Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории города Костаная Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шаралар өткізілсін.
Тармақ 3
3. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Ерикович Исмагулов табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға басшы болып тағайындалсын.
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.