Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории города Костаная

Өзге акт · № 1 · қабылданған 12.02.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-193227/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории города Костаная Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·12.02.2024
06.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории города Костаная

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории города Костаная
Атауы (қаз.)
Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
12.02.2024
Көрсетілген редакция
06.11.2024 193227_744666.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24NA00001B
ЭКБ идентификаторы
193227
Редакция идентификаторы
193227_744666
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:15

0 Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Қостанай қаласының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шаралар өткізілсін.

3 3. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Ерикович Исмагулов табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға басшы болып тағайындалсын.

4 4. «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

2 2) осы шешімді Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы