Об определении размера и правил оказания жилищной помощи в городе Костанае Қолданыста
Басқа 0
Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы
Мәслихаттың
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 80 шешімінің
1-қосымшасы
Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағида) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.
Тармақ 5
5. «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
«Тұрғый үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 14. Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Мәслихаттың
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 80 шешімінің
2-қосымшасы
Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қостанай қалалық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Қостанай қалалық мәслихатының «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 397 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6136 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қостанай қалалық мәслихатының «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 3 маусымдағы № 42 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6511 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Қостанай қалалық мәслихатының «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 104 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6828 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. Қостанай қалалық мәслихатының «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 12 қазандағы № 292 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8112 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. Қостанай қалалық мәслихатының «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 31 наурыздағы № 465 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9111 болып тіркелген).
Тармақ 7
7. Қостанай қалалық мәслихатының «Мәслихаттың «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 1 қарашадағы № 63 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25143 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. Қостанай қалалық мәслихатының «Мәслихаттың «Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 14 маусымдағы № 35 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10031 болып тіркелген).
Тармақ 9
9. Қостанай қалалық мәслихатының «Мәслихаттың «Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 2 қарашадағы № 62 шешімі (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10073 болып тіркелген).