­тақ пай­да­ла­ны­ла­тын орын­да­ры­ның са­ни­та­ри­я­лық жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету; (кі­ре­бе­рі­стер­ді, зал­дар­ды, бас­пал­дақ мар­шта­рын, бас­пал­дақ алаң­да­рын, лифт ка­би­на­ла­рын ылғал­ды жи­нау, сы­пы­ру және жуу және бас­қа да са­ни­тар­лық іс-ша­ра­лар); ап­та­сы­на 1 рет 5) кон­до­ми­ни­ум объ­ек­ті­сі­нің үй ма­ңын­да­ғы ау­ма­ғы­ның жер учас­ке­сі­нің са­ни­та­ри­я­лық жағ­дай­ын қам­та­ма­сыз ету (кө­гал­дан­ды­ру (жа­сыл же­лек­тер мен кө­гал­дар­ды отыр­ғы­зу, кү­ту, ке­су), қо­қыс құ­бы­рын са­ни­та­ри­я­лық та­за­лау, қа­зы­л­ған шұң­қыр­лар­ды та­за­лау, аула дә­рет­ха­на­ла­рын жи­нау және ақ­тау, жа­пы­рақ­тар­ды, қар мен мұз­дақ­тар­ды, оның ішін­де ша­тыр­дан та­за­лау); ай­ы­на 1 рет 6) энер­ге­ти­ка­лық же­лі­лер­дің, сон­дай-ақ энер­гия тұ­ты­ну­ды есеп­ке алу ас­пап­та­ры­ның ти­іс­ті тех­ни­ка­лық жай-күйі мен қа­уіп­сіз­ді­гі энер­ги­я­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­ға жүк­тел­ген жағ­дай­лар­ды, сон­дай-ақ жы­лу тұ­ты­ну­ды есеп­ке алу жүй­е­ле­рін және жы­лу тұ­ты­ну­ды рет­те­удің ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған жүй­е­ле­рі­нің эле­мент­те­рін (қа­жет болған жағ­дай­да) қо­с­па­ған­да, үй­ге ор­тақ есеп­теу құ­рал­да­ры­на сер­ви­стік қыз­мет көр­се­ту; жы­лы­на 1 рет 7) өрт­ке қар­сы жаб­дық­ты кү­тіп ұста­уды, өрт сөн­дір­гіш­тер­ді, өрт жең­де­рін са­тып алу­ды және за­ряд­та­уды, қай­та за­ряд­та­уды, ар­найы жа­зу­лар­ды, көр­сет­кіш­тер­ді жү­зе­ге асы­ру­ды, эва­ку­а­ци­я­лау жос­пар­ла­ры мен схе­ма­ла­рын ре­сім­де­уді, өрт­ке қар­сы сиг­нал бе­ру және өрт сөн­ді­ру жүй­е­ле­рін са­тып алу­ды және ор­на­ту­ды қо­с­па­ған­да, өрт­ке қар­сы іс-ша­ра­лар; жы­лы­на 1 рет 8) ав­то­мат­ты өрт даб­ы­лы жүй­е­ле­рі­нің га­з­да­ну, тү­т­ін­деу, су ба­су даб­ы­лы құ­ры­л­ғы­ла­ры­нан тұ­ра­тын тө­мен тоқ­ты ин­же­нер­лік жүй­е­лер­ді ұстау тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту