Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 48 және 50 бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына және 2024 жылғы 8 ақпандағы Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 1 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысының Хромтау ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 ақпанынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.