Әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасыларына атаулы әлеуметтік қайрымдылық көмектер көрсету туралы Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасыларына атаулы әлеуметтік қайрымдылық көмектер көрсету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 31 бабының 14 тармақшасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына атаулы және әлеуметтік қайырымдылық көмектерді көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасыларына атаулы әлеуметтік қайырымдылық көмек көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі, № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Материалдық жағдайлары дәрменсіз, мұқтаж адамдарға,Жеңіс күніне байланысты соғыс ардагерлеріне бір жолға атаулы әлеуметтік қайырымдылық көмектің жоғарғы деңгейі 20 мың теңгеге дейін көзделсін.
Тармақ 3
3. Аудандық комиссияның құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі Ғ. Тілебәлиевке, аудандық қаржы бөлімі Ә. Мәжитовке атаулы қайырымдылық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға тапсырылсын.
Басқа 6. Әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасыларына, атаулы
әлеуметтік, қайырымдылық көмек көрсетуді жүзеге асырудың
тәртібі
№ 1 қосымша
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы «25» наурыздағы
№ 53 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасыларына, атаулы
әлеуметтік, қайырымдылық көмек көрсетуді жүзеге асырудың
тәртібі
Тармақ 1
1. Ауылдық әкімшілік жанынан құрылған, әлеуметтік комиссиялар аз қамтылған отбасыларға, азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету төмендегіше ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ауылдық комиссия азаматтардың әлеуметтік көмек сұраған арыздарын қабылдайды және өз отырысында қарайды; Көмек сұраған отбасының әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын және өзін- өзі қамтамасыз ету деңгейін тексереді. Содан кейін нақтылы қандай көмек беру керек екендігін анықтайды; Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе кейінге қалдыру туралы хаттама қабылдайды, ал көмек көрсететін болса, аудандық комиссияға ұсыныс түсіреді; Жанжал және талас туындаса, оларды шешу жағын қарастырады.
Тармақ 3
3. Аудандық комиссия ауылдық комиссияның азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынысын қарап, қажет деп тапса, әлеуметтік көмектің кесімді шегі және мөлшерін анықтайды. әлеуметтік көмекті көрсету үшін отбасының жиынтық табысы, малы, қосалқы шаруашылығы тағы басқа табыстары негізге алынады.
Тармақ 4
4. Жергілікті жерде аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету шараларын ауыл әкімдері және комиссиялар іске асырады.
Әлеуметтік көмек сұрап берген арыз жергілікті жердегі атқарушы ұйымның комиссиясына түсіріледі. Арызға отбасы құрамы және табысы туралы анықтама қосылып, отбасын зерттеу қорытындысы тіркеледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек аудандық комиссияның шешімі бойынша төмендегідей бағытта берілуі мүмкін; ақшалай көмек ретінде / мемлекет тарапынан тағайындалған зейнетақыға, жәрдемақыға, шәкіртақыға, өтемақыға қоса, белгілі бір мақсатқа арналған жәрдемақы ретінде, нақты отбасының қажетіне бағытталған (киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын) тұрмыстық қызмет көрсету ретінде төленуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Жергілікті бюджеттен төленуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері төмендегі мөлшерде берілуі мүмкін: материалдық жағдайлары дәрменсіз, мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында 20 мың теңгеге дейін атаулы көмек көрсетілу көзделсін.
Тармақ 7
7. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек мүмкіндігіне қарай, жергілікті бюджеттен көрсетіледі. Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмекті азаматтарға төлеу халықтық банктің аудандық филиалы арқылы ұйымдастырылады. Ауданда әлеуметтік көмектің есебін жүргізу және бақылау, төлеу тәртібін ұйымдастыру, көрсетілген әлеуметтік көмектің мәліметін беріп отыру аудандық қаржы бөліміне, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсырылсын.
Басқа 14. Аудандық комиссияның құрамы:
№ 2 қосымша
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы «25» наурыздағы
№ 53 қаулысымен бекітілген
Аудандық комиссияның құрамы:
1. Жұматова Мензипа Дүйсенбайқызы - аудан әкімінің
орынбасары,
комиссия төрайымы
2. Тлебалиев Ғибатолла Тлебалыұлы - аудандық еңбек,
жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік
қорғау бөлімінің
меңгерушісі,
төрайымының
орынбасары
Комиссия мүшелері:
3. Мәжитов Әнжан Хамитұлы - аудандық қаржы
бөлімінің меңгерушісі
4. Қоспаев Хасен Жақауұлы - аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы
(келісім бойынша)
5. Сарсенов Мұрат - аудандық мүгедектер
қоғамының төрағасы
(келісім бойынша)
6. Утепбаев Асқар Карлұлы - аудандық денсаулық
сақтау бөлімінің
меңгерушісі