Об утверждении Правил о порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 16 қараша N 477-1, 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 97-бабы 2-тармағындағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Зеленов аудандық мәслихатының "Ауданда табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға), тұрғын үй ұстауға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі туралы" 2000 жылғы 28 маусымдағы, шешімнің күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау әлеуметтік мәселелері, жастар ісі, мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 4. Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Зеленов аудандық мәслихатының 2004 жылғы 2 наурыздағы N 6-3 шешімімен бекітілген Табысы жағынан аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемақысы халықтық табысы жағынан аз қамтылған санаттарына тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтерге ақы төлеген шығын орнын толтыру үшін өтемақы, басқа әлеуметтік көмекке қарамастан меншік тұрғын үй нысанына мемлекеттен алынатын жәрдемақы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы Зеленов ауданында тұрғылықты тұратындарға, егер отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормалары шегіндегі, тұрғын үйде күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтер мен пайдалануға нормативтері шығыны осы мақсаттарға ұйғарынды шекті шығын үлесінен асса, көрсетіледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді: зейнет демалысына шыққан жалғыз тұратын зейнеткерлер; (тұлпыр жетімдер) ата-аналарынан айырылған жетім балалар, балалармен бірге тұратын қорғансышылары, ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы ата-аналар (4, одан да көп балалы), оралмандар, табысы аз азаматтар (атаулы әлеуметтік қорғау алушылар), жалпы аурулардан мүгедек болған адамдар, жұмыс істемейтін елуден асқан әйелдер, елу бестен асқан ер адамдар, басқа санаттарға - 30 пайыз. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақыға жататын тұрғын үй көлемінің мөлшері тұрғын үй заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегінің тәртібін, мөлшерін аудан мәслихаты белгілейді.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын жергілікті халықтық әлеуметтік қорғау органдары береді.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтерлер, үйлер) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй жәрдемақысынан алу құқығынан айырылады. Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаса, мүгедектер және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, отбасының тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғын үйді ұстау және пайдаланған коммуналдық қызметтер ақысын меншік иесіне (жалдаушыға) белгіленген мөлшер шегінде есептелген сомамен салыстырғанда кеміту үшін аудару арқылы беріледі. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін тұрғын үй жәрдемақысы мөлшері нақтылы есептелген сомадан аспауы керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің, тиісті түрінде барлық банк операцияларын Заңмен белгіленген тәртіп бойынша тендер ұтып алған лицензиялары бар организациялар арқылы материалдық көмегін төлеуі жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақысы: алты ай жылу беру мезгілінде әр тоқсанға арыз бергеннен кейін тағайындалады. Отбасының табысы, тұрғын үй-коммуналдық қызметінің ставкалары және штраф салуы өзгерсе, әлеуметтік қорғау органдары бұрынғы есептелген жәрдемақысын қайта есептейді.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы әлеуметтік қорғау органдарына хабарлап отыруы керек, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, 10 күн ішінде хабарлауы керек. Жоғары деңгейде тұрғын үй көмегін тағайындауға немесе заңсыз өтемақы алуға әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра жалған мәлімет берген меншік иесі (жалдаушы) бір жылғы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, ал заңсыз алған тұрғын үй жәрдемақысын заңнамамен белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемақысын көрсету туралы шешім үй иесінің (жалдаушының) арызының және қоса берілген отбасы құрамы туралы, тұрғын үй алаңының пайдалы мөлшері туралы, тұрғын үйді ұстауға коммуналдық қызметтерге ақы төлеген шығыстары және отбасының жиынтық табысы туралы мәліметтер. Отбасының жиынтық табысына, отбасы мүшелерінің тапқан табысы, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік көмектер, атаулы әлеуметтік көмектен басқа, балаларға алимент тағы басқа қарауындағы адамдарға, стипендия, затпен ақшалай ұтыс, жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы құжаттардың негізінде қабылданады.
Тармақ 11
11. Берілген құжаттарды қарағаннан кейін отбасына шарт жасалады. Шартқа жәрдемақыны есептеп, есебін кіргізеді. Шарт екі данаға құрастырылады, біреуі меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Шарт берілетін тұрғын үй жәрдемақысын негізі болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Аудандық еңбек бөлімі, әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту орган қажет болған жағдайда тиісті органдардан өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құқығын растайтын мәліметтер сұратады.
Тармақ 13
13. Жәрдемақының мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы мақсаттарға жұмсайтын ұйғарынды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 14
14. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға тұрғын үйді ұстау қызмет ақысына тұрғын үй жәрдемақысының аудандық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақының көрсету қызметі пәтерлер иелерінің және жалдаушылардың тізімдерін ресімдеп, берілген жәрдемақының сомасын көрсетіп, әр айдын қаржы органдарына өтеу үшін тізімдемелерді аудандық еңбек бөлімі әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту бөлімі береді.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысына берілген шығынды өтеу көзделген сомамен және бюджетке сәйкес қаралған тұрғын үй көмегімен жүзеге асады.