Қолданыстағы ред. 11.03.2004

Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссия құру туралы от 11.03.2004 г. № 45 (Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссия құру туралы)

0

Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 санды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссия ұсынылып отырған құрамда құрылсын (жалғанды N 1 қосымша).

2

2. Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссияның құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.

3

3. Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссия туралы Ереже бекітілсін (жалғанды N 2 қосымша).

4

4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуын бақылау жасау жүктелсін.

5. Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссияның құрамы:

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 45 қаулысына N 1 қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға
қарсы төтенше комиссияның
құрамы:
Балғайшиев Арман Байзақұлы - аудан әкімі орынбасары,
комиссия төрағасы
Жанғалиев Қанат Бақытұлы - аудан әкімі аппаратының
төтенше жағдай жөніндегі
бас маманы, комиссия
төрағасының орынбасары
Құспанова Зульфия - аудан әкімі аппаратының
Алиахметқызы бас маманы, комиссия
хатшысы
мүшелері:
Хамидуллин Бауыржан - аудандық медициналық
Амангелдіұлы бірлестігінің директоры
Үбішев Аманкелді Рашидұлы - аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Төлеуов Аманша Төлеуұлы - аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық
станция мекемесінің
бастығы
Нұрмағанбетов Берік - аудандық қаржы бөлімінің
Базарұлы меңгерушісі
Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім бөлімінің
меңгерушісі
Нұрмағанбетов Серік - аудандық аумақтық
Базарұлы басқармасының бастығы

6. Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссия құру туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 45 қаулысымен бекітілген N 2 қосымша
Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға
қарсы төтенше комиссия құру туралы
ЕРЕЖЕ

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Аудан әкімдігі жанындағы эпидемияға қарсы төтенше комиссия (әрі қарай - Комиссия) аудан әкімдігі жанынан құрылған консультациялық-кеңесші орган болып саналады.

2

2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Ережені басшылыққа алады.

3

3. Комиссия өз қызметінде аудандағы мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

4

4. Комиссия отырысының қорытындысы қаулы түрінде болады.

2. 2. Комиссияның мақсаты және міндеттері

2. Комиссияның мақсаты және міндеттері

5

5. Комиссияның мақсаты - ауданда жұқпалы аурулардың пайда болуынан және таралуынан алдын-ала сақтандыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде аудан тұрғындарына ұйымдық және практикалық көмекті ұйымдастыру болып табылады.

6

6. Аудан әкіміне аудандағы эпидемиологиялық жағдайлар туралы ақпараттар беріп отыруға тиіс.

7

7. Аудандық комиссия өз жұмысын аумақтық медициналық бірлестігімен, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық мекемесімен үйлестіре жүргізеді.

8

8. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді төмендегідей жүзеге асырады:

1

1) Ақпараттық-насихат шараларын жүргізеді;

2

2) Қазақстан Республикасы заңдарына сүйене отырып, басқалай қызметтер түрін жүргізеді.

3. 3. Комиссия жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру

3. Комиссия жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру

9

9. Комиссияны аудан әкімінің әлеуметтік салалар жөніндегі орынбасары басқарады.

10

10. Оның жеке құрамы мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.

11

11. Комиссия отырысы үш айда бір рет өткізіледі. Комиссия кезектен тыс отырысы Комиссия төрағасының жеке өзінің бастамасымен немесе барлық Комиссия мүшелерінің үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.

12

12. Комиссия отырысына барлық комиссия мүшесінің үштен екісі қатынасса құқылы болып саналады. Комиссияға қатынасқандардың көпшілігі дауыс берсе, комиссия шешімі заңды болып есептеледі. Егер дауыс тепе-тең болса, комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

13

13. Мәселелерді отырысқа әзірлеп, сараптап, талдаулар жүргізілгеннен кейін комиссия жұмысшы тобын құру мүмкін, оған комиссия мүшесінің біреуі басшылық жасайды.

14

14. Комиссия өзіне тиісті мәселелерді іске асыруда заңдылық тәртібіне сәйкесті жүргізуге құқылы.

15

15. Төраға болмағанда, оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.

16

16. Комиссия мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.

17

17. Комиссия хатшысы ұйымдастыру, комиссияның басқалай қамту жұмыстарын жүзеге асырады.

4. 4. Комиссия қызметін қамтамасыз ету

4. Комиссия қызметін қамтамасыз ету

18

18. Комиссияда қаралатын мәселелер комиссия төрағасына ұсынылады.

19

19. Комиссия төрағасы:

1

1) Комиссия отырысының күн тәртібін бекітеді;

2

2) Комиссия қызметі туралы есепті әзірлейді.

5. 5. Комиссия жұмысын тоқтату тәртібі

5. Комиссия жұмысын тоқтату тәртібі

20

20. Комиссия өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.