Об определении мест размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов Күшін жойған
Басқа 0
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Саран қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» № 42/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-7-125 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Саран қалалық
сайлау комиссиясы
Басқа 0. Барлық кандидаттар үшін
үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған
орындар
Саран қаласының әкімдігінің
2024 жылғы 8 ақпандағы
№ 08/01
қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін
үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған
орындар
№
Елді мекеннің атауы
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1.
Саран қаласы
Жеңіс көшесі мен Ленин даңғылының қиылысындағы алаңдағы стенд
2.
Саран қаласы
Дубовка ауданы, Асфальтная көшесі, №18/1 үйдегі дүкеннің жанындағы стенд
3.
Саран қаласы
Жамбыл және Шахтерская көшелерінің қиылысында, Шахтерская көшесі, №55 үйдегі дүкеннің жанындағы стенд
4.
Саран қаласы
1 «А» ықшам ауданы, «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Сәуле» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасындағы учаскедегі стенд
5.
Саран қаласы
«Саран техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Кольцевая көшесі, №12 үйдің жанындағы стенд
6.
Саран қаласы
№ 3 ықшам аудан, 12 «А» үйдегі дүкен жанындағы стенд
7.
Ақтас кенті
Первомайская көшесі, №16
«Б» үйдегі дүкен жанындағы стенд