Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территориях Ақсуатского сельского округа, Анкатинского сельского округа, Подстепновского сельского округа, Чаганского сельского округа и сельского округа Теректі Теректинского района Күшін жойған
Басқа 0
Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі, Аңқаты ауылдық округі, Подстепное ауылдық округі, Шаған ауылдық округі және Теректі ауылдық округі аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48–бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округі, Аңқаты ауылдық округі, Подстепное ауылдық округі, Шаған ауылдық округі және Теректі ауылдық округі аумақтарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теректі ауданы әкімінің орынбасары А.К..Тугузбаев тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 7 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.