Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтуды іс-шаралары туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтуды іс-шаралары туралы Аудан халқының экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамтылмаған бөлігін жұмыспен қамтуды жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамту туралы” 2001 жылы 23 қаңтардағы №149 Заңын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабын басшылыққа алу шеңберінде аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмысыздарға , қоғамдық жұмыстар да істейтіндерге еңбекақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау кездеріндегі шығындарды өтеудің ұсынылып отырған тәртібі №1 қосымша бекітілсін.
Тармақ 2
2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер, оның ішінде нысаналы топқа жататындар, түрлері №2 қосымша бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан жағдайындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері, жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай төленетін еңбекақы мөлшері №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары өзіме /О.К. Батталовқа/ жүктеймін.
Басқа 5. Жұмыссыздарға, қоғамдық жұмыстарда істейтіндерге еңбекақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау кезеңдеріндегі шығындарды өтеудің тәртібі:
№1 қосымша Аудан әкімдігінің 2004 жылғы “25” наурыздағы № 52 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарға, қоғамдық жұмыстарда істейтіндерге еңбекақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау кезеңдеріндегі шығындарды өтеудің тәртібі:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті атқарушы органдар арқылы ұйымдар да уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және жергілікті бюджет қаржысынан , тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қаржысынан қаржыландырылады. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан , ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс. Еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы қазіргі заңнамаларға сәйкес аталған жұмыстар да істейтін жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері орындалатын жұмыстың санына , сапасына және күрделілігіне байланысты, бірақ еңбек ақының белгіленген ең аз мөлшерінен кем емес көлемде белгіленеді. Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жалдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы «Еңбек туралы» Заңына сәйкес екі жақты келісім - шарт жасалады және соның негізінде бұйрық береді немесе өкім шығарып жұмысқа алады. Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздармен жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші оған жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлейді;
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігн арттыруға бағытталған шара болып табылады. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға , біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлу жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілді органдардың жолдамасы бойынша жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау құнына , тікелей оқуға байланысты шығындардан басқасы , тұру, тамақтану, дәрігерлік тексеруден өту және ауданнан тысқары жерге оқу үшін бару жолақысы шығындары қосылады. Жұмыссыздардың кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау кезіндегі шығындарын өтеу, ай өткеннен кейін төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақша 1
1) тұрғаны үшін облыстық білім басқармасы белгілеген облыстық білім беру жүйесі кәсіптік - техникалық мектептердің, лицейлерінің, колледждерінің жатақханаларында тұрғанына арналып, орташа базалар есебінен белгіленеді,
Тармақша 2
2) дәрігерлік куәландыруға облыстық денсаулық сақтау басқармасы белгілеген оқу орындарына түсушілер үшін (086 үлгі) дәрігерлік тексеруден өтуге арналған облыстық кеңес беру - диагностикалық емханаларындағы бағалар белгіленеді,
Тармақша 3
3) тамақтануға аумақтық статистика органы белгілеген облыс тұрғындарының жан басына шаққандағы тұтыну корзинасындағы тамақ өнімдері шығындарына арналған нақты кезеңде қалыптасқан есептен белгіленеді,
Тармақша 4
4) оқитын жеріне бару жолақысы қалалық қала маңына және жергілікті қатынастағы (таксиден басқасы) қоғамдық көліктің барлық түріне арналған жол жүру құжаттары негізінде төленеді.
Басқа 12. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер: оның ішінде нысаналы топқа жататындар түрлері.
№2 қосымша Аудан әкімдігінің 2004 жылғы “25” наурыздағы №52 қаулысымен бекітілген Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер: оның ішінде нысаналы топқа жататындар түрлері. Табысы аз адамдар; 21 жасқа дейінгі жастар; Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата - ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті , көп балалы ата - аналар ; Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); Мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; Оралмандар жатады.
Басқа 13. Аудан жағдайындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері, жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай төленетін еңбек ақы мөлшері
№3 қосымша Аудан әкімдігінің 2004 жылғы “25” қаңтардағы №52 Қаулысымен бекітілген Аудан жағдайындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері, жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай төленетін еңбек ақы мөлшері № Аймақтық ұйымдардың тізбелері Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақылы мөлшері Қаржыландыру көзі 1 Ақсуат 1.Ауыл, село тазалығы, күл - қоқысын , көшелерді тазалау, елді мекендерге ағаш, гүл отырғызу, көгалдандыру, көшелерді, арықтарды тазарту, барысындағы жұмыстар. Өзге де жерді пайдалану жұмыстары.(шөп шабу, мия қазу) Құрылыс саласындағы жұмыстар, жол жөндеу, су жүйелерін қалпына келтіру, құрылыс материальдары (тас соғу, қамыс шабу) белгілі бір объектілер салу. Кәсіпорындар мен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге қатысу. Тарихи ескерткіштер мен табиғатты қорғау барысындағы жұмыстар. Аудан, ауыл көлеміндегі көпшілік мәдени жұмыстарға, спорттық шараларға қатысу. Республика көлемінде өтетін санақтарға қатысу, жәрдемдесу 6600 теңге Жергілікті бюджет 2 Ақжол 3 Алғабас 4 Алмалы 6600-8000 т Жергілікті бюджет 5 Бударин 6 Базартөбе 6600-12000 т Жергілікті бюджет 7 Базаршолан 8 Есенсай 6600-12000 т Жергілікті бюджет 9 Жайық 10 Жамбыл 6600 - 7000 т Жергілікті бюджет 11 Жаңабұлақ 12 Қабыршақты 6600 т Жергілікті бюджет 13 Қарауылтөбе 14 Құрайлысай 6600 т Жергілікті бюджет 15 Мерген 16 Сарытоғай 17 Тайпақ 18 Чапай