Об утверждении уставов Вооруженных Сил Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.07.2007 № 364 Жарлығымен. "Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 8, 202-құжат) 12-бабына сәйкес Қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ішкі қызметінің жарғысы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауыл қызметтерінің жарғысы;
Тармақша 3
3)Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саптық жарғысы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының әскерлері мен әскери құралымдарының күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларын басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.